Инклюзив практиканы дамыту
437
Бұл тарау білім берудегі теңсіздіктер туралы кейбір қолайсыз фак
-
тілерді атап көрсетті. Тұрмысы төмен отбасында туған балалар жағда
-
йы жақсы отбасыдан шыққан балалар секілді жетістіктерге жете бер
-
мейді (Goodman and Gregg, 2010). Сыған, кезбе және Кариб елінің қара
нәсілді оқушылары сияқты белгілі бір топқа жататын оқушылар оқуда
көп жылға артта қалып қойған (DCSF, 2008; OFSTED, 2011). Өте көп оқу
-
шыларды SEN санатына жатады деп қате енгізіп жіберген. Мәселен, мұ
-
ғалімнің үлгерімі нашар деп таныған оқушылары да осы тізімге енген.
(OFSTED, 2010). Осы үш жағдайдың қай қайсысында да оқыту сапасын
күшейту өзгеріс әкеледі. Ең танымал Мектепке дейінгі және орта білім
(Effective Pre-School, Primary and Secondary Education – EPPSE) 3–16 жо
-
басы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушылар ештеңеге қарамас
-
тан қалай жақсы оқып жүр деген сұрақты қарастырды. Зерттеушілер
бұған ата-ана мен мұғалімнің біріккен жұмысының және отбасы, дос
-
тары мен оқушылардың өз нетворкингі нәтижесінде жетіп отырғанын
анықтаған. Сабақта оқушының түсінбеген тақырыбын анықтап түсін
-
діріп берген мұғалім, ең жақсы мұғалім болып саналды. Зерттеу артта
қалған аудандардағы мектептерге үздік мұғалімдерді жұмысқа тарту
-
дың маңыздылығын атап көрсетті (DfE, 2010).
Teach First
сияқты жо
-
балар осы мақсаттарға бағытталған және сол мұғалімдердің оң өзгеріс
жасап жатқанына бірнеше дәлелдер бар (OFSTED, 2008c).
Мектепке дейінгі және орта білім (EPPSE) жобасы да оқушылар
-
дың өзіне деген сенімі мен өз орын таба білуін көрсетеді. Олар пробле
-
мамен бетпе-бет келгенде айналасынан көмек сұрап немесе кітап пен
компьютердің көмегімен қайтпай күреседі. Ажырасу, жақынын жоғалту
немесе ауыр науқасқа ұшырау сияқты өмірдің қиын сәттерімен күрес
-
кенде, олар төзімділік танытып, мектепке ден қойып, сабағына мән бе
-
реді. Осыған ұқсас нәтижелер Америкада анықталған. Журналист
How
Children Succeed
«Балалар қалай жетістікке жетеді» бестселлер кітабы
-
ның авторы Пол Таф (2013) олар жетістікке табандылық, қажыр-қай
-
ратының және ата-ана, әлеуметтік қызметкер, қамқоршы мұғалім мен
басқа да адамдардың қамқорлығы арқасында жетеді деп қорытынды
-
лайды. Мұның көбі рас, ақылға қонымды. Оқушылар өздері оқуға ты
-
рысса, жайлы отбасынан қолдау тауып отырса және сапалы мұғалімнен
сабақ алса, олар мектепте жақсы оқитын болады.
Достарыңызбен бөлісу: