жеделдетілген оқу
бағдарламасына ілесіп оқи
ала ма, олар жоғары сыныпқа аттап оқыған кезде немесе әлеуметтік
және эмоциялық негіздерге байланысты өз қатарластарымен бірге қа
-
луы керек пе?» деген даулы сұрақтар бар. Зерттеу дарынды балалар өзі
-
нен жасы үлкен балалармен араласуды қалайтынын, ал өз қатарласта
-
рымен бірге жүрсе, іші пысып, қатты жалығатынын көрсеткен (Woolfolk
et al.,
2008: 177).
Жаңадан келген оқушылар
Біріккен Корольдіктің иммиграция тарихы тереңде жатыр. 2013
жылдың күзінде археологтар Кент аймағынан қазып алынған Қола
дәуірінің 6–55 жас аралығындағы 25 адамның сүйегіне зертеу жүргі
-
зіп, нәтижесін баяндады. Ішкен ауыз судан алынатын изотоптарға қа
-
рап, ол адамның тіс эмалі қалыптасып жатқан кезде айда өмір сүргенін
анықтауға болады. Олардың тоғызы жергілікті халықтан болса, сегізі
Норвегия немесе Швециядан, ал бесеуі Испаниядан, әлде Солтүстік
Африкадан келген (Philipson, 2013). Заманауи Лондон алуан түрлі мәде
-
ниет шоғырланған қала болып саналады, тұрғындарының 37 пайызын
этникалық топ өкілдері құрайды. Лондонда, әсіресе Тауэр Хамлет, Брент
және Ньюхам аудандарында этникалық топ өкілдері көп тұрады, әсіре
-
се пәкістандықтар мен бангладештіктер жиі кездеседі (Lydall, 2004).
2004 жылдан бастап Еуропалық Одаққа жаңадан кірген мемлекет
-
терден Біріккен Корольдікке келіп жатқан оқушылар санының артуы
-
на байланысты мектептердің оқушы ауысымына көптеген өзгеріс енгі
-
зуіне тура келді. Бұл кейбір аймақтардағы жергілікті билікпен жұмыс
Инклюзив практиканы дамыту
434
істейтін мектептерде әлеуметтік және тілдік қажеттіліктерді орындау
сияқты елеулі қиындықтар туындатты. Мысалы, Уэльсте ESOL (өзге
тілді оқушыларға арналған ағылшын) оқытуды талап ету мүмкін
-
діктерден тыс, ол баршаға бірдей мүмкіндіктер мәселесін тудырады
(Estyn, 2008). Оқу бағдарламарындағы тілдерді дамыту жөніндегі ұлт
-
тық ассоциация (NALDIC) уеб-сайтындағы мәліметке сәйкес, 1997 жыл
-
дан бері мектептерде ағылшын қосымша тіл ретіндегі пәнді (English as
an Additional Language) оқитын оқушылардың үлесі 50 пайызға артса да,
оны оқытатын мектептердегі маман мұғалімдердің саны арта қоймаған.
Жалпы алғанда, оқушы ауысымының жоғары көрсеткіші мектептің те
-
гін тамағына мұқтаж оқушыларының саны өте көп экономикалық және
әлеуметтік артта қалған аймақтардағы мектептерде байқалып отыр
(Dobson and Henthorne, 2000). Мұғалімдер де мектепке жыл бойына бас
-
қа мектептерден ауысып келіп жатқан оқушылардың қажетін орындап,
талабына сай жұмыс істеу қиындықтарымен күресіп келеді.
Алайда осы қиындықтарға қарамастан, жаңадан келген оқушылар
-
мен жұмыс істеуде мұғалімдерге көп қолдау көрсетіліп отыр. Жергілікті
биліктің мамандар тобы өте көп жұмыс атқарып келеді. Бұл топта бі
-
лім беруде ерекше қажеттілігі бар және этникалық азшылық топтары
-
ның жұмысы бойынша кеңесшілер, қостілді мұғалімдердің көмекшілері
және оқыту менторлары бар. Білім және ғылым департаменті (2004b)
сарапшының көмегі жетпеген мұғалімдерге мынадай стратегиялармен
жұмыс істеуді ұсынады: визуалды және дыбыстық белгілерді пайда
-
лану, рөлдік ойындар, оқушыларға кітаптар мен құралдарды таратып
беру сияқты күнделікті тапсырмаларға жұмылдыру, мүмкін болған
жердің бәріне естуге мүмкіндік жасау, оқу бағдарламасын жаңадан кел
-
ген оқушының тілі мен мәдениетіне байланыстырып дайындау. Үздік
мұғалім сабақ жоспарын жаңадан келген оқушылардың танымына жа
-
қын етіп жасай біледі, мәселен, үй-жай, дүкен, тағам мен сусын және
музыка түрлерін немесе дінтану сабағынан бөлек сыйыну орындарын
мысалға келтіреді. Бұлар өз алдына оқушының сезіміне әсер ететін ма
-
ғыналы тақырыптар. Олар жаңадан келген оқушылар өздерінің туған
отанын немесе қоныстанған елін білетінін ескермейді. Кейбір оқушы
-
лар өзі жақсы білетін басқа мемлекет туралы «сарапшы» болып айтып
беруге қуана келіссе, кейбір оқушылар бұрынғы қиын күндерді (мы
-
салы босқын ретіндегі) еске алуға қиналып және тағы басқа себеппен
одан бас тартуы мүмкін. Мұғалімдер міндеттерін келісе отырып, тілдік
қолдау көрсетуші мұғалім сияқты қосымша ересектермен сабақ жос
-
парын бірлесе құруы қажет. Мысалы, олар бірге жұп құрып сабақ өтуі
мүмкін немесе белгілі бір оқушымен немесе бір топ оқушымен жұмыс
істеу сияқты.
Инклюзив практиканы дамыту
435
Достарыңызбен бөлісу: |