Қамқорлыққа алынған балалар Қамқорлыққа алынған балаларға өз қатарластарымен бірдей дең
-
гейде оқу мен кітап алуды ұсынатын сәтті шыққан бірнеше жобалар
бар. Кітапты аз оқитын балалар мен жастардың кітапқұмарлығын ашу
-
ға, ынталандыруға бағыттайтын Шотландия үкіметі қаржыландырған
2004–2007 жылдардағы
Reading Rich жобасы мен Ұлттық сауаттылық
орталығының
Жас оқырмандар бағдарламасы соған жатады. «Балалар
үйі: Ұлттық минимум стандарттар/Ұлттық қамқорлық стандарттары»
(DfE, 2011) секілді мемлекеттік саясат балалардың талабы қамқорлық
-
тың басты мәселесі болуы тиіс деп, мұны нақтылай түсті. Қамқорлық
-
тағы балалардың оқу мен үйрену талабына әсер етуі мүмкін атүсті қа
-
рау мен тұрақсыздық маңызды мәселе болып тұр. Дегенмен олардың
оқу үлгеріміне қандай қолдау қажеттілігі туралы өздерінің ұсыныста
-
ры мен пікірлері өздеріне керек кітапты таңдау мен сатып алуға мүм
-
кіндік береді (Poulton, 2012).
Reading Rich жобасы көрсеткендей, жазу
-
шылармен кездесу ұйымдастыру қамқорлықтағы балалардың кітап
оқуына көп мотивация берген басты фактор болды (Finn, 2008). Жалпы
алғанда, зерттеушілер қамқорлықтағы балаларға тиімді болып, өз-өзін
жақсы ақтаған стратегия барлық оқушылар үшін де тиімді болады деп
мәлімдейді: жылдам оқуды қалыптастыру, оқуды бағалау, оқушылар
-
дан жауап беруді сұрайтын жиі қойылатын сұрақтарды пайдалану, ме
-
такогнитивті дағдыларды дамытуға жұмыс істеу және ынтымақтасып
бірге оқуды қалыптастыру (Sharples
et al., 2011).