Инклюзив практиканы дамыту
422
таптың балаларының оқу үлгерімі неге төмен, оған қарсы не істелуі қа
-
жет деген сұрақтарды қарастырудан алшақ кетті. Үздік мектептер әр
-
түрлі
болғанымен, оларға мына сипаттар ортақ:
y
білікті менеджмент топтың қолдауындағы директордың мықты, мо
-
тивациялы жетекшілігі;
y
ата-аналардың мектепке құрметі мен сенімін арттыратын қоғамдас
-
тық қолдау және ата-аналармен тығыз баи�ланыс;
y
ізденіс жолында тұрақты және үнемі жүргізілген тыңғылықты, то
-
лыққанды
емтихан көрсеткіштері;
y
бағалауды меңгере отырып, жоғары сапада оқыту мен үи�рету;
y
оқушының өз мәдениетінің ерекшеліктерімен баи�ланысты және
оқушылардың өзін бағалауы мен шынаи�ылық көзқарастарын еске
-
ретін ауқымды оқу бағдарламасы;
y
оқушылардың қажеттілігін түсінетін және үлгі бола алатын этника
-
лық аз топтан шыққан мұғалімдер
мен мектеп қызметкерлері;
y
нәсілшілдікке ашық қарсы тұру және мүмкіндіктерді тең ұстауды
мықтап қолға алу.
(Demie and Lewis, 2010: 8)
Біріккен Корольдікте әлеуметтік таптар
білім берудегі жетістік
-
тердің бірден-бір негізі, анықтаушысы болып отырғанын кең тараған
саяси көзқарастар да растайды. Қысқаша айтқанда, ата-ананың табы
-
сы, жұмысы және білігі сияқты факторлар баланың мектептегі табы
-
сына, үлгеріміне үлкен әсер етеді. Қиыны сол, материалдық жағынан
аз қамтылған оқушылар мен материалдық жағдайы жақсы оқушы
-
лардың арасындағы алшақтықты жақындату әрекеті жалпы алғанда
сәтсіз, нәтижесіз болды. Білім министрі Майкл Гоувтің Парламенттің
білім комитетінде тікелей айта салғанындай: «бай, толық балалар»
«кедей, ақылды»
балалардан гөрі жақсы оқиды, тіпті әлі мектепке
бармаса да» (Shepherd, 2010). Артта қалған топтардың білім алуында
алға даму байқалмай келеді, мысалы, ақ нәсілді жұмысшы тап балала
-
ры. Перри мен Франсис (2010) сабақ үлгерімі жақсы балаларды іріктеп
алудан гөрі, жұмысшы таптан шыққан балалар мен жасөспірімдердің
топ ретінде не беретінін барынша бағалауға шақырады. Соңғы жүргі
-
зіліп отырған басты саясат жұмысшы тап отбасы мен балалардың ара
-
сында ұмтылыс пен талпынысты оятуға басымдық беріп отыр. Бірақ
кейбір сыншылар бұл саясат қажырлы еңбек пен ұштасқан талант,
әлеуметтік және экономикалық табыстарға жетелейді деп, өз күшіне
сенетін оқушыларға кері әсер етеді деп уәж айтады (Perry and Francis,
2010). Коалиция үкіметі әлеуметтік әділет
орнату жұмысы бойынша
Оқушы премиясы (Pupil Premium) саясатын енгізді (Higgins
et al.,
2013).
Инклюзив практиканы дамыту
423
Қосымша қаржы әлеуметтік аз қамтылған оқушылар мен олардың қа
-
тарластары арасындағы әлеуметтік алшақтықты жақындату мақса
-
тында мектептерге бөлінеді (2014–2015
жылы бастауыш мектептегі
оқушыға £1300 және бала қарап отырған, асырап алған, қамқорлыққа
алынған балаларға £1900).
Достарыңызбен бөлісу: