Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет364/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Маман емес мұғалімге қолдау
Ерекше білім беру мәселесі – эмоциялық және кешенді тақырып. 
Жұмысқа жаңадан кірісіп жатқан мамандар мамандығына сай соңғы 
жылдары жарияланған жоғары сапалы материалдардың біршамасын 
оқып, танысып, білімі мен танымын арттырып алуға уақыт бөлгені аса 
маңызды. Иинклюзивті білім беру тақырыбы баспалар үшін жаңа үлкен 
нарық жасады, олар көп пайдалы кіріспе кітаптар шығарды (Tilstone 
and Layton, 2004; Mitchell, 2008; Briggs, 2012; Wearmouth, 2012). Вествуд 
(2013) этникалық топтан тұратын сыныптардың оқыту қиындықта
-
рын қарастырса, Фаррел (2012) түрлі мүгедектік пен ауруға қатысты 
кешенді зерттеудің жетік практикасын қарастырады. SEN кешенді мә
-
селелері Клайн and Фредериксонның (2009) 650 беттік еңбегінде жақ
-
сы жазылған. Авторлар кіріктірілген әдіс пен белгілі бір пәнаралық жұ
-
мыстар білім беруді тиімді етуде қаншалықты маңызды екенін көрсе
-
теді. Сонымен қатар 
SEN
журналы және 
Британиялық ерекше білім беру 
журналы
сияқты мерзімді басылымдар да бар. 
Стажерлар Development Agency’s (TDA), SEN toolkit (Цифрлық білім 
беру қорының архивінде қолжетімді: www.dera.ioe.ac.uk/13765) сияқты 
арнайы онлайн нұсқаулықтардан, Писи мен Вермут жасаған нұсқаулық
-
тан және бағалау, оқыту және жоспарлау мәселелерін қамтитын толық
-
қанды модульдерден көп ақпарат алады. 
Пайдалы нұсқаулықтар қатарына баршаға бірдей білім беру (Estyn, 
2005) мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін салалық инспекциялық 
мекемелер мен Дислексия қауымдастығы, Мемлекеттік аутизм қоға
-
мы және Туретт синдромы (Біріккен Корольдік) қауымдастығы сияқты 
ұйымдар беретін ресурстар жатады. 100 баланың бірінде Туретт синд
-
ромы бар деп есептеледі, ол көп қайталанатын жүйке жүйесінің тітірке
-
нуі немесе спектрлі жүйке жүйесінің тітіркенуі деп аталады. Білім беру
-
де ерекше қажеттілігі бар балалардың ішінде оның үлесі жоғары , тіпті 
25 пайызға жетеді (Ball and Box, 2008). Еріксіз көзін қыса беру, сөздерді 
қайталау (жаман сөздерді қосып), басын шайқау, аунай беру және бас
-
қа адамдардың жыныс мүшесіне қол тигізу ауытқушылыққа жатады. 
Баланың келісімімен оның бойында Туретт синдромы барын бүкіл сы
-
ныпқа хабардар ету арқылы немесе ол баланы есікке жақын орындық
-
қа отырғызу арқылы оны қорқытудың алдын алу мүмкін болады. Яғни 
бала сыныптастарына байқалмай отырады және қажет болған жағдай
-
да сыныптан жәй ғана шығып кете алатын болады. 
Осыған қатысты ерекше және инклюзив білім беруге арналған 
тағы бірнеше үздік интернет ресурстарда материалдар бар (осы тарау
-
дың соңындағы сайттар тізімін қараңыз). SEN Мемлекеттік қауымдас
-
тығының (NASEN) кейбір ресурстары мен үкіметтік материалдарды


Инклюзив практиканы дамыту 
436
қарауға да кеңес беріледі. Заманауи нұсқаулықтармен таныс болып 
отыру маңызды саналса да, ескі материалдардан алатын пайдалы мә
-
ліметтер өте көп. Мәселен, Ұлттық архивте логопедия, тіл және байла
-
ныс қажеттіліктері, дислексия мен аутизм тақырыптарына арналған 
тренинг материалдарымен қамтылған 
Инклюзияны дамыту туралы
үкіметтің ресми бағдарламасы бар. 
Географиялық қауымдастық секілді ұйымдардың сайттарында 
пәндік нақты нұсқаулықтарды табуға болады. Мұнда «SEN дифферен
-
циацияға жата ма, әлде 
инклюзивті
оқыту дегенді білдіре ме?» деген 
сұрақтарға «сараптамалық мақалалар» ұсынылады (www.geography.
org.uk). Математика қауымдастығы инклюзивті математиканы оқыту
-
да 3–18 жас аралығындағы (www.m-a.org.uk) балаларға арналған тең
-
деулерді жариялайды. Роббинс (2000) математика сабағын қарқынды, 
жаңашыл (ноу-хау) етіп, зерттеулерді ескеріп және барлық оқушыларға 
күрделі болуымен ерекшелеп өткізетін «жоғары сапалы» сыныптарға 
мән береді. Соңғы пайым өте маңызды, өйткені ол тек үлгерімі жоғары 
оқушылар барынша қатысады дегенге саяды. «Жоғары сапалы сынып
-
тағы оқу қиындықтары бар оқушыдан төмен нәтижелер күтілмейді» 
(Robbins, 2000: 78). 
Үздік мұғалім барлық оқушылар дұрыс қабылдайтындай инклю
-
зивті сыныпты жасай біледі. Мектеп оқушыларының қажеттіліктері 
алуан түрлі және оларды орындау өте қиын. Оған ерте бастан арала
-
сып, анықтау мен қолдау көрсету үшін ұжымдық жұмыс жүргізу керек. 
Оқушылардың әрқайсысын жеке танып, олардың отбасын, тілі мен мә
-
дениетін және талпынысын білу мен тиісінше жіктеу, уақыт пен біраз 
жұмысты талап етеді. Үздік маман мұғалімдер мұндай жұмыстарға мек
-
теп өмірін байытатын ресурс ретінде қарайды. Олар айыптауға, мәдени 
стереотипке, әлеуметтік әділетсіздікке және теңсіздікке бей-жай қарай 
алмайды, олар «істей аламын» деген талпынысымен барлық оқушы
-
лардың жақсы оқуына жол іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет