Инклюзив
практиканы дамыту
430
балалар әдетте орташадан жоғары қабілетке ие, олар креативті болады
және мақсат қоя біледі дейді. Кейбір дарынды балалардың білім беруде
ерекше қажеттілігі бар болуы мүмкін екенін үнемі есте ұстау маңызды
және осы тұста үкімет бұған әрі қарай зерттеу жүргізе беретін болады
(DfES, 2004a). Сонымен қатар айрықша қабілеттің өзіндік пәндік сипа
-
ты да болады. Мысалы, кейбір балалар шығармашылықпен, бай сөздік
қорын пайдаланумен және терең ойлы түсінігімен тіл үйренуге бейім
-
дігін көрсетіп жатады. Жаратылыстану пәндерін оқуда оқушылар заң
-
дылықтарды тез байқап немесе оқу кезінде инновациялық тәжірибесін
көрсетуі мүмкін. Дарынды математик математикалық символдарды се
-
німді пайдаланып, логикалық ұтқыр және есепті түрлендіруге қабілетті
келеді (Haylock, 2004).
Қабілетті оқушыны тануға және анықтауға арналған жалпы педа
-
гогикалық стратегиялар бар. Оларға мұғалімнің таңдауы, қатарлас оқу
-
шылардың ұсынысы, тест нәтижелері, скрининг, ата-анасының анық
-
тауы, балалардың талқылауы және қауымдастық мүшелерінің пікірі
жатады. Смит (2007: 15–17) дарынды және талантты балаларды анық
-
таудың пайдалы, бірақ түпкілікті емес тізімін жасауды ұсынады:
сөздік қоры баи�;
көп сұрақ қояды;
есте сақтау қабілеті өте жақсы;
ұзақ уақыт бои�ы жұмыс
істеуге төзімді әрі мұқият;
жан-жақты білімді;
мәселені шешуге талпынатын;
эмоциясы мен сезімдеріне берік;
ерекше және нақты ои�лаи� біледі;
ерекше әзіл-қалжыңы бар;
жоғары стандарттар қояды және префекционист.
Дегенмен дарын мен талантты анықтау оңай емес. Солтүстік Ирлан
-
дияның оқу бағдарламасы, емтихан және бағалау кеңесі (CCEA, 2006: 6),
дарынды және талантты балаларға жүргізген үздік ғылыми шолуында:
«Жоғары қабілетті баланың әдеттегі бейнесі – ол сабақты ынтасы
-
мен оқитын еңбекқор оқушы және сыныпта оны «оқымысты» немесе
«ботаник» деп атауы да мүмкін» деп жазылған. Шындығында, дарын
-
ды немесе талантты баланың нағыз бейнесі бұдан да кең, ауқымдырақ.
Дарынды, алдыңғы қатарлы оқушылардың қатарына дарыны мен та
-
ланты бола тұра қызығушылығы болмаған, жалығудан немесе перфек
-
ционизмнің жоғалуынан оқу үлгерімі нашар; ойынды күрделі ереже
-
мен ойнауға когнитивті қабілетті, бірақ әлі де қатарластары ойынды
Инклюзив практиканы дамыту
431
түсінбеген кезде, ренішін жасыруға әлеуметтік тұрғыдан жетілмеген;
білімді өз ана тілінде ала алмаған соң, дарындылығы көрінбей жүрген
балалар немесе мүмкіндігі шектеулі балалар да жатады.
Жалпы, дарынды балалар өз қатарластарына қарағанда, ақпаратты
тез меңгеріп, білімін керемет көрсете біледі. Олар өздерін тек емтихан
нәтижелерімен ғана дәлелдемейді. Мысалы,
дарынды және талант
-
ты балалар жетекшілік қасиеті, жоғары деңгейдегі практикалық дағ
-
дысы және тез ойлану қабілетімен де ерекшеленеді. Кейбір дарынды
оқушылар жалығу, мұғалімнің үміт артпауы, мотивацияның жетіспеуі,
оқушылардың оны сыйламауы немесе оқудағы қиындықтардың әлеуе
-
тін көрсетуге лайық болмауы сынды түрлі факторлардың салдарынан
оқу үлгерімі нашар болып жатады. Уест (1991) мектепте «үлгерімі на
-
шар» болған кейбір танымал ойшылдардың, атап айтқанда, Эйнштейн,
Эдисон, Черчилдің өміріне шолу жасайды. Ол визуалды талант пен вер
-
балды қиындық арасында байланыс барын анықтаған және сабақ тіз
-
бектеліп (арнайы бір тәртіппен бірінен соң бірі жалғасып) өтетін әдет
-
тегі сыныпта визуалды талантты бала кейбір қиындықтарға тап болуы
мүмкін деген пікірде.
Дарынды балалар қауымдастығының бұрынғы директоры Стефан
Томмистің айтуынша:
«Дарынды балалар көмекті қажет етпейді,
олар бәрібір суыры
-
лып шығады» деген түсінік бар. Алайда бұлай ойлау бала мен ата-
ана дарындылығына қатысты мәселелерді дұрыс түсінбеуді білдіре
-
ді. 7 жастағы дарынды бала 12 жастағы баланың ақыл-ойымен бірдей
болуы мүмкін, бірақ оның әлеуметтік және эмоциялық дамуы әлі де
жеті жастағыдай болады.
Дарынды және талантты оқушыларды анықтап, оларға сай жұмыс
жүргізу үшін не істеу керек? Ли-Корбин және Дениколо (1998) ондай
балалар мен мұғалім арасындағы өзара байланыстың сапалы болуы ең
маңызды мәселе екенін айтады. Смит (2005) дарынды және талантты
оқушыларға сабақ бергенде, мұғалімдерге ұтқыр сұрақтармен сабақ
-
ты шебер өткізудің маңыздылығын айтады. Үздік мұғалімдер ашық
сұрақтарды, әсіресе төмендегідей «қалай» және «неге» сұрақтарын
қою арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін тексереді:
Мұны істеу үшін қандаи� жоспарың бар?
Неге бұлаи� бастаи�мын деп шештің?
Оны қалаи� анықтадың?
Қалаи� сенімді бола аласың?
Инклюзив практиканы дамыту
432
Мына жауаптар неге әртүрлі?
Оны қандаи� әдіспен...?
Гершон (2013) дарынды
оқушылармен жұмыс істегенде, ежелгі
грек философы Сократтың сауал қою тәжірибесіне сүйенеді. Ол мұғалім
оқушының ойлауын, тұжырымын тексеру үшін түрлі рөлдерге еніп сұ
-
рақ қоя білуі керек деген ойда:
Бөгелек
– үлкен жануардың мазасын алатын бөгелек рөліне кі
-
ріп, мұғалімдер көптеген түрлі қысқа сұрақтармен оқушылардың
ойлануын тексереді. Мысалы, «Мұнымен не айтқыңыз келді?», «Ал
былай болса ше...?», «Мынау әрдайым дұрыс бола ма?», «Мынау рас
екеніне қалай сенесіз?».
Достарыңызбен бөлісу: