10.4-ҚОСЫМША. ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ СЫН САҒАТ Джулия сегіз жаста, ол Аспергер синдромымен ауырады. Мектепте оған мұға-
лім көмекшісі (TA) қолдау көрсетеді. Оны сыныптағылардың көпшілігі жақсы
көреді. Джулия қатарластарының кейбір қылықтарына ренжіп қалады. Сынып
жетекшісі оны сабаққа қалай барынша араластыра алады?
Мүмкіндігі шектеулі балалар Жалпы ашығын айтқанда, өмірдің соңына қарай адамдардың жар
-
тысына жуығының мүмкіндігі шектеулі болып қалады (www.scope.
org.uk). Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістікке
ұмтылысын көрсететін елеулі өзгерістер болып жатыр, мысалға, кең
ауқымды аталып өткен және көрермені көп болған Паралимпиада
2012 ойындарын айтуға болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың
дискриминациясы туралы заң жұмыс берушілерден (мектепті қоса ал
-
ғанда) мүгедек адамдар әріптестерімен қатар тиімді, өнімді жұмыс іс
-
тей алатындай «қажетті өзгерістер» жасауды талап ете отырып, олар
-
дың құқықтарын нақтылап анықтап берді. Дегенмен жаны ашымау,
айыптау және елемеу әлі де жиі байқалады. Қалыпты адам деп көбіне
аяқ-қолы мен ақыл-есі сау адамды айту қалыптасып кеткен. Мүмкіндігі
шектеулі адамдарға мүсіркеп («бейшара, шарасыз»), аяп қарау қалып
-
ты жағдайға айналған. Клементс пен Спинкс (2010) анықтағандай, мүм
-
кіндігі шектеулі адамдарды солай көрсететін мүгедектіктің өзінен гөрі
көбіне айналасындағы адамдардың және олар тұратын, жұмыс істейтін
ортаның олар туралы көзқарасы болуы мүмкін. Адамдағы нақты баға
-
ланатын, назар аудару керек нәрсе – олардың мүгедектігі емес, шынайы
қызығушылықтары, идеялары және қабілеттері.
Мүгедек бала асырап отырған отбасылар да басқа отбасылар сияқ
-
ты өмір сүруді қалайды. Олар балаларының қоғамның бір мүшесі болға
-
нын, қоғамның оларды қабылдағанын, балаларының мектепке барып,
оқу үлгерімінің жақсы болғанын қалайды. «Save the Children» (2002) қа
-
йырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған жағдайлар
«ерекше» емес, негізгі болып саналатынын айтады. Мүмкіндігі шектеу
-
лі балалар махаббат, мейірім, тамақ, баспана, қорғау мен білімді қажет
етеді. Бір сауалнаманың қорытындысына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі
адамдардың 25 пайызы (сау адамдардың 20 пайызымен салыстырған
-
да) мектепке барудың негатив әсері болғанын айтқан. Мұнда аурухана
-
да емделу сияқты үзіліс салдарының да үлесі бар. Бірақ басқалардың
Инклюзив практиканы дамыту
421
аса үміт артпауы мен мүмкіндіктердің аздығынан және оларды орын
-
сыз «жалқау», «жай қимылдайды» деп айдар тағудың да салдарынан
болған (Grewal
et al., 2002).