Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет393/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Белсенді тыңдалым 
сөйлеушінің жеткізетін барлық ауызша және бей
-
вербал сигналдарынан мағына құрылымын түзеді (Hennings, 1992). Бұл 
тек айтылған сөзді ғана емес, сол арқылы жеткізілген хабарламаны 
түсінуді қажет етеді. Тыңдауды көптеген факторлар қалыптастырады. 
Браун мен Раггтың (1993: 20) айтуынша, «біздің тыңдау қабілетіміз ма
-
засыздық салдарынан төмендейді, мұғалімдер өз пәндік біліміне сенім
-
ді болмағандықтан, өзін мазасыз сезінуі мүмкін, сондықтан пікірталас
-
қа қатысқысы келмейді». 
Тыңдалым – бұл мектептегі ең аз меңгертілетін тілдік дағды, бі
-
рақ ол қоғамда жиі кездеседі (Jalongo, 2007). Нәтижесінде тыңдалым 
50 жылдан астам уақыттан бері ескерусіз қалған немесе ұмытылған тіл 
өнері ретінде белгілі (Tompkins, 2002). Мектепте балалар уақытының 
шамамен 50 пайызын тыңдалымға жұмсауы керек дейміз, өкінішке


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
470
қарай, тыңдалым дағдыларын қалыптастыратын жұмыстар өте аз 
(Berg, 1987; Jalongo, 2007). Мысалы, «үш, екі, бір...», «уақытыңды босқа 
өткізіп отырсың», «мен күтуге қарсы емеспін», «осылай жалғастыра 
берсең, үзілісте қалуыңа тура келеді» немесе жай ғана «түш-ш-ш» де
-
ген сияқты ескертулердің жиі айтылатынын ескерсек, бұл таңғаларлық 
нәрсе. Мұндағы ниет оқушы назарын, зейінін оқуға аудару. Балалардың 
тыңдалымға қатынасы ересектердікі сияқты деуге болмайды. Балалар
-
дың басқалармен қарым-қатынас жасауы инстинкті түрде болғанымен, 
олар әңгімені аяқтау және тез арада басқаларды тыңдауға дайын болу 
сияқты әлеуметтік этикетті түсінбейді. Аллен (2013) мұғалімдер үшін 
тыңдау дағдыларын қалай дамыту керектігін, яғни қашан тыңдау, қа
-
лай тыңдау және ақпаратты қалай өңдеу керектігін нақты түсіну ма
-
ңызды екенін айтады. Бұл оқушылар үнсіз отыруды жазалау түрі емес, 
пайдалы әрі жағымды әрекет деп қабылдауы үшін оған қамқорлық та
-
нытудан гөрі ақпарат беру тұрғысынан келуді қажет етеді. 
Бұл тыңдау мәдениетін қалыптастырумен байланысты қиындық
-
тарды елеусіз қалдыру керек деген сөз емес. Әдетте балалардың ша
-
мамен 50 пайызы шу мен өз дауысын ғана еститіндіктен, оларға тың
-
далым қиынға соғады, бұл Майерс-Бриггс типінің индикаторларымен 
қарағанда, «экстраверсия» санатына жатқызылады (Allen, 2013). Бұл 
балалар негізінен, сөйлеуге деген табиғи қажеттілігін бақылау үшін 
қолдауды қажет етеді. Көп жағдайда сыныпта әртүрлі шудың көптігі
-
не байланысты, белгілі бір нәрсеге құлақ қойып тыңдау өте қиын. Ба
-
лалардың тыңдау дағдылары ғана алаңдаушылық туғызып отырған 
жоқ. Америкалық зерттеулер ересектердің де тыңдау дағдылары төмен 
деңгейде екенін көрсетіп отыр. Ересектердің көпшілігі естігендерінің 
тек 12 пайызын мұқият тыңдайды екен, сондай-ақ зейіні басқа нәрсеге 
аумас бұрын 30 секунд сайын қысқа үзіліс жасап тыңдауға бейім (Sage 
and Wilkie, 2004).
Мәселен, балалардың бәріне ортақ нұсқау беру немесе ұжымдық 
кері байланыс ұсыну арқылы олардың бәрінің бір уақытта тыңдауын 
қамтамасыз ету өте қиын. Аудиологтар сыныптағы шудың орташа 
деңгейі 35 дБА-дан (децибел сүзгісі) аспауын ұсынады, ал сыныптағы 
әдеттегі шу деңгейі 41-ден 51 дБА-ға дейін (Crandell and Smaldino, 1994). 
Тыңдауды қолдайтын және бағалайтын физикалық және әлеуметтік 
орта құру аса маңызды. Мұғалімдер мектептегі тыңдау мәдениетін үне
-
мі бағалап отыруы керек. Жас балалардың дауыс желісі сияқты ұйым
-
дар кейстер мен идеялар ұсынады (www.ncb.org.uk). 
Мұғалімдер сыныпта белсенді тыңдалым дағдыларын дамыту үшін 
бірқатар стратегияларды қолдана алады (11.4-қосымша). Олар зейінді 
шоғырландырып, қабылдау процесі үзіліп қалмауы үшін (бала, ата-ана 
немесе басқа мұғалім тарапынан) айтылғандарды ойша қайталауға не
-


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
471
гізделген. Тағы бір пайдалы стратегия – сөйлесудің табиғи үзілісі кезінде
оқушының ауызша сөзін жалпылауға көмектесу. Ол адамдарға өзара 
құрмет көрсету жағдайындағы кез келген ықтимал түсінбеушілікті тү
-
зетуге мүмкіндік береді. Шынайылық – белсенді тыңдалымның негіз
-
гі элементі. Жақсы тыңдаушылар қимыл жасамайды, бірақ вербалды 
және бейвербал сигналдар арқылы хабарды түсінуге деген ұмтылысын 
көрсетеді. Белсенді тыңдауды жақсарту стратегиялары мыналарды 
қамтиды: 
„
баланың аи�тқанын бір сөзбен, «иә» деп немесе қимылмен (мысалы, 
басты изеп) мақұлдау; 
„
аи�тылғанды нақтылау немесе толықтыру үшін күтпеген сұрақтар 
қою; 
„
аи�тылған нәрселерді өз паи�ымдауынша түи�індеу; 
„
балалармен көз арқылы баи�ланыс орнату; 
„
қоршаған орта факторларына алаңдамау;
„
сөи�леушіге сөзін аяқтауға мүмкіндік беру; 
„
(сөи�леушінің де, тыңдаушының да) беи�вербал хабарламалары тура
-
лы хабардарлықты көрсету; 
„
қысқаша әрі сындарлы фидбәк орнату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет