Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет463/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Формативті бағалаудың ықпалы 
Формативті бағалаудың кең қолданысқа енгеніне қарамастан (DCSF, 
2007a; PMB, 2007; DCSF, 2008), ұсынылған стратегияларды мұғалімдер 
тәжірибеде қалай жүзеге асырып жатқаны жайлы екіұшты мәліметтер 
орын алуда. Мұның бір себебі формативті бағалаудың стратегиясын 
толық жүзеге асыруға қойылған үстірт тестілер мен емтихандарда оқу
-
шылардың нәтижесін күшейту үшін мұғалімдерге шектен тыс талап 
қойылғандығымен түсіндіріледі (Black and Wiliam, 2004). Солтүстік
Ирландияда оқушылардың мотивациясы оянып, өзін құрметтеу көрсет
-
кіші артқаны байқалады, алайда мұғалімдер баға қою жұмыстары, уақыт 
тапшылығы, сыныпта шулау және формативті бағалауды оқу бағдарла
-
масына сай жүзеге асыру қиындықтары сияқты мәселелерге тап болды 
(Leitch, 2006). Шотландияда оқушылардың жетістігін жазу мен монито
-
ринг жүргізуге қолданылған бағалау әдістерінің артқаны байқалғаны
-
мен, мұғалімдер бағалаудың принциптері туралы түсінбеген (George 
St Research, 2007). Блак пен Уиллиям Англиядағы жағдай да осындай 
екенін айтады. Көптеген мұғалімдер шартын біледі, бірақ негізгі прин
-
циптерді түсінбейді және оны ұстана бермейді, «бұл түсініспеушілік үкі
-
меттің мектептерге формативті бағалауды оқушылардың өз оқуларына 
өздері жауапты болуы деп емес, оқушылардың үлгерімін мониторинг 
жасау деп қана түсіндіруінде жатыр» (Stewart, 2012). OFSTED (2008) мә
-
ліметіне сәйкес, ағылшын тілі мен математиканы оқытуда формативті 
бағалаудың ықпалы шектеулі. Өйткені мұғалімдер сабақ барысында 
оқуға тиімді шолу жасай алмайды, оқушыларға өздерінің немесе қатар
-
ластарының сабағын бағалауға жеткілікті мүмкіндік бермейді. 
Формативті бағалаудың бір мәселесі мұғалімдер оны қолдануда 
әспеттеушіге айнала бастайды. Мысалы, олар тұрақты түрде сабақтың 
басында сабақтың мақсатын айтуы мүмкін, алайда оны толыққанды 
жіктеп түсіндіріп, идеяны оқушыларға жеткізіп бере алмайды. Сабақ 
мақсатын бөлісу механикалық болуы мүмкін. Ең үздік тәжірибеде мұ
-
ғалімдер формативті бағалау стратегияларын күнделікті оқытудың 
тұтас бөлігіне айналдырады. Мысалы, Мемлекеттік сауаттылық қоры 
жүргізген зерттеу жазуды үйретуде формативті бағалауды енгізудің 
мұғалімдер пайдаланған он екі сынып стратегиясын анықтап берді 
(Rooke, 2012). Олар: 
„
туындаған ескертпелерді, сөи�лемнің басын және негізгі сөздіктерді 
көрсету үшін жолақты паи�далану; 
„
өз қатарласының жазбасы туралы оқушының жазбаша жауап беруі; 
„
бір-бірінің жазбасын тексеруге қатарласының үш түсті қаламды паи�
-
далануы; 


Ширату өнері 
545
„
балалар жұмыстың қаи� тұсы жақсы жазылған және қаи� тұсы әлі де 
жетілдіре түсуді қажет ететінін көрсетіп, бір немесе екі баға беруші 
сөи�лем жазады. Сосын мұғалім пікір жазып баға беруде оны паи�да
-
ланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет