Ширату өнері
553
бағалаудың жұмысы. Көп ата-ананы балаларының академиялық үлге
-
рімінен гөрі жеке және әлеуметтік дамуы көбірек қызықтырады. Олар
балаларының қаншалықты көпшіл және жауапкершілікті екенін білгісі
келеді.
Жеке және әлеуметтік білім беру саласындағы білімді, түсіну мен
дағдыларды, бағалауды оқу бағдарламасының басқа бөліктерімен бір
-
дей қарастыруға болатынына қарамастан, құндылықтар мен көзқа
-
растарды бағалаудың қиындығы нені көрсету, нені көрсетпеу туралы
ортақ келісім бар деген көзқараста жатыр. Құндылықтар көптеген фак
-
тормен өлшенеді. Нобл мен Хофман (2002: 205):
Біз балаларға олар қандай ұстанымда болу керек екенін айта ал
-
маймыз, тіпті соны қалап тұрсақ та... оқушыларға өздерінің ұстаны
-
мын қалыптастыруға, басқалармен салыстырып қарауға уақыт пен
мүмкіндік берілуі қажет және есейе келе ұстанымын өзгертуге, қайта
қарауға және қалыптастыруға рұқсат берілуге тиіс.
OFSTED оқушыларды бағалаудың ең үздік тәжірибесі – ол нәтиже
-
мен таныс болу және оқушыларды өздерін бағалау мен жеке үлгерімін
жазып отыруға жұмылдыру деп мәлімдейді. Мынадай іс-шаралар арқы
-
лы бағалау мәліметін жинауға болады:
дебат пен сапалы уақыт шеңберіне оқушының қатысуы;
сырласу кеи�іпкеріне хат жазу, хат алмасу;
медиа, көркем әдебиет пен ғылыми шығармалардан көзқарастарды
іздеу;
қуыршақтарды паи�даланып ертегі аи�ту;
мәдени орындарға бару;
мектеп ауласын аралау.
Достарыңызбен бөлісу: