Формативті бағалау
Суммативті бағалау
Қандай? Тұрақты оқытуға
пайдаланылатын бағалау
Белгілі бір уақыт аралықтарында оқуды
қорытындылайтын бағалау
Қашан? Қысқамерзімді – оқу процесімен
бірге жүргізіледі (мысалы,
басында, ортасында және
сабақтың соңында)
Әдетте ұзақмерзімді – көбіне сабақтың
әр бөлігінде жүргізіледі (мысалы, тарауды
немесе тақырыпты аяқтаған кезде)
Не үшін? Оқуды күшейту үшін
Ата-ана, мектеп немесе басқа
мұғалімдерге нәтижені баяндау үшін
Таргет белгілеуге
Оқушының үлгерімін білуге
Бағалау мен жоспарлау үшін
Кім? Өз-өзіне және қатарласына
бағалау жүргізетін оқушылар
Мұғалім жүргізетін бағалау
Қалай? Формативті бағалаудың пікірлері
мен сұрақтары оқушының оқу
мақсаттарына қарай жасаған
талпынысымен байланысып
жатады (оқу бағаланады)
Суммативті бағалар, деңгейлер,
сертификаттар немесе сыйлықтар
оқушының оқу стандарттарына қалай
жеткенін көрсетеді.
Ширату өнері
546
ған мәліметтер оқуды дамытпайынша, ол әрекеттер формативті болып
саналмайды (Mansell
et al.,
2009
).
Заң бойынша мұғалімдерден бірқатар бағалау түрлерін қолдану
талап етіледі, алайда оның Біріккен Корольдікте өзіндік ерекшеліктері
бар (13.2-кесте). Соңғы 10 жылда үкімет ағылшын бастауыш мектеп
-
теріндегі бағалау бойынша көрсеткішті өлшеу мен жариялау саясатын
ұстанды. Мектептер сыртқы тестілер тапсыруға, оқушылар тапсырған
тест нәтижесіне қарай рейтингтік кестелер құруға және өз нәтижеле
-
рін жариялауға міндеттелді.
Лорд Биудің жетекшілігімен Key Stage 2 бағалауына жүргізілген
тәуелсіз шолудан (DfE, 2011) мектеп жұмысы туралы ашықтық пен
әділдікті көрсете алғанының арқасында, қоғамдық есеп берудің ма
-
ңыздылығы расталды. Бұл есеп беруде инспекторлардан оқушылар
-
дың үлгерімімен қатар, мектептің жалпы жетістіктері туралы да мәлі
-
мет беру талап етіледі. Комиссия сыртқы тестілеуді қалдыра отырып,
мұғалім бағалауын кең қолдануды да ұсынады. Британия парламенті
Лорд Биудің барлық ұсыныстарын қабылдады. Соңғы жылдары Анг
-
лияда мектептерге өз бағалау жүйесін жасауға мүмкіндік берілді, кейін
«деңгейге» бөліп қарастыру оқушылардың мүмкіндіктері туралы то
-
лық ақпарат бере алмайды әрі ата-аналарға түсініксіз деген себеппен
оны алып тастады. Алайда мектептерден әр деңгейдің соңында есеп
беру мен ұлттық сынақтарды тапсыру көрсеткіштері талап етіледі. Бас
-
қа елдермен салыстырғанда Англияда бағалау жұмыстары күрделірек
(13.11-қосымшаны қараңыз).
Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияда бағалау талаптары
сыртқы тестілеуден гөрі мұғалімдердің кәсіби бағалауына көбірек сү
-
йенеді. Мұғалімдер көптеген мәлімет мен жұмысты атқара отырып, үз
-
дік бағалауды жүргізуге тиіс:
практикалық және теориялық жұмыстар;
сыныпта орындалған жазба жұмыстары;
үи� тапсырмасы;
мектептің бағалауы.
Шотландияда Ұлттық бағалау ресурстары
Біліктілікті көтеруге
арналған білім беру бағдарламасындағы
бағалау әдістерін қолдайды.
Мұнда мамандар оқу бағдарламасының стандартын қалай түсіндіреді
және жасқа, пән мен квалификацияға қарай не талап етілетіні жайлы
мысалдар келтірілген. Бастауыш мектепті бітіретін кезде оқушылар
-
дың үздік жетістіктері профайлын жасауына мұғалімдер де атсалыса
-
ды. Профайл – жетістіктерді жинаудың тиімді түрі және ата-аналарға
берілетін есептен айырмасы, мұнда дамудың толыққанды тұстары жа
-
зылмайды.
Ширату өнері
547
Достарыңызбен бөлісу: |