Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет400/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Сапалық деректі
талдау


394
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сапалық деректен не күтеміз? 
Саналатын нәрсенің бәрі маңызды бола бермейді, сондай-ақ маңызы бар нәр-
сенің бәрі санала бермейді. 
Альберт Эйнштейн
Эи�нштеи�нді баи�ырғы ғалым деп ои�лауыңыз мүмкін. Бірақ ақылды, сұңғыла, 
саяси көреген, жасампаз және ои� өрісі кең болғанда ғана ғалымды баи�ырғылар-
дың қатарына қосуға болатынына көз жеткіздім. Стереотиптерге қарамаңыз, ғы-
лымдағы тың жаңалықтар үшін керек сипатқа ұмтылыңыз. Тіпті Эи�нштеи�ннің 
сандық талдау кемшіліктерін мои�ындауы сапалық дерекпен жұмыс істеу про-
цесіне үлкен қолдау дер едім.
Иә, сандық дерек пен статистиканы паи�далану – деректі қысқарту мен түи�ін-
деудің аи�қын әрі тиімді тәсілі. Бірақ статистика мағынаны санға аи�налдыруға 
сүи�енеді. Мағына қиын әрі күрделі болғанда (көп жағдаи�да солаи� ғои�), оны 
санға аи�налдыру да қиындауы мүмкін. Бұл жағдаи�да процеске қатысты біраз 
жаи�тты толық көрсете алмауыңыз ықтимал.
Оқыту мақсаты
y
Сапалық деректен не күтеміз?

Сапалық талдаудың мағынасын ұғу

Сапалық деректі талдаудың бағдарламалық жасақтамасымен танысу және 
оның мағынасын ұғу
y
Сапалық деректі талдау логикасы 

Индуктивті және дедуктивті пайымдаудың сапалық деректі талдаудағы қол-
данысын түсіну
y
Сапалық деректі талдау әдісі

Өңделмеген деректен теориялық мағыналы түсінікке өтудің маңызын білу

Сапалық деректі талдаудың негізгі сатыларын ұғу
y
Сапалық деректі талдаудың арнайы стратегияcы

Түрлі пәнге негізделген сапалық деректі талдау стратегияларымен танысу
y
Сапалық деректі презентациялау

Тура цитаталарды қамтитын сапалық деректі тиісті түрде презентациялау


395
Сапалық деректі талдау
Бұл мәселе сапалық деректі талдау тәсілін дамытты. Сұхбат, топтық талқы, 
бақылау, журнал мен мұрағат құжаты сияқты дереккөздерден алынған күрде-
лі деректі сандық талдау көмегінсіз зерттеп, түсіндіріп, жаңа интерпретация 
қалыптастыруға бағытталған тәсілді сапалық талдау деи�міз. Бірақ аталған тә-
сіл туралы әдебиеттің көптігі сонша, қолаи�лы әрі тиімді стратегия табу үшін 
оны түгел оқып шығу өте қиын болатын шығар. Түптің-түбінде студенттердің 
көпшілігі: 1) түрлі тәсілмен және әдебиетпен жұмыс істеу үшін бүкіл уақытын 
жұмсаи�ды; 2) жобасына сәи�кес келетін/келмеи�тін бір әдісті кездеи�соқ таңдаи�ды; 
3) нақты әдіснамалық хаттаманы қолданбаи� талдау жасаи�ды; 4) немесе бәрін 
бірдеи� қои�ыртпақ етіп қолданады.
Әзірге сапалық деректі басқару мен 
талдау нұсқаларын анықтау міндеті сөз 
бен образға тиесілі екенін білеміз. Бұл 
сөз бен образды баи�ыта түскенімен, ма-
ғынаны нақтылаи�ды. Менің ои�ымша, сапалық деректі талдау стратегиясы-
ның негізгі логикасымен және әдісімен жақсылап танысу керек. Осы ірге-
тасты қалап алсаңыз нақты, кәсіби стратегиялармен жұмыс істеу әлдеқаи�да 
жеңілдеи�ді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет