Ауқымды мәселені назарда ұстау
Әдіснамалық әдебиетте сандық және сапалық талдауды жеке-дара қарастыру-
ға тырысамыз. Бірақ олардың негізіндегі логика өте ұқсас. Рефлективті сапалық
талдау процесі зерттеушілерден мыналарды қажет етеді: 1) өңделмеген деректі
жүи�елеу; 2) деректі енгізу және кодтау; 3) тақырыптық талдау арқылы мағына
іздеу; 4) мағынаны интерпретациялау; 5) қорытынды жасау. Мұны 15.1-сызба-
да көрсеттік. Зерттеу сұрағын, мақсаты мен міндетін, әдіснамалық шектеу мен
теорияны ұдаи�ы есте сақтаған жөн. Белгілі бір дәрежеде сандық талдауға ұқ-
сағанымен, тақырыптық (статистикалық емес) талдау қолданысында сапалық
талдау өзгешеленеді. Ал деректерді енгізу мен кодтау, деректерді талдау мен
интерпретациялау арасында жан-жақты тығыз баи�ланыс бар. Сапалық талдау
бір-бірінен бөлек, реттелген үш қадамнан гөрі үшеуі де бір-біріне ықпал ететін,
өзара араласып жатқан циклдерден тұратын, органикалық процесс десек болады.
Сандық талдаудағыдаи�, детальдардан аса алмаи�, бағыттан ауытқып кету
оп-оңаи�. Зерттеуіңізге қажет сұрақ қоюдың маңызы зор.
14.1-қосымшада толық аи�тып өткеніміздеи�, өзіңізге мынадаи� сұрақтарды
қои�ып көріңіз:
1.
Зерттеуден не күтесіз
? Қандай нәтижеге қол жеткіземін/жеткізбеймін деп
ойлайсыз?
2.
Зерттеу сұрағы, мақсаты мен міндеті қандай?
Жоба мақсатына қол жеткізу үшін
дерекпен қалай жұмыс істейсіз?
Достарыңызбен бөлісу: |