Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет403/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Жалпы жобаның бүтіндігін сақтау
Жинау
Өңделмеген 
деректерді 
жүйелеу
Сұрыптау
Деректерді 
кодтау және 
енгізу
Тақырыптық
талдау
Мәнін 
іздеу
Интерпретация
Нәтижелерді 
тауып 
шығару
Қорытындылау
15.1-сызба.
Рефлективті талдау процесі


397
Сапалық деректі талдау
y
NVivo, MAXQDA, The Ethnograph. Мәтінді индекстеу, іздеу және теориялау үшін 
қолданылады;
y
ATLAS.ti. Бейнелерге, сондай-ақ сөзге қолдануға болады;
y
Concordance, HAMLET, DICTION. Контент-анализде кең қолданылады;
y
CLAN. Әңгіме талдауда (Conversation analysis) кең қолданылады.
(Бұл бағдарламалар туралы толық ақпарат www.textanalysis.info саи�тында 
бар).
Университетте сандық бағдарламалық жасақтамалардың да лицензиялары 
болады, оларды студенттер еркін паи�далана алады. Сондаи�-ақ университеттер
осы бағытта қысқа курстар да ұсынуы мүмкін.
Деректі енгізу
Сапалық деректер бір мезгілде немесе бірдеи� формада сирек кездеседі және 
олар анкетаға қарағанда әлдеқаи�да жүи�есіз болуы мүмкін. Сондықтан сапалық 
деректеріңізді жиналғанына қараи� қадағалап отырған дұрыс. Респонденттерді/
дереккөздерді, деректі жинау процедураларын, жинаған датаны, жиі қолданы-
латын қысқарған сөздерді белгілеп отырыңыз.
Дереккөздерді реттеу
Ұқсас дереккөздерді топтап, қажетті көшірмелерді жасап, бастапқы ескерт-
пелерді қаи�та қарап, деректеріңізді жинап отырыңыз. Бұл процесс зерттеуіңізді 
ретке келтіріп қана қои�маи�, деректі бақылауға да мүмкіндік береді. Ертерек 
ретке келтіріп қои�саңыз, өзге ықтимал мәселені пилоттық тест кезінде баи�қап, 
дерек жинау хаттамаларын дер кезінде жетілдіресіз.
Оқып шығу және жалпы ескертпе жасау
Сапалық деректі түсіну өте маңызды. Жинала салысымен деректі толық оқып 
шығып, ескертпе жасап отырыңыз. Бұл процесс жиналған деректі сұрыптау 
мен санатқа бөлудің ең дұрыс әдісін таңдауға көмектеседі. Бұл – деректерді 
басқару мен талдаудың аи�ырмасы баи�қалмаи� қалатын процесс. Өи�ткені жаңа 
тақырыпқа қатысты деген кез келген ескертпені талдап отырасыз.
Деректі талдауға дайындау
Сапалық деректі талдаудың бағдарламалық жасақтамасын паи�даланса-
ңыз, енгізу үшін деректі транскрипциялау/сканерлеу қажет. Сапалық деректі 
қолмен талдаи�мын десеңіз, сұхбаттарыңызды, фотосуреттеріңізді және т.б. 
басып шығару үшін де бағдарламаға бәрібір енгізесіз. Деректі талдауға да-
и�ын болыңыз.


398
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Деректерді енгізу/талдау құралдарын дайындау
Сапалық деректі талдаудың бағдарламалық жасақтамасын қолдансаңыз, де-
ректі бағдарламаға енгізу қажет. Деректі қолмен өңдесеңіз, ештеңені енгізудің 
керегі жоқ. Бірақ индекстік карта, маркерге арналған тақта, стикер және маркер 
сияқты сапалық талдау құралдарын даи�ындағаныңыз жөн. Қалаи� болғанда да 
талдау жұмысы жалғасады және барлық дерек жиналмаи�/енгізілмеи� тұрып, 
процесті бастаи� беруіңіз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет