396
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
3.
Теория
. Дерегіңіз теорияңызды құптай ма, теорияңыз дерегіңізді түсіндіруге кө-
мектесе ме, дерегіңіз балама теорияға сілтеме жасай ма?
4.
Әдіс
. Қолданылған әдістер нәтижеге қалай әсер етуі мүмкін?
Сапалық талдаудағы өңделмеген дерек тым жүи�есіз болады. Сандық жаз-
балар, сұхбат стенограммалары, зерттеу журналы (өте жүи�елі/тым жүи�есіз),
жазбалар, ескертпелер, фотосуреттер, беи�нежазбалар, ои� карталар: өңделмеген
сансыз деректің астында қалуыңыз ықтимал. Әрине, әсіресе сапалық талдауды
алғаш рет жүргізсеңіз, жүи�есіз
деректің көптігінен, жүрексініп қаласыз.
Жүи�елі болыңыз. Талдауыңыз рефлективті және итеративті болса да, әдіс-
намалық тұрғыда деректі мұқият басқарыңыз. Бұл жұмыс деректі әдіснамалық
басқарудан басталады. Алаи�да белгілі бір талдау деңгеи�іне жүгінбеи�, сапалық
деректі басқару мүмкін емес екенін аи�та кету керек. Жүи�елеу процесі (мысалы,
оны топқа қалаи� бөлетініңізді шешу) дерекпен жұмыс істеуге және талдауға
ықпал ететін шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан мұны талдаудың
бір бөлігі деп қарастырыңыз. Сапалық дерек қолмен немесе бағдарламалық жа-
сақтаманың көмегімен талданатын болса да, оны тиімді түрде жүи�елеп алыңыз.
Төменде берілген мынадаи� қадамдар сізге ол міндетті орындауға көмектеседі.
Тиісті бағдарламалық жасақтамамен танысу
Зерттеуші-студенттің барлығы сапалық дерек талдауында арнаи�ы бағдарла-
малық жасақтаманы паи�далануы қажет пе? Бұл жаи�ында пікірталас көп. Әрине,
қолда бар құралмен танысу керек. Зерттеуге қажет бағдарламалар:
Зерттеу
сұрағы
Мақсаттар
мен
міндеттер
Әдіснамалық
шектеулер
Тиісті
теория
Достарыңызбен бөлісу: