Мақаланың көлемі
(кестелер, әдебиет тізімін, суреттерді, суреттердің жазбаларын
қосқанда)
4
беттен кем болмауы және 10 беттен аспауы тиіс.
3. Суреттер көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс.
4. Мақала міндетті түрде келесі ережелерге сәйкес ресімделуі керек:
- әмбебап ондық жіктеме кестесі бойынша
ӘОЖ
;
-
мақала атауы
мақаланың мазмұнын нақты ашуы тиіс; техникалық параметрлері:
кегль – 14-пункт, қаріп түрі – Times New Roman бас әріппен, қою шрифтімен, азат жол
ортаға дәл келтіріледі;
- автор(лар)дың аты-жөн(дер)і, сондай-ақ мекемелердің толық атауы келесі
техникалық параметрлерге сәйкес келуі керек: кегль – 14-пункт, қаріп түрі – Arial, азат
жол ортаға дәл келтірілуі тиіс;
-
аңдатпа
кіріспе сөздерді қамтымай, тек мақаланың негізгі ақпаратын қамтиды,
көлемі 15 қатардан аспауы керек, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі
параметрлерге сәйкес жазылады: кегль – 12-пункт, (қазақ тілі үшін) – KZ Times New
Roman, (орыс, ағылшын тілдері үшін) – Times New Roman, оң жақ-сол жақ шеті – 1 см.,
жол аралығы – бір интервал;
-
түйін сөздер
(5 сөзден кем емес) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- мақала мәтіні: кегль – 14-пункт, қазақ тіліндегі мақалалар үшін – KZ Times New Roman,
жол аралығы – бір жарым интервал;
- мақала кіріспеден басталады, онда тақырыптың өзектілігі қысқа, ықшам әрі нақты
көрсетіледі, ғылымилығы (міндеттері) тұжырымдалады;
- мақала негізі ойды тұжырымдалап, онда кіріспеде қозғалған мәселеге нақты жауап
берумен аяқталады;
- сілтемелер тік жақшамен беріледі; пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы
міндетті; жұмыстардың тізбесі оларды мәтінде көрсету тәртібімен ұсынылады;
- мәтіндегі кестелер сілтемелерден соң орналастырылады, мәтінде оларды ескеру
тәртібімен нөмірленеді, әр кестенің өз тақырыбы, атауы болуы тиіс. Диаграммалар
мен графиктер кестені қайталамауы тиіс. Кестелердегі материалдар мәтінге қосымша
мәліметсіз түсінікті болуы тиіс, кестеде пайдаланған барлық қысқартулар кестенің
астында орналастырылады.
- суреттер TIFF (*.TIF) немесе JPG форматында (Word-қа орналастырудың қажеті жоқ)
жеке файлмен ұсынылады. Әр суреттің мәтінде бір сілтемесі болуы тиіс, суреттер реттік
нөмірмен белгіленеді, суреттердің астындағы жазбалары толық ақпаратты қамтуы тиіс;
- қысқартулардың тек жалпы қабылданған нұсқаларына ғана рұқсат етіледі –
өлшемдердің, физикалық, химиялық және математикалық шамалар мен терминдердің
және т.б. атауларына рұқсат етіледі;
- математикалық формулалар Microsoft Equation ретінде терілуі тиіс (әр формула – бір
объект).
5. Редакция мақалаға әдеби және стилистикалық өңдеу жүргізбейді. Қолжазба
авторларға қайтарылмайды.
Талапқа сәйкес ресімделмеген мақалалар журнал бетіне жарияланбайды.
6. Мақала қолжазбасын және электронды нұсқасын келесі мекенжай бойынша
жолдауларыңызға болады: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік ел к-сі, 8,
«Алтын орда» БО, 15-қабат. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
7.
Достарыңызбен бөлісу: |