Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет14/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021

ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПОЛИТИКА
ондағы тиімді іс-әрекет етуге мүмкіндік 
беретін лайықты білім мен қабілетке ие 
болу. 
Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзы-
реттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті 
меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп 
қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде 
қолдануды білумен сипатталады. 
Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби 
қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-
қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет 
және серіктестік әдістерін игерумен сипат-
талады. 
Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көр-
сету және өзін-өзі дамыту әдістері кәсіби 
сипатталады. Н.Д.Никандров еңбегінде 
АҚШ-тағы маман дайындау мақсаттары 
мен оның нәтижесі қандай жетістіктерге 
әкелетіні дәйектеледі:
әлеуметтік ұйымды дамытуды 
ұғынуы және оның ғылым мен білімге 
ықпалын сезіне білу; мәселелерді айқындай 
білу және оған талдау жасау қабілеті;
• логикалы ойлау іскерлігі және өз 
ойын жазбаша, ауызша түрде білдіре алуы;
• мәдени ескерткіштерді тануы және 
олардың өркениеттілікте алатын рөлін тани 
білуі; қоғамдық сұраныстарға жауап бере 
алатын моральдық, этикалық, әлеуметтік 
ұғымдарды терең түсінуі; үздіксіз білім алу 
қажеттілігін түсіну және оған қызығушылық 
қалыптастыру. 
Кәсіби құзыреттілікті дамыту – бұл 
үздіксіз даму, өзін-өзі жетілдіруді бол-
жайтын жеке кәсіби қасиеттерді дамыту, 
кәсіби тәжірибені жинақтау, меңгеру мен 
жаңғыртудың серпінді процесі. Кәсіби 
құзыреттілікті қалыптастыру-циклдік 
процесс, өйткені педагогикалық қызметте 
үнемі құзыреттілікті арттыру қажет және 
ол әр жолы жаңа сапада қайталануы тиіс. 
Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуына 
байланысты мәселелер, педагогикалық 
іс-әрекетті шығармашылық процесс ретінде 
жүзеге асыру заңдылықтары, мұғалімнің 
шығармашылығын дамытуға ықпал 
ететін жағдайлар ғылыми әдебиеттерде 
негізделген. Мұғалім құзыреттілігі 
белсенді араласу мен оны жүргізе білу, 
оны дұрыс аяқтай білу сияқты дағдысы 
мен машығын дамытып жетілдіріп, сол 
негізде оның дискурстық құзыреттілігін 
де қалыптастыруға болады. Дискурстық 
құзыреттілік – прагматикалық мәнмәтінге 
жауап беретін сөйлеуді тудыратын және 
қабылдау қабілеттігін білдіретін оқу 
үдерісінің маңызды элементі болып 
табылады. Ол ақпараттық-коммуникативтік, 
танымдық және рефлексті қызметтің 
сипатын көрсетеді және сөйлеу қызметінің 
жетістігіне – коммуникацияға, интеракцияға, 
өзара қатынасқа әсер етеді. Тіл меңгеру 
саласындағы дискурстық құзыреттілікті 
қалыптастыру мәселесінің бір жағынан 
мәдениетаралық коммуникация үшін 
маңыздылығы зор. 
Кәсіби құзыреттілік маманның 
дайындық сапасының сипаттамасы, еңбек 
қызметінің тиімділік әлеуеті ретінде 
қарастырылады. Педагогикада бұл кате-
гория «жалпы мәдени құзыреттіліктен» 
туындаған өнімді компонент ретінде немесе 
«маманның білімділік деңгейі» ретінде 
қарастырылады. Егер кәсіби шеберлік 
деңгейлер жүйесінде құзыреттілік орнын 
анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық 
пен кемелдену арасында орналасқан. 
«Кәсіби құзыреттілік» – кәсібиліктің 
маңызды құраушысы мен оның жоғары 
деңгейінің көрсеткіші. Кәсіби құзыреттілік 
осы құзыреттілік түрлері негізіне жататын 
белгілі бір бағыттағы кәсіби міндеттерді 
табысты шешуде көрініс береді. 
Кәсібилікті маманның дамуының 
әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби 
құзыреттіліктің келесі түрлері анықталады: 
арнайы, әлеуметтік, жеке. 
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның 
кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында 
теориялық және практикалық дайындығы 
мен қабілеттерінің бірлігі деп есептейді.
«Құзыреттілік» ұғымы адамның мәсе-
леден жақсы хабардарлығы, танымдар мен 
тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. 
Белгілі бір сала бойынша құзыретті болу – 
осы салаға негіздемелік талдау жасау және 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет