Дәрістің мазмұны:
патшалық Ресейдің өлкені отарлаудағы басты
құралының бірі – Қазақстанға Ресей шаруаларын қоныс аударудың
әлеуметтік-экономикалық,
демографиялық
салдары,Қазақ
ұлттық
интеллигенциясының қалыптасу тарихы зерделеніп, ұлттық Алаш мемлекетін
құру жолындағы тарихы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ауқымы
мен маңызы қарастырылады.
1. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде шетелдік капитал негізінде
шикізат өндіруге негізделген кәсіпорындар даму үстінде болды. Қазақ жерінің
арзан қазба байлығын игеру ерекше қарқынмен жүрді. 1902 жылы барлығы
18695 жұмысшы еңбек ететін 197 тау-кен өндіріс орындары жұмыс істеген.
Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де
қалыптаса бастады. Ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды көмір
шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті
металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Іс жүзінде бұл
өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз,
американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік
қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал
төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно
болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің
корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ
президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол
жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір
жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны
30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі
ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск,
10
Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде
болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте
ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын
көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы
аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби
мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды.
Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының
орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың
азаматтық әрі әлеуметтік құқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар
техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен
қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел
мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз
жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
Ресей империясының отарына айналған Қазақстанда ата кәсібі мал
бағумен айналысатын қазақтың құнарлы жерлеріне қоныстандыру саясаты
ерекше қарқынмен жалғаса түсті. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру
аудандарына бөлінді: Далалық аймақтарда Торғай, Орал, Ақмола, Семей және
Түркістан Өлкесінің Сырдария, Жетісу облыстарында. Патша өкіметі «Қоныс
аудару қорына» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық»
жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру
басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген
ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі
басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ
халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном
А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі
үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145
десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару
қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын
тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде жалпы саны 1 млн он бір
мыңнан асатын Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан
болатын. Олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті
Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин
реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-
министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді
қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда
аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру
арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша
шаруаларға өзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор
құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына,
соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл
бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак
шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір
хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды.
Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып,
11
олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат
берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне
қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ
өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910
жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы
санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1
қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде
орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905
жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912
жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45
млн десятинаға жетті. Тартыпалынғанжерлернегізінен Семей, Ақмола, Орал,
Торғайоблыстарындаболды. Бұлоблыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4
млн десятина, Сырдарияоблысынан 500 мың десятина еңқұнарлыжералынды.
Қорыта айтқанда, патшалық ресей қазақ өлкесіне қоныстандыруды
жүргізе отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерлерінен айыру
процесімен бір мезгілде отарлаушы әкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға
байланысты одан әрі жетілдіріп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің
құрамды бөлігі қазақтарды мәдениетінен, тілінен, дінінен айыру т.б.
шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.
2. XX ғасырдың басында Ресей өнеркәсіптік төңкерісін аяқтап, өзінің
отарлы аймақтары Қазақстанды да, жаңа әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси қатынастардың аясына тартты. Өлкеде шикізат өндіруші
кәсіпорындарының, темір жолдардың, майда кәсіпкерліктің қалыптасуы, банк
т.б. пайда болуы қазақтар арасында жаңа әлеуметтік жіктелуге алып келді.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал
аграрлық, ұлттық мәселелердің шиеленісуімен о т а р ш ы л д ы қ қ а қарсы
бағытталған ұлт-азаттық қозғалысты тудырды.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз
алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-
міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту
ісін
жетілдіру,
әйел
теңдігін
қамтамасыз
ету,
көшпенділерді
отырықшыландыру т. б. міндеттерді қойды. Ол миссияны қазақтың ат
төбеліндей зиялылары жүзеге асыруға кірісті.
Қазақ оқыған зиялыларын қалыптастыруда Қазан, Петербург, Мәскеу,
Варшава жоғары оқу орындары, Ресейден тыс шетелдік шығыс оқу орындары,
сондай-ақ арнаулы орта білім беретін оқу ошақтары да айтарлықтай рөл
атқарды. Олар кәсіби мамандықтары да әртүрлі, отарлы қазақ өлкесінің
басқару аппаратында әртүрлі жұмыс атқарған чиновниктер, денсаулық сақтау
мекемелерінің қызметкерлері, журналистика, оқу-ағарту және мәдениет
саласында еңбек еткендер және сан жағынан басқа топтардан аз болмаған
иженер-техник қызметкерлерден тұрды.
1905-1907 жылдардағы Бірінші Орыс революциясы Қазақстан үшін
маңызы Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына
тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Ұлт
12
зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі артты. Олар 1905
жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының
съезін өткізіп, өз партиясын - Ресей конституциялық-демократиялық (кадет)
партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Патша Манифесі
берген бостандықтар шеңберінде 1906 жылдың ақпанында Семей
қазақтарының екінші съезі өткізілді. Олар да кадеттерге жақын бағдарламаны
мақұлдады. Өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның
барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, дін
ұстау тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев, М. Дулатов, Б. Қаратаев, А.
Бірімжанов сияқты қазақ зиялылары тұрды. Осы жылдары Қазақ халқының
саяси ой-өрісінің дамуында І-ІІ Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны
маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді
қызметімен көзге түсті. Мәселен, І-ші Мемлекеттік Думаға қазақ халқы
атынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов
сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы
құрамында болды. ІІ-ші Мемлекеттік Думаға 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: Б.
Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Алдабергенов, Х. Нұрекенов, Ш. Қосшығұлов, М.
Тынышбаев сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан
болсын, күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын
бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тартысын
тудырған мәселелердің бастысы жер мәселесі (аграрлық) және қоныс аудару
мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Ш.
Қосшығұлов, Х. Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша
өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты.
Мәселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде
депутат Б. Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске
айналған жер мәселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі
помещиктер мүддесін, яғни, 130 000 помещиктің мүддесін қорғау үшін жерсіз
орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып әперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің
бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде.
Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды орныққан
орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып
шығумен айналысып отыр». Патшалық биліктің қазақ даласындағы отарлау
саясатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеген Б. Қаратаев орыс
халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ еліндегі ауыр
жағдайына көңіл аударуға шақырды.
ІІ Мемлекеттік Думада қазақ халқының мүддесін қорғап Орынбор
облысынан депутат Т. Седельников және депутат Н. Потанин сөз сөйледі.
Қазақ зиялыларының 1905-1907 жылдардағы революциясы кезіндегі
Ресей Думасының жұмысына қатынасуы ұлттық және әлеуметтік мүдделер
жолындағы күрестегі үлкен мектеп әрі саяси тәжірибе болды.
13
ХХ ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстанда ұлттық сананың
өрлеуі бүкіл халықтық сипат ала бастады. Ұлттық қозғалыстың әртүрлі
ағымдары қалыптасып, ұйытқысы ұлт зиялылары болды.
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің жарыққа шығуы отарлық езгіге
қарсы күресуде қоғамдық-саяси ойдың дамуына үлкен серпін берді.
«Айқап» журналының (1911-1915) шығарушысы Мұхамеджан Сералин
(1871-1929 жж.) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси
ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б. Қаратаев,
Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, Б. Майлин және басқалар қатысып тұрды.
Журнал беттерінде негізгі мәселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық
мәселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дәстүрлі мал шаруашылығы
және олардың отырықшылыққа көшуі, патша өкіметінің отаршылдық саясаты
әшкерленіп отырды.
Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А. Байтұрсыновтың
басшылығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті болды. Ол либерал-
демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Газетте қазақ конституциялық-
демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық
қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Дулатов және басқалар қызмет етті. Олар ең күрделі аграрлық мәселеде
жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою
және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын
қойды.
Қазақ халқы дамудың қандай бағытын таңдауы керек, қандай жолмен
жүруі қажет деген мәселе бойынша: «Айқап» газеті исламдық бағыттағы
шығыстық үлгіні ұсынса, «Қазақ» газетінің төңірегіне орналасқан зиялылар
ұлттық ерекшеліктерді сақтай отыра батыстық өркениет даму жолының
бағытын ұсынды.
Қазақ халқының саяси сана-сезімін жандандыруда Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, сынды шығармашыл
зиялы қауымның ағартушылық қызметі ерекше болды. Олар қазақ халқының
ғасырлар бойы отарлық езгіге қарсы азаттық күресін жаңа саяси сапалық
деңгейге көтерді.
Ресейде 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша билігі
құлатылды. Ол Ресей халықтарының, демократиялық күштерінің патша
билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық
күресінің жеңісі болды.
1917 жылы 28 ақпанда М.В. Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік
Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына
келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның
Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша
Уақытша үкімет құрылды.
Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. «Қазақ»
газеті 9 наурыздағы санында: «...Қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күні
14
туды, жақсылық, қуаныш тек орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың
бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш» - деп жар салды.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы
актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни
наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастау болды. Ақпан
революциясының қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын Ахмет
Байтұрсынов: «Алғашқыда революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен
қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің
қанауы мен зорлығынан құтқаруына, екіншіден, оларды өзіміз басқарсақ деген
ескі үмітінің нығая түскенінде еді», - деп түсіндіреді. Қазақ халқының
Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне 1916 жылғы 25 маусым
жарлығының күшін жойып, бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, 7
наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты
шараларды да ықпал етті. Бұл жөнінде М, Дулатов: «Сары әскер» қарсылық
қылған елдерге лек-легімен аттанып, казак-қырғыз даласын қызыл қанға
бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы
төңкеріс болмаса, не болар еді», - деп жазды.
Ақпан революциясының жеңісі Қазақ өлкесі мен Түркістан аймағында
халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын саяси күштер: «Алаш» ұлттық
демократиялық партиясын, большевиктердің мүддесін қорғайтын «Үш Жүз»
радикалдар партиясын және түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и-
Ислам» т.б. саяси ағымдар, ұйымдар, партияларды тарих сахнасына шығарды.
Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық
мәселелерді шешуді қолға алған жоқ. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ
халқының өзін-өзі билеу, Қазақстан өз алдына ұлттық-демократиялық
автономия болу жөнінде мәселені мемлекеттік дәреже деңгейінде көтереді
деген үмітті де ақтамады. Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып
отырған кадеттерге деген Ә. Бөкейхановтың көзқарасы да күрт өзгерді. Ол
кадет партиясынан іргесін аулақ салып, қазақ автономиясын құруға мұрындық
болатын ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісті. І-ші
бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті.
Съезде «Алаш» ұлттық-саяси партиясын құру туралы шешім қабылданып,
жыл соңына қарай ұйымдық тұрғыдан қалыптасты.
Алашорда – Алаш автономиясының 1917 жылы желтоқсан айының 5-
13 күндері Орынборда өткен II жалпықазақ съезінде сайланды. Съездің күн
тәртібіндегі он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары Алаш автономиясын құру
және оның үкіметін сайлау болды.
Орынбор қаласында өткен 2-жалпы қазақ съезінде қазақ автономиясы
мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, қаулы
кабылданды. Онда: «Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп,
казанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа
сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын … және бұл бүлікшілік біздің
казақ-қырғыздың басына келуі мүмкін деп ойлап … съезд бірауыздан қаулы
қылады»:
15
1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария
облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі
қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес
болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы – қазақ-қырғыз халі, тұрмысы, тілі
бір болғандықтан өз алдына ұлттық жерлі автономия құруға.
2) Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы
кені Алаш мүлкі болсын.
5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі.
Алаш автономиясына кірген ұлттар бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай
орын алады.
Съездің 1917 жылы 12 желтоқсанда қабылдаған шешімінің 6-бабында
былай делінген: «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен
Уақытша ұлттық кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын.
Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Алашорда
бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады. Осы қаулы
күшіне еніп, сол жылдан бастап Алашорда үкіметінің әкімшілік һәм рухани
астанасы болып Семей шаһарының сол жағалауы бекітілді.
Съезде құрылған Алаш автономиясының үкіметі – Уақытша Ұлттық
Кеңес – Алашорда деп аталынды, ал оның негізгі мақсаттарының бірі
Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік»
революциядан
(«бүлікшіліктен)
қорғау
болды.
Съезд
шешімінде
көрсетілгендей Уақытша Ұлттық Кеңес – Алашорданың құрамына
Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды: Уәлитхан Танашев
(Бөкей Ордасынан), Халел Досмұхамедов (Орал обл.), Айдархан Тұрлыбаев
(Ақмола облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Мұстафа Шоқай
(Сырдария обл), Садық Аманжолов (Жетісу обл) т.б. Алашорда құрамына
облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер: Ғалихан Бөкейханов,
Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев,
Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы
Әлжанов сайланды. Алашорда құрамына сайланғандар түгелге дерлік жоғары
білімді зиялылар еді. Олар Петроградтың, Мәскеудің, Қазанның, Томскінің
т.б. қалалардың жоғары оқу орындарын заңгер, экономист, дәрігер,
математика, тау-кен және темір жол инженерлері т.б. мамандықтар бойынша
бітіргендер. Бұлардың басым көпшілігі өз мамандықтары бойынша қызмет
атқарумен қатар ғылыми шаруашылық жұмыс атқарды.
Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Ә. Бөкейханов, Б. Құлманов және
А.Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Ә.Бөкейханов төраға болып
сайланды. Алаш автономиясының үкіметі сайланғаннан кейін көп кешікпей
Х.Ғаббасов Алашордаға бүкіл «қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметіміз
деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті (Кеңес Үкіметін) танымай, өз үкіметінің
әмірін екі қылмай орындау керек деп жазды. («Сарыарқа», 1918, 22 қаңтар).
Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш
автономиясының «халықтық милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға
үлкен мән берді. Милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап,
16
оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап,
оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен
қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен
оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды.
Оған қажетті офицерлер дайындау үшін атаман Дутов басқарған
Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп
табылды. Алашорданың Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің
жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік Оралда Әліби Жангелдин
ұйымдастырған қызылдар жасағы П. Кобозев пен С. Павлов басқарған
қызылгвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18 қаңтарда
Орынборды
басып
алды.
Қызылжардан
ыққан
Дутовпен
бірге
алашордашылар да Орынборды тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған
байланысты Алашорда біртұтас қазақ автономясын құрып үлгермей, барлық
қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің
біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған елді мекеніне келіп, өздерін
Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің 2 бөлігі
Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алаш үкіметінің батыс
бөлімі немес Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу
облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында
Алашорда бастаған күштер және большевиктер мен Кеңес өкметінің соңынан
ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық
күреске шықты. Алашорда Азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына
жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен
Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алаш үкіметін таратты.
3. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс отаршылдыққа
қарсы сипатта болды. Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында жерді тартып
алу, орыстандыру саясаты бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды
сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып
алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық
мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж
салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді
теміржол стансасына тасып жеткізуге мәжбүр болды. Осының барлығы
көтерілістің негізгі себептеріне айналды.
Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара
жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі
ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында
қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас
көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай
мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т.
Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір
мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір
шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ
интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы
17
шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті
төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов
және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға
ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Қозғалыстың негізгі орталықтарына Жетісу, Торғай, Орал облысы мен
Бөкей Ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды. Майдан жұмысына
қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын
тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын,
қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл
жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын жою, патша
әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл,
кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың
ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей түсті.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс
бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум
ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды; Қапал,
Лепсі, Жаркент, Прежевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран
салуды ұйымдастыруды талап етті; қазақтардың топтасып, бас қосуын бүлік
деп санап, басып – жаныштады; көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына
беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. Осыған қарамастан көтеріліс үдей
түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан
астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.
Көтерілістің ірі ошағы-Қарқара аймағы болды. 5 мың көтерілісшілер
Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын
талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы
отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшыратты. Жетісудағы
көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп,
соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Патша жарлыған орындамауға
шақырғаны үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды.
Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді.
14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу
көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш
тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат
Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазалаушылар Боралдай асуында дарға
асты.
Сөйтіп,
1916
жылғы
қазан
айында
Жетісу
көтерілісі
қаталдықпен талқандалды.
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең
табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды.
Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін
қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады.
Көтеріліске,
сондай-ақ
Сырдария,
Ақмола,
Семей
болыстарының
көтерілісшілері де қатысты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір
жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, болыстарды өлтірді.
18
Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске
жұрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті.
Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің
алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы
уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан
көтерілісшілер ағылып келіп жатты.
1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші
Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д. Лаврентьевтің 9 мың
адамдық жазалаушы тобы жіберілді.
Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан
Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық
күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында,
Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек,
Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші қаза тапты.
Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер
еді... Амангелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы
винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Көтерілістің
аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейін де
біраз уақытқа жалғасты.
Көтерілістің салдарынан 3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім
жазасына кесілді, 161-і каторгаға айналды, жүздеген ауылдар тоналып,
өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері бытыраңқы болып, әскери
қарудың жеткіліксіздігінен болды. Ұлттық зиялылар арасында бірлік
болмады. Көтерілістің тарихи маңызы Қазақ халкының революциялық таптық
санасы өсті. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
Әлихан Бөкейханов: «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп,
шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған,
жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан,
әйелі күңдіктен шықпайды, малына, басына да ие болмайды».
Шын мәнінде, 1916 жыл XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы
жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі
болып тарихта өз орнын алды.
Бақылау сұрақтары:
1)
Столыпиннің аграрлық саясатының қазақ қоғамына тигізген салдары
қандай болды?
2)
Қазақ интеллигенциясының Алаш туының астына бірігуінің басты
себептері неде?
3)
1916 жылғы көтерілістің маңыздылығын қалай сипаттар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |