Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих

1920 жылдың 26 тамызында
құрамында Ақмола, Торғай, 
Семей, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Адай болысы қарайтын Қазақ 
Кеңестік Социалистік Республикасы құрылады деген декрет қабылданды. 
1920 жылдың қазан айының 4-12 аралығында Орынбор қаласында Қазақ 
АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болып өтті. Онда жоғарғы үкімет 
органдары сайланды: Орталық атқару комитетінің төрағасы болып С. 
Меңдешев, ал Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-
Зенькович сайланды.
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктіруде арнаулы комиссия 
құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер 
кезінде әр түрлі көзқарастар мен талас-тартыстар орын алды. Мәселен қазақ 
өлкесіне Ақмола, Семей облыстарының қосылуына Сібревкоммен бірге 
жергілікті еуропалықтардан тұратын билік қарсы болды. Республика 
құрамына Омбы облысы арадағы уездердің, Астрахань губерниясының бір 


23 
бөлігі Қазақстанға қосуда қарсылықтар туындады. Қазақ зиялылардың 
араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет 
Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс 
Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу 
мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің 
тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді. 1921 жылдың 1 қаңтарынан 
Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не 
берілуі туралы шешім қабылданып, жас қайраткер Смағұл Сәдуақасов Қазақ 
үкіметінің төтенше өкілі ретінде 1921 жылы мамыр айында Ақмола, сонсын 
Семей облыстарына барып жергілікті билікті таратып қайта ұлттық 
кадрлармен жасақтау негізінде Қазақстанға толық бағындырды. 
1924 жылы Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде 
Сырдария облысының Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері, 
Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Әулиеата уезінің көп бөлігі, 
Самарқан облысының Жизақ уезінің бір бөлігі, Жетісу облысының Алматы, 
Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек, уезінің бір бөлігі Қазақстанға 
қосылды. Қазақстан құрамынан негізгі халқы орыстар болып келетін Орынбор 
губерниясы бөлінді. Республика территориясы 2,7 млн-ға өсті. Халқының 
саны 5 млн. 230 мың адамды құрады. Қазақтар 61 пайыздан асты. 1925 
жылдың 15-19 сәуірдегі Ақмешітте болған Кеңестердің 5 съезінде «қырғыз» 
орнына «қазақ», орысша «казак», «Казакстан» деп өзгертілсе, 1936 жылдан 
бастап «казах», «Казахстан» деген атау қабылданды. 
3. 
1918-1920 
жылдардағы 
азамат 
соғысы 
Қазақ 
өлкесінің 
экономикалық ахуалын құлдыратты. Халық шаруашылығының жалпы өнім 
өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент 
болды. Ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында 
егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Соғыс 
жылдарында мал саны 10,8 млн басқа азайды, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы 
ұсақ мал болды. Сонымен қатар 1921 жылы Қазақстанның жеті 
губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осы жылдары 2 млн 300 
мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген 
мәліметтер бар.
Партияның Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) жаңа экономикалық саясатқа 
көшу туралы шешім қабылдады. Ол бойынша мемлекеттің қолында ірі өндіріс 
орындары, банктер қалдырылып, мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік 
кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке тұлғаларға жалға берілді. Мемлекеттің 
бақылауымен жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың 
аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік 
салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Жеке 
қожалық өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, 
қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік 
алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін 
ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін 
арттыруға ынталы болды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 


24 
жылдық мерзімдерге жеңілдіктерге негізделген несиелер, ауылшаруашылық 
машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де берілді. 
1924 жылдан бастап азық-түлік салығы орнына ақшалай енгізді. Осының 
бәрі ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның өз 
шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. Нарықтық 
қатынастардың 
күшеюі 
сауданың 
дамуына 
ықпал 
етті. 
1926 
жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер 
қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін 
жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20–
23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда 
да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. 
Қазақстанда 1921 - 1922 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген 
шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 
жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. 
Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі 
өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ 
автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер 
комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру 
мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер 
комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына 
(переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, 
Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 
жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 
сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак 
әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім 
қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал 
өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды. 
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті «Қазақстанда 
негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы» заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда 
күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді 
пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда 
ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға 
негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды. Алайда 
осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей 
территориясын түгел қамтыған «Жер кодексін» қабылдады. Осы кезден 
бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық 
құндылықтарына негізделген құқыққа ие болы. Бұл кодекс бойынша жермен 
тұрғылықты 
халық 
қамтамасыз 
етілуі 
керек 
болды. 
Сонымен 
бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат 
етілді. Бұл кодекс отрықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды 
да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы 
мүлде жермен қамтамасыз етілмеді. Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер 
мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенмен, іс жүзінде жерді 
пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ 


25 
халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Оның үстіне патша 
үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа ұлт өкілдері ол жерден айырылғысы 
келмей үлкен қарсылық көрсетті. Сонымен қатар олар өз иеліктеріндегі 
жердің межеленбеуін, яғни шекараларының айқындалмауын пайдаланып
жаңа жерлерді тартып алды. Осы жағдайлар жер және жерге орналастыру 
мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат 
шеңберінде азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3-
4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 
жылы егістік жердің көлемі 3 млн гектар болса, 1928 жылы 4 млн гектарға 
өсті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 
жылы 92 млн пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн 
пұтты құрады. 1925 жылы мал саны 1922 жылы салыстырғанда екі есе өссе, 
1925-1928 жж. аралығында 29 млн басты құрап, жыл сайын 5 пайызға артып 
отырды. Ұжымдастыру қарсаңында мал басы саны 40 млн ірі қараны құрады.
Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту 
мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен қарама-қайшы еді. 
Таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы 
түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін 
халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары 
қарқынмен дамуын ауылшаруашылығы есесінен қамтамасыз етті. Соның 
нәтижесінде 1920 жылдың соңында нарықтық қатынас тоқырап, жаңа 
экономикалық саясат тоқтатылды. 
Бақылау сұрақтары: 
1) Қазақстанда кеңес өкіметін орнатудағы ерекшеліктерді атап 
көрсетіңіз? 
2) Қазақ АКСР-ін жариялағаннан кейін декретте көрсетілген қазақ 
ерлерін біріктіруде қандай қиындықтар туындады? 
3) Қазақстандағы жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың мәні мен 
қорытындылары қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет