Чарльз Камеронның шығармашылығы (1730-1812 ж.) Ресейге Д. Кваренгимен бір мезгілде келген ағылшындық Чарльз
Камеронның ең маңызды жұмыстары Патша ауылындағы Екатерина
сарайы жанындағы құрылыстар қатары болды (1780-1793 ж.) Оған
Камерон галереясы, Ақықты бөлмелер, суық моншалар жатады. Ека-
терина және Павлов сарайларының интерьерлері итальяндық Қайта
өрлеу дәуіріне тән өңдеу тәсілдерінің сәнділігімен орындалған.
Классицизм кезеңінде ХVІІ ғасырдың геометриялық
жоспарланған жүйелі саябақтарының орнына құрылысына Ч. Каме-
рон да қатысқан Петербор түбіндегі Павловск сияқты әсем көріністі
саябақтар келеді.