ТЕРМИН СөЗДЕРГЕ ТүСІНІК
Абак (абака)
– капитель (әсембаған), бағананың жоғарғы бөлігі;
шеті тік немесе иілген, кескіні төртбұрышты тақта.
Абсида
– апсида деген сөзді қараңыз.
Агора
– антикалық Грекиядағы қала алаңы.
Айван
– тоғыспамен жабылған, ашық галерея немесе портал (бет-
ше босаға) түріндегі кеңістік (Шығыстың ортағасырлық
сәулетінде).
Академизм
– өткеннің канондары (қағидалары) мен үлгілерін тара-
татын шығармашылық бағыт.
Акант
– акант шөпті өсімдігінің стильге келтірілген жапырақтар
түріндегі коринф капителінің (әсембағанының) сәнді элементі.
Акведук (арна көпір)
– көпір түріндегі инженерлік имарат; су
құбырын жол, жыра, өзен арқылы салу.
Акрополь
– ежелгі грек қаласының бекітілген биік бөлігі.
Ампир
– ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығындағы кейінгі
классицизмнің алуан түрлілігі; жалпы шешімдердің мақсатты
монументтілігімен және сәнділігімен, сондай-ақ бөлшектерінің
салтанаттылығымен сипатталады (стильге келтірілген қанық
әскери атрибутика: әскери қару-жарақ, ту, тәж және т.б.).
Амфипростиль
– бас және артқы қасбетінде төрт бағаналы
діңмаңдайшасы бар қабырғалы конструкциялы шағын
тікбұрышты ежелгі грек ғибадатханасы.
Амфитеатр
– көрермендер орны жартылай шеңбер, шеңбер не-
месе эллипспен, қатарлары орталықтан шалғайға көтеріле
орналасқан ашық театр.
Ансамбль
– ғимарат, имарат, ландшафт және т.б. қандай да бір
белгілі сұлбасы бойынша кеңістікте орналасқан үйлесімді
бірлік.
Достарыңызбен бөлісу: |