Конек (шатыржал)
– сәнді безендірілген көлденең қабырғамен
аяқталған жабынның екі құламаның жапсары.
Консоль (аспа)
– балкондар мен ернеулерге арналған қабырғадан
шығып тұратын арқалықтың бөлігі немесе қабырғаға арнайы
енгізілген қысқа арқалық.
Контрфорс (қарсыкерме)
– «кермедоға» арқылы көлденең
жүктемені тікелей немесе тоғыспадан қабылдайтын енсіз
көлденең қабырға.
Кремль
– қамал қабырғалар және мұнаралармен қоршалған ежелгі
орыс қалаларының орталық бөлігі.
Кромлех
– мегалиттік сәулет нысанының түрі: шеңбермен,
шиыршықпен орналасқан арқалықтармен жабылған тас
бағандар тобы.
Кронштейн
– шығыңқы сырғауыл немесе арқалық пішінді қабырға-
ға немесе тіреуге басқа бөлшектерді бекітуге арналған
шиыршық бұрамалы бар пішінделген аспалы тіреу бөлшек.
Купол (күмбез)
– жартылай сфера басқа айналым фигурасы түріндегі
(эллипс, парабола және т.б.) ғимарат төбесінің дөңгелек неме-
се көп бұрышты етіп аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |