Луковица (бадана)
– пияздың басына ұқсас, шар тәрізі, ғимарат
(көбінесе, ғибадатхана) күмбезі.
Люнет (маңдайша)
– еденнен біршама көтеріңкі, қабырғадағы арка
ойығы: оған терезе немесе мүсін, өрнек орналастыру үшін.
Маскарон (бүркемеөрнек)
– адамның бет әлпеті немесе жануар
басының мүсіндік бейнесі түрінде сәулеттегі сәнді элемент.
Машикули
– ортағасырлық сәулетшілікте «атыс ойығы» бар қамал
қабырға немесе мұнараның жоғарғы бөлігіндегі аспалы
шығыңқы жер.
Мезонин (үстіңгі қоспажай)
– шағын үйдің негізгі бөлігі үстіндегі
тұрғын қондырма.
Метопа (өрнектас)
– дорика ордері әшекейбедерінің бөлігі: бе-
дермен немесе өрнекпен жиі безендірілген екі үшжолақты
өрнек арасын толтыратын аралық, әдетте төртбұрышты болып
келетін тақта.
Модерн
– еуропалық сәулеттегі шығармашылық бағыт: пішіндердің
мүсінділігімен, өнер синтезімен, классикалық сәулеттен бас
тартумен сипатталады.
Модернизм
– қандай да бір жаңартпаны сипаттайтын ұғым; антонимі
– «классика».
Достарыңызбен бөлісу: |