Балюстра (тізбек қоршау)
– шиыршық түріндегі ионика
әсембағанының бүйір жақ бөлігі.
Балюстрада
– балкондар, галереялар, баспалдақтар, төбелерді
қоршау түрі: жоғарғы жағынан перилалармен байланысты
әшекейлі бағаншалар қатары.
Балясина (бунақтіреу)
– балюстрадалардағы әшекейлі бағанаша.
Барабан
– тоғыспалар мен тартпалы аркаларға тірелген ғимараттың
көп қырлы немесе цилиндр бөлігі (әдетте терезелері бар) және
күмбезді жабын негіздемесі ретінде қолданылады.
Барельеф (оймабедер)
– әшекейлі бөлік жазықтығынан жартылай
шығып тұратын жазық мүсін түрі.
Бельведер
– ғимарат үстіндегі алаң немесе қоршаған жерді шолуға
арналған биік жерде жеке тұрған құрылыс.
Бочка (күбі)
– жабын түрі: «шатыржалы» көтеріңкі жартылай ци-
линдр (Ресей, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар).
Венец (тәж)
– діңгекті конструкциядағы бөрененің бір қатары.
Достарыңызбен бөлісу: |