Атрий, атриум (түндікті аула) – ұстынтізбекпен немесе
доғатізбекпен жиі қоршалатын ашық аула; антикалық тұрғын
үйдегі жарықтандыру үшін (комплювиум) шатырында
саңылауы бар орталық бөлме.
Аттик – имараттың бас ернеуінен жоғары орналасқан қабырға не-
месе қабат.
База – 1) негіздеме; 2) тірек-арқалық конструктивтік жүйеде тіреудің
төменгі бөлігі (бағаналар, жауырындық қабырғалар).
Базилика – іші бағаналардың бойлық қатарымен бірнеше (3/5)
бөлікке (астаукеңістік) бөлінген, жеке аражабыны бар,
353
антикалықта – қоғамдық, орта ғасырда – діни тікбұрышты
ғимарат; готика ғибадатханасының прототипі.