Аркада (доғатізбек)
– бағаналар немесе бағандарға тірелген пішіні
мен өлшемі бірдей аркалар қатары.
Аркатура (қатардоға)
– аспа, кронштейн немесе бағана-
жауырындық қабырғаға тірелген аркада (доғатізбек) түріндегі
сәнді белдеу.
Аркбутан (кермедоға)
- бас астаукеңістіктің тоғыспа тірегін
сыртқы тіреу бағандарға – «қарсыкермеге» апаратын аркалық-
тоғыспалы готикалық конструктивті жүйе элементі.
Архитектоника
– ғимарат немесе имараттың конструктивтік
жүйесінің көркемдік көрсетілген жұмысы.
Архитрав
– сәнмаңдайшаның төменгі бөлігі, тірек-арқалық ордерлік
конструктивтік жүйедегі негізгі арқалық.
Достарыңызбен бөлісу: |