77
бүйір жақ есіктерден ғана кіре алатын болған. Ғибадатхана әртүрлі
жарықтандырылған. Ең жарық жері орталық күмбез астындағы – ам-
вон (литургиялық қызмет өткізілетін алтын мен күмістен жасалған
имарат). Залдың орталық бөлігінің жарықтандырылуы төменнен
жоғарыға қарай, демалысжай мен бүйір жақ астаукеңістіктің
доғатізбегі арқылы қабылданатын төменгі қабаттың көмескі
жарығынан апсиданың жарқыраған терезелеріне қарай, жартылай
күмбездердің (олардың негізіндегі) сан алуан терезелері арқылы
түсетін күн сәулелерінің тұтасуына қарай үдей түседі.
Орталық күмбез 40 терезеден тұрады, акустика мен конструк-
цияны жеңілдету үшін оның қалыңдығына родос құмыралары
орнатылды (осындай 12 құмыраның салмағы әдеттегі 1 құмыра
салмағына тең). Ортасында алтын төрттағаны бар, іші көгілдір та-
скестеме қапталған бас күмбез аспанда қалқып тұрғандай. Жарық
беріп тұрған 40 терезе жарық сақина сияқты, ал күмбез аспанға алтын
шынжырмен ілініп тұрғандай әсер қалдырады. Собор қабырғалары
қызғылт порфирмен және сәнділік беріп тұратын алтын смальта-
лы түрлі түсті мәрмәрмен қапталған. Бүйір жақ астаукеңістіктерде
сылақнақышты суреттер пайдаланылған.
Ішкі өңдеуге қарағанда сыртқы қаптама өте жұпыны және
қарапайым. Ғибадатхана қабырғаларының қалыңдығы – 1,1-1,5
м. Күмбез қорғасын жапырақтармен жабылған. Күмбез жел-
кен конструкция көмегімен биіктігі 23 м және көлемі 5,3 х 7,5 м
4 қақпабағанаға тіреліп тұр. Күмбез диаметрі 31,4 м. Илемділік
үшін цементке май қосқан, су орнына арпа тұнбасын қолданған.
Қабырғалар өте қалың қабат ерітіндіде күйдірілген кірпіштен
орындалған.
Константинопольді түріктер басып алған соң 1453 жылы собор
мешітке айналдырылды. София сыртқы кескінін жоғалтпағанымен,
4 сымбатты минаретке ие болды. Кейіннен сыртқы қарсыкермелері
салынды.
Достарыңызбен бөлісу: