Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Негізгі құрылыс тәсілдері мен конструкциялары



Pdf көрінісі
бет79/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Негізгі құрылыс тәсілдері мен конструкциялары
Ортағасырдың негізгі құрылыс материалы – блок түріндегі 
жергілікті тас, ерітіндіге салынатын әктас. Құрылыста әдеттегі 
қалаумен қатар таспен толтырылған үш қабатты қабырғалар 
қолданылды. Пуццолан қоспа, жұмыртқаның сарысы, ашыған сүт 


86
және қалауға беріктік беретін басқа да материалдар қосылған әктас 
ерітінді пайдаланылды. 
Ертедегі Роман ғибадатханалары ағаш фермалармен жабылды 
және жазық аспалы төбелері болды. Бұл конструкцияларды кейде 
доғалы маңдайшалармен бекітті. Бас астаукеңістіктердің кейіннен 
пайда болған цилиндр тоғыспалары жарықты нашарлатты, сондықтан 
солтүстік аудандарда оларды төрттаған тоғыспалармен алмастырды. 
Сонымен қатар желкенді және иілген тоғыспалар да қолданылды. 
Конструкциялардың толық бітпегендігінен және тәжірибенің 
жоқтығынан тоғыспалар жиі құлап жатты. Бас астаукеңістік пен 
көлденең кеңістік қиылысына тұрғызылған күмбездер желкендер 
мен өтпетоғыс көмегімен төрт қырлы негізге сүйеп қойылды.
Роман ғибадатханасының конструктивтік-жоспарлы ұяшығы 
астаукеңістіктің төртбұрышты кесіндісінен тұратын тоғыскеңістік 
төрттаған немесе цилиндр тоғыспамен жабылды.
Беріктік пен орнықтылықты көтеруге тоғыспалардың 
қаңқалы конструкциясы да мүмкіндік туғызды. Тоғыспалар 
әшекейқабырғалармен бекітілді. Қабырғаларды жіңішке етіп жаса-
ды және орнықтылықты сақтап, түскен салмақты бөліп тұру үшін 
қарсыкермемен бекітеді.
Құрылыс техникасын дамытуға және құрылыс сапасының 
өсуіне қалаушылардың кәсіби цехтары ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет