85
Антикалық қалалардың орнына салынған қалалар қала халқының
едәуір бөлігі саудагерлер мен қолөнершілерден тұратындықтан эко-
номиканы дамыту үшін қолайлы жағдайда болды. Сонымен, Вене-
цияда ХІV ғасырда 200 мың адам, Парижде – 100 мың адам тұрды,
ал сол кезде Лондонда 35 мың адам өмір сүрді.
Роман сәулетіне барлық бөліктері едәуір көлемділігімен ерекше-
ленген ғимараттардың ауыр тас элементтерінің толық аяқталмаған
үлгісі тән
(33-сурет).
33-сурет
Ғибадатханалар мен қамалдардың қалың қабырғалары әдетте,
сыртынан қарсыкермемен, ал ішінен тоғыспаларды көтеріп тұрған
қуатты бағандармен бекітілген. Есік ойықтары, сирек орнатылған
шағын терезелер де жарты шеңберлі аркалармен аяқталған. Терезе-
лер әйнектелмеген.
«Романдық» деген атауға ие болған мүсіндермен және аркалы
перспективалы (кеңістіктік) бетше босағамен жиі әшекейленген ба-
тыс қасбетке ерекше көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: