83
Бұл кезеңнің монастырлары мен
монастыр соборлары қамал
кейпінде салынды. Монастырлардың жеке шаруашылығы болды
және ірі феодалдар сияқты жерлерге, шабындықтарға,
ормандарға
қожалық етті. Қуатты тегіс қабырғасы, биік орналасқан тар терезесі
– оқатары және бұрыштарында қорғаныс мұнаралары бар соборлар-
дан басқа монастыр аймағында монастырда тұратын адамдар мен
жиһанкездердің кельялары, монастыр бастығының үйі, шаруашылық
құрылыстар, мал қоралар, аурухана, монастырда тұратын адамдарға
арналған мектеп, тіпті, зираттар да орналасқан.
Осындай монастырдың үлгісі ретінде Францияның оңтүстігіндегі
(Х-ХІ ғ.) Клюниде орналасқан монастырды атауға болады
(36-сурет).
Бұл монастырдың құрылысы кейінгі уақытқа дейін созылғандықтан
және қайта салынғандықтан оның бас соборы антикалық дәстүрге
жақын. Бұл – ұзындығы 180 м бес астаукеңістікті базилик. Оның
барлық мұнаралары екі көлденең кеңістік пен алтарь бөліктің асты-
на топтастырылды. Орталық астаукеңістік цилиндр тоғыспамен
жабылған.Ғибадатханалар. Бүкіл Батыс Еуропа папа басқарған
рим-католик шіркеуінің ықпалында болды.
Сондықтан да Еуро-
пада базилик ғибадатханалар мен орталықтандырылған дөңгелек
крещальни-баптистерийлер кеңінен тарады. Римде ерте христиан
дәуіріндегі діни ғимараттары сәулетінің жетекші түріне айналды,
романдық деген стиль атауы да осыдан шыққан. Дегемен, стиль ата-
уына қарамастан оның негізінде жергілікті құрылыс дәстүрлерімен
байыған Византия құрылысының тәжірибесі жатыр. Мысалы, Испа-
нияда араб сәулетінің, ал Италия мен Францияның Оңтүстік облыс-
тарында антикалық сәулеттің ықпалы байқалады.
Бұған нартексі бар үш астаукеңістікті базилигі, алтарь бөлігінде
шығыңқы көлденең кеңістігі мен капеллалар тәжі бар
(32-сурет)
Пуатьедегі собор мысал бола алады (ХІІ ғ. соңы, Франция).
Қатардағы тұрақ жайлар. Оған Клюнидегі Қолөнерші үйі тән.
Оның ірі қаланған ажарсыз өңделген
тастан тұрғызылған бірінші
қабатында қоймалар, шеберханалар немесе дүкендер, екінші және
үшінші қабаттарда үйлер орналасқан. Мұнда қабырға ұсақ етіп не-
месе кірпіштен, төбесі жабынқыштан қаланған.
Қатардағы тұрақ жайлар кез келген қала мен елдімекеннің негізгі
қала құрылыстық элементі болып саналды.