Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Византия сәулетінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет74/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Византия сәулетінің ерекшеліктері 
және басты жетістіктері
1. Сәулет гүлденуінің шарықтау шегі – VІ ғасырдың соңы - ХІ 
ғасырдағы ерте византиялық және орта византиялық кезеңдердің 
соңы.
2. Негізгі құрылыс материалдары: тас және күйдірілген кірпіш 
– жалпақкірпіш. Римге қарағанда бетон қолданылған жоқ. Қалау 
қарапайым және қышұнның қалың қабатына аралас (византиялық) 
болып келді. 
3. Тоғыспа кірпіш пен тастан орындалды. Салмақты жеңілдету 
үшін тоғыспа қалауына кеуекті тас жыныстары қосылды (кеуек-
тас) және үсті жабынқыш немесе қорғасын табақпен жабылды. 
Аражабындардың көп бөлігі тоғыспалы, кейде ағаш аражабындармен 
қосылды. Күмбездер, цилиндр тоғыспалар, төрттаған тоғыспалар 
қолданылды. Күмбезді төртбұрышты негізге сүйеп қойғанда ко-
нус бөлігі немесе ½- ¼ сфералық күмбез бөлігі пішініндегі қуыс 
тәрізді үшбұрышты тоғыспалы конструкциялар – өтпетоғыстар жиі 
қолданылған. Кейіннен күмбез және тіреу конструкция арасын-
да күмбез астындағы кеңістікті жарықтандыру үшін қабырғасына 
ойықтар қалдырып, цилиндр көлем – барабан орнатылатын болған. 
4. Рим сәулетінің сәулеттік тәсілдері мен конструкцияларын 
шығармашылық жасап шығару (аркалы-тоғыспалы конструкциялар-
ды қолдану және т.б.).
5. Діни ғимараттардың төрт негізгі түрін қалыптастыру 
(орталықтандырылған, 
базилик, 
орталық-күмбезді 
және 
төрттаған-күмбезді). 
6. Қаттылығымен және орнықтылығымен геометриялық 
құрылыс күшіне икемделген кеңістіктік көлемдерді пайдалану тіреу 
конструкцияларының көлемін азайтуға, құрылыс материалдарын 
тиімді бөлуге, еңбек және материалдық шығынды едәуір үнемдеуге 
мүмкіндік берді. 
7. Византиялық сәулетте әзірленген күмбезді конструкция-
лар және діни ғимараттардың ішкі кеңістігін ұйымдастырудың жо-


81
спарлы тәсілдері келешекте Италия және Батыс Еуропаның басқа 
елдерінде Қайта өрлеу сәулетінің қалыптасуына едәуір ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет