Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-тақырып. V-ХІІ ғасырлардағы Романдық



Pdf көрінісі
бет76/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.4.2-тақырып. V-ХІІ ғасырлардағы Романдық 
кезеңге дейінгі және Романдық кезең сәулеті
Еуропалық мемлекеттердің феодалдық бытыраңқылығы 
сәулетке де едәуір ықпал етті. Ең көп тараған құрылыс нысандары 
шығуы қиын биік қыраттарда, аралдарда, ну орман ішінде салынған 
қорғандар мен монастырлар болып табылады. 
Көптеген қорғандар келешекте қала негізі ретінде пайдала-
нылды. Қорған қабырғаларына феодал бағыныштылары мен бос 
қолөнершілер «төменгі қала» елдімекендерін жасады. Қорғанды 
«қорғаныш» ретінде пайдалану үшін қала тұрғындары заттай неме-
се ақшалай алым-салық төледі. Ортағасырлық қалалардың өсуі қала 
қабырғаларымен шектелгендіктен және халқының саны 1-5 мың 
болғандықтан шағын болып келді.
Біртіндеп феодал қорғандары мен өзінің табиғи шаруашылығы 
бар монастырлар «жайылған» қала шекараларымен қосылып, тұрғын 
қала бөліктерімен қоршалды. Бірнеше қала түзетін ошақтардың жос-
парлы қосылуынан Лютеция Паризиорум балықшылар ауылының 
Париж қаласына айналғандығын мысалға алуға болады.


82
Ертедегі ортағасырлық қалалардың таңғаларлық орналасты-
рылуы және көркем бейнесі олардың бей-берекет өсуіне байла-
нысты. Қаланың ұйымдастырушы орталығы базар алаңы болды. 
Ортағасырлық қоғамда ірі феодалдар мен шіркеу сияқты екі биліктің 
орын алуы елдімекендерде: қорған (кейіннен сарай) және бас қала 
соборы сияқты қала құрылыстық доминанттың өркендеуін тудырды. 
Кейіннен қаланың өзін-өзі басқару ғимараты бой көтерді.
Ортағасыр сәулетін: 
Роман кезеңіне дейінгі кезең - VІІ-Х ғасырлар;
Роман кезеңі - Х ғ. соңы-ХІІ ғасыр;
Готикалық кезеңі - ХІІІ-ХV ғасырлар деп үш негізгі кезеңге 
бөліп қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет