251
Көптеген жағдайда құрылыс техникасы алдында аралық тіреусіз
немесе аз қималы тіреумен үлкен аралықты бөлмелердің аражабын-
дары мәселесі тұрды. Көбінесе, жобалауда
сәулетшілермен қатар
инженерлер де жұмыс істеді. Шойын мен прокат болаттан металл
конструкцияларды қолдану күмбезді және үлкен аралықты аража-
бындар жасауға, аспалы және аркалы көпірлер орнатуға,
кірпіш
бағандарды металл тіреулермен алмастыруға мүмкіндік берді.
1870 жылдың соңында Ресейде алғашқы темір бетон имараттар
пайда болды (резервуарлар мен құбырлар). Ғасыр соңында Б. Г. Га-
леркин мен А. Ф. Лолейт ғимараттар аражабындарына темір бетон
конструкцияларды пайдалана бастады. Біртіндеп олар металл кон-
струкцияларды ығыстыра бастады. 1910 жылы темір бетон қаңқалы
ғимарат пайда болды.
Орыс сәулетінің технологиялық және конструктивтік жағы да-
мыды, сол кезде көркемдік жағы артта қалып қана қойған жоқ, со-
нымен қатар кері кетті. Жаңа құрылыс материалдарын қолдану және
ғимараттың жаңа пайдакүнемдік тағайындалуы жоспар құруда да,
қасбеттерді безендіруде де жаңа композициялық тәсілдерді талап
етті. Мұның барлығы – классицизм қалдығы және орыс сәулетінің
стильдік бағытының тұрақсыздығы. Ғимаратты сәулеттік безендіруде
сәнділік, мерекелік ұлғайып, көп мүсін пайда болады. Сәулет өзінің
дамушы дәстүрлерін жоғалтады.
Құрылыс шапшаңдығы қала құрылысында, қала ансамбльдерінің
қалыптасуында және көлік жүйесін дайындауда негативті байқалды.
1910 жылы ғана сәулетшілер қала құрылысын қайта өркендету ту-
ралы ойлана бастады, бірақ жобадан аса алмады. П. И. Балинский
және Е. К. Кнорре бірінші кезекте үздіксіз шиыршық тәрізді сызық
болып саналатын Мәскеу метрополитенінің жобасын ұсынды. Ол
Театр
алаңының астынан басталып, Бульвар айналмасы жолына
дейін барып, жабық траншеямен (арнайы төсеммен жабылған га-
лерея түрінде) Воскресен алаңы арқылы
Александр бағына дейін
созылды. Әлеуметтік-саяси оқиғаларға байланысты метрополитен
құрылысы екі онжылдыққа жылжытылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы
сәулеттің дамуын шартты түрде:
Достарыңызбен бөлісу: