249
Ғимарат
тегіс русттан, ал діңмаңдайша коринф ордері жүйесінде
орындалды.
Театр алаңының композициясы классицизмнің ансамбльдік
қағидалары ежелгі орыс сәулетшілігінің қағидаларымен біріккен ірі
монументті ансамбль үлгісі болып табылады.
О. И. Бове Мәскеудің бірнеше ірі қоғамдық ғимараттарын жүзеге
асырды. Александр бағы жағынан алаңда инженер А. Бетанкур
аралығы 44,6 м ағаш фермалармен жабылған Манеж ғимаратын са-
лынады. Бове жобаның сәулеттік бөлігін дайындайды. Бағаналар мен
қасбет аркаларының созылып жатуының және ырғақты қатарының
арқасында ғимарат Кремль қабырғаларымен композициялық байла-
нысты келеді.
Мәскеуді салу жөніндегі комиссия көше маңызылығына қарай
қабат санын белгілейтін ортақ жүйелі құрылыс әдісін пайдаланды.
Ағаш конструкциялары басым, сылақпен және «тастан істелгендей
етіп» өңделген тұрғын үй түрлері жасалды. Мәскеудің тұрғын үй
құрылысы едәуір өзгерді. Дворяндардың қаладағы үй-жайларының
орнына қасбеттері көшенің қызыл сызығына шығарылған шағын қала
жекежайларының құрылысы басталады.
Қасбеттерді безендіруде
және ішкі жиһазда ампир белгілері айқын көрінеді.
Кейінгі классицизм сәулеті ғимараттарды салуда және өңдеуде
сылақталмаған тас, металл конструкциялар және көркемдік құйманы
қолдануымен ерекшеленеді. Қасбеттерді безендірудің лирикалық
көркемдігі салтанатты мотивтердің айбынды монументтілігіне орын
береді. Қабырғаларда ақ жапсырма кеңінен пайдаланылады. Ор-
дер көптеген жағдайда ерекше монументтілікке ие болады, әсіресе,
дорикалық ордер кеңінен пайдаланылады. Шығыңқы ірге қабаттың
дөрекі қашау және оны аркалы ойықтармен өңдеу тәсілі бекиді.
Пішіндер іріленіп, сәулеттік композиция масштабтары өседі.
Мәскеудің жаңартылған тұрғын үй және үй-жай құрылысында
жаңа сәулеттік мотивтер көріне бастайды.
Бове салған Гагарин
үй-жайында, Найденовтер үй-жайында және Кузьминкадағы Ат
қорада (сәулетшісі Д. И. Жилярди)
имараттың орталық корпусы
ерекшеленеді, бас есік антикалық діңмаңдайшамен үйлесімде арка-
мен және аркалы қуыспен безендірілген.
ХІХ ғасырдың басында қала орталықтарына және орталыққа
жалғасқан жүйелі құрылысқа салтанатты
белгі беретін Ресейдің
көптеген провинциялық қалаларында қайта құру жұмыстары
250
жүргізіледі. Қала ансамбльдерінің
өрісі мен тұтастығы, сәулеттік
композицияның алуан түрлілігі мен әдемілігі мен мәнерлілігі жағынан
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың басындағы орыс
сәулеті әлемдік сәулетте көрнекті жағдайға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: