Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет111/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   135
Байланысты:
сборник3

Использованная литература: 
1. Интернет ресурс http://citaty.su/aforizmy-i-citaty-ralfa-emersona
2. Людмила Рыжова: Методика детского экспериментирования. Детство-Пресс, 2017 
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ 
ТУЛЕГАЛИЕВ Амантай Сериккалиевич 
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» филиалы Маңғыстау облысы бойынша 
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
Қазақстан, Ақтау қаласы 
 
Аннотация
Статья посвящена проблеме эффективного использования на практике актуальных 
теоретических знаний на современном этапе. 
Результативность проблемного обучения в данном направлении ориентировано на 
адаптацию ученика к практическим навыкам посредством самостоятельного поиска, 
способности выстраивания научного объяснения причин любого явления в природе, хозяйстве 
и умение использования их в реальной жизни. 
Annotation
The article is devoted to the problem of effective practical use of relevant theoretical 
knowledge for today. In this direction, problem-based learning is focused on the effectiveness of the 
lesson, the adaptation of the student to practical skills through an independent search, it is aimed at 
solving the problems of adaptation to use in life, scientifically explain the causes of any phenomena 
in nature, economy 


113
Бүгінгі күні оқушыларды қалай оқуға ынталандыруға болады? Оқушыларды оқыту ма, 
әлде оқуға үйрету ме? Мектеп қабырғасында жүрген еліміздің жастарын, ертеңгі болашағын 
қалай мектептегі теориялық материалды өмірде пайдалана алатын деңгейге жеткізуге болады? 
Бүгінгі мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мәселенің ең негізгілерін осы 
сұрақтарға жауап бере отырып анықтауға болатындай. Адамның көзқарасының 
қалыптасуына, қоғам, табиғат туралы түсініктер мен күнделікті өмірдегі кездесіп отыратын 
құбылыстардың ерекшелігін түсініп, оның салдарын болжай білу – қоғам мүшесінің өмірдегі 
өз орнын табуына тиімді әсер ететіндігі толық дәлелденген мәселе. Сондықтан мен география 
пәнінің осындай болашақ қоғам мүшесінің қалыптасуындағы ролі, сол нәтижеге жетелейтін 
тиімді жолдар туралы сөз қозғағым келіп отыр.
Географиялық түсініктердің қалыптасуы мен әртүрлі құбылыстардың ролін білудегі
түсінудегі және көрсетудегі сабақтағы түрлі технологиялар ішіндегі ең тиімдісінің бірі – 
проблемалық оқыту болып табылады.
Проблемалық оқыту дегеніміз – сыныптағы сабақ барысында проблемалық жағдаяттың 
пайда болуына қажетті жағдайды ұйымдастыру, жағдаятты қалыптастыру, оқушыларды сол 
жағдаятты шешу жолдарына бағыттау, нәтижені тексеру, бағалау және жаңа білім негіздерінің 
жүйеленуі мен бекітілуін басқару қызметтерінің жиынтығы болып табылады. Проблемалық 
оқытудың түйінін «мектептің білімділік-тәрбиелік мақсаттарына сай оқушының мұғаліммен 
бірлікте өзіне жаңа танымдық және тәжірибелік проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағыт 
алуы және біліктіліктің қалыптасуы» түрінде анықтауға болады.
Жаңа білім негіздері мен қабылдаудағы, есте сақтау мен қолданысқа енгізудегі 
түсініктерді белсенді игеру, қабылдауға қажетті қызмет түрлерін өз бетімен іздеуге жағдай 
туғызып, оқушыны сол жағдаятты шешуге итермелеу – сабақ барысындағы проблемалық 
жағдаятты туындату болып табылады.
Сабақ барысында қалыптасатын проблемалық жағдаятты мәніне қарай бірнеше 
формаға бөліп қарастыруға болады: 
- мазмұнына; 
- проблеманың шешілу деңгейіне; 
- берілген ақпаратқа қатысты келіспеушілікке; 
- әдістемелік ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі. 
Мазмұнына байланысты жіктелу толықтай өтілетін сабақ тақырыбына қатысты болып 
келеді. Бұл мақсаттың айқындалуына, зерттеу нысанының белгісіздігіне, жағдаятты шешудегі 
қызмет түрінің белгісіз болуына және қызметті атқару жағдайының белгісіз болуына 
негізделуі мүмкін. Жер қыртысы мен жер бедерінің пайда болуы және өзгерісіне байланысты 
сабақ барысында кез-келген мұғалім зерттелетін ауданның геологиялық тарихына, 
тектоникалық дамуына, жер бедерінің пайда болуына әсер етуші сыртқы және ішкі күштерге 
байланыстылығын ескере отырып, проблемалық жағдаятты нысанның белгісіздігіне қатысты 
құруға болады. Бұл жағдай оқушының көмекші және бағыттаушы деректерді пайдалану 
барысында нысанның өзін іздеуіне, оның тарихын басқа нысандармен салыстыруына, керекті 
бағыттың жеке ерекшеліктерін анықтап, оны жүйелеуіне қажеттілік туғызады. Туған 
қажеттілікті орындай отырып оқушы мәтіндік ақпарат пен картаны салыстыруына, картаның 
шартты белгілерін оқи білуіне, шартты белгілердің жер бетіндегі нысандармен 
сәйкестендірілуіне көңіл бөліуіне итермелейді. Бұл мысалдан байқағанымыздай, сабақ 
барысындағы проблемалық жағдаяттың туындауы оқушының теориялық материалды 
тәжірибемен толықтыруына, мәтін арқылы келген ақпаратты жүйелей отырып, тәжірибеге 
ұштастыруына мүмкіндіктің пайда болуында, немесе біздің қазіргі білім саласындағы алға 
қойып отырған басты мақсатымыздың бірі-функционалдық сауаттылықтың, жаңартылған 
білім мазмұнының міндетті жүзеге асуы болып табылады. Проблемалық оқытудың бұл түрі 
мектеп география курсында күнделікті және жиі қолданылатын бағыт болуы тиісті. 
Проблемалық оқытудың екінші - проблеманың шешілу деңгейіне байланысты – 
формасы мұғалімнің шығармашылығына, жұмыс өтілі мен әдістемелік қоржынының 
деңгейіне байланысты қалыптасады. Бұл түрде:


114
қандай әдіс тәсілді қолданғанына қарамай сабақ мазмұнына байланысты пайда 
болатын;
мұғалімнің қалауымен беріліп, мұғалімнің көмегімен шешілетін; 
мұғалім қалауымен беріліп, оқушылар күшімен шешілетін; 
оқушылардың табуымен және шешуімен берілетін жағдаяттар болуы мүмкін. Яғни бұл 
жерде сабақтағы оқушы мен мұғалімнің тығыз қарым қатынасы мен оқушының өз бетімен 
жұмыстануына, шығармашылық бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруына үлкен мүмкіндіктің 
туындайтын ортасы қалыптасады. 
Проблемалық оқыту барысындағы ең жиі де басқаларына қарағанда жеңілдеу 
тиетін түрі берілген ақпаратқа қатысты келіспеушіліктерге байланысты туындайтын оқыту 
формасы. Пайда болуы мен жүріс барысына байланысты бұл форманы: 
-
күтпеген жағдайдағы проблема туындауы;
-
сабақ барысында тақырыпқа қатысты жаңа болжамдардың пайда болуы; 
-
жауапты теріске шығару; 
-
салдар мен себептің толық сәйкестігінің байқалмауы; 
-
жауапта (бағытта, ойда, болжамда) нақтылықтың жетіспеуіне байланысты 
жағдайларға бөліп қарастыруға болады. 
Проблемалық оқытудың тағы бір формасы сабақ барысында пайда болған, немесе 
мақсатты енгізілген мәселені әдістемелік ерекшеліктеріне қарай жүйелеу мүмкіндігі болып 
табылады. Бұл формада: 
-
мақсатты; 
-
әдейі емес (ағымдағы); 
-
мәселе көтеру; 
-
көрсетілімдер арқылы мәселе тудыру
-
сократтық (эвристикалық) мәселе туындату; 
-
ойын элементтері арқылы мәселе туындату; 
-
лабораториялық зерттеу арқылы; 
-
жағдаяттық есептер; 
-
мәселеге қатысты ойша эксперимент жасау бағыттарын бөліп көрсетуге болады.
Мектеп жұмысыныдағы сабақты ұйымдастыру үрдісіндегі проблемалық оқытудың 
басты ерекшелігі жаңа тақырыпты талдау барысында проблеманы туындату, анықталған 
проблеманы оқушының белсенді танымдық жұмысы арқылы нақтылауына, нақтыланған 
проблеманың оқушы қоржынындағы білімдік, біліктілік және дағды негізін пайдалана 
отырып, оның талдау, өзектілігін анықтау және шешу жолдарын іздеуіне мүмкіндік бере 
алатындығы болып табылады.
Аталған бағыттағы жұмысты география пәні сабақтарында күнделікті пайдалану 
нәтижесінде жолға қоя отырып:
-
оқушылардың жаңа ақпаратты теориялық және практикалық жұмыстарды 
орындау барысында өз бетімен алуына (міндетті түрде мұғалім басшылығымен) қол 
жеткіземіз. Бұл жұмыстың міндетті түрде мұғалім басшылығымен орындалу себебі – алғашқы 
географиялық түсініктердің табиғат, қоғам туралы, табиғат пен қоғам туралы түсініктердің
адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына басты әсер етуші фактор екендігіне байланысты. 
Жас балаң оқушының табиғат туралы алғашқы қалыптасқан түсінігі – оның өмірлік тұлғалық 
ерекшелігі ретінде өмір бойына сақталып қалатындығына байланысты болып табылады. 
-
Проблемалық сұрақты шеше отырып оқушы өзінің бүкіл назарын 
қиыншылықты жеңуге жұмсап, өз күшін бір бағытқа жинақтауға үйрене бастайды; 
-
Сыныптағы жұмыстың жүру жылдамдығы оқушының өз күшін бағыттай білу, 
жинақталу мүмкіндігіне байланыстылығына көздері жетіп, уақытты барынша үнемдеуге
дағдылана бастайды; 
-
Оқушы белсенділігінің жоғары деңгейі сыныптағы оқушының өз жеке жұмысын 
проблеманың шешілу деңгейіне сай бағалауына м.мкіндік туындатып, оқушыда өзін-өзі 
бағалау критерилерінің қалыптасуына мүмкіндік береді; 


115
-
Жаңа материалдың негізгі бөлігін өз бетімен игеруіне байланысты теориялық 
материалдың практикада пайдаланылу жиілігі мен тиімділігі арта бастайды. 
География пәнінің ең басты мақсаты – оқушыларға табиғат туралы нақты түсінік 
қалыптастыру болып табылатындықтан сабақ барысында қолданылатын барлық тәсілдерді 
ішінара іздеу немесе эвристикалық, проблемалық баяндау және зерттеушілік әдістерге 
топтауға болады. Бұл жерде нәтижеге жетуде проблемалық оқытуды пайдалану үшін жеке 
зерттеуді, проблеманы баяндауды немесе ішінара іздеуге көшу әдістеріне оқушыларды бірте 
бірте дайындау, оңай тапсырмаларды бере отырып олардың өз күшіне сенімін қалыптастырып 
алу қажеттіігін ескеру қажет. Ал бұл үрдіске негіз болатын мүмкіндік география сабақтарында 
өте мол. Аталған мүмкіндіктер себеп-салдар қатынастарын табу мен осы принцип негізінде 
болжау, әртүрлі құбылыстар мен объектілерге қатысты фактілерді ерекшеліктеріне сай 
салыстыру, топтау, жалпылау тәрізді танымдық қызмет арқылы пайда болады. Мұғалімге ең 
бастысы танымдық және проблемалық мәселені шатастырмау есте болуы керек, себебі кез 
келген проблемалық сұрақ танымдық үрдіс болғанымен, кез келген танымдық сұрақ 
проблемалық үрдіс болып табылмайтындығы алдыңғы орында болуы керек.
Сабақтағы қолдану барысы мұғалімнен қандай алгоритмді талап етеді: 
-
Ең бірінші, оқушы дайындалған мәтін, графиктер мен сызбаларды қарастыра 
отырып, қарама-қарсылықты анықтауы, көре білуі керек және осы қарама-қарсылық негізінде 
оның алдына қойылған проблеманы түсінуі қажет; 
-
Екінші, анықталған проблема негізінде осы проблеманың пайда болу себептерін 
болжай білуі қажеттігі туындайды; 
-
Үшінші, проблеманы шешу болжамын нақты дайындай білуі қажеттігі; 
-
Төртінші, болжам шешімін дәлелдеу, болжамның дұрыстығына мысалдар 
келтіру; 
-
Бесінші, қортынды жасай білу дағдысы болуы қажет. Міне, мұғалім оқушыға 
аталған біліктілік пен дағдыны бойына сіңіріп, олардың ойын жинақтау деңгейіне дейін 
жеткізетін болса, сабақтың жүру барысы мен нәтижелілігіне жоғары сенімділікпен қарауына 
мүмкіндік туындайды.
Айта кететін бір мәселе, бұл география пәні мұғалімдері арасындағы проблемалық 
сұрақ пен жоғарыда айтылған танымдық сұрақ арасындағы айырмашылыққа көңіл бөлмеу 
сияқты. Яғни, оқушы алдына қойылған сұрақ немесе тапсырма міндетті түрде оқушыны 
ойлануға итермелейтіндей, пән бойынша өтілген материалды пайдалана отырып әртүрлі 
ақпарат көздерінен дайын жауапты таба алмайтындай, жауапты дайындау барысында міндетті 
түрде ақпаратты талдап, талдау қортындысы бойынша жаңа ақпарат дайындауға әкелетін 
деңгейде болуы қажет.
Мысалға, «Жер қыртысының қозғалысы» тақырыбын өту барысында жер шарының 
ерте геологиялық кезеңдердегі және бүгінгі күнгі карталарын ұсына отырып: 
-Сіздің назарыңызға берілген екі картада не бейнеленген? Екеуінің айырмашылығы мен 
ұқсастығы бар ма? Екі карта арасындағы айырмашылық неге байланысты деп ойлайсыз? 
Түріндегі сұрақтармен қызықтыра отырып, «Өз пікірлеріңізді дәлелдей аласыз ба? Осы 
ойыңызға дәлел келтіре аласыз ба?» түріндегі сұрақтар арқылы проблемадан болжамға 
көшуге, сол болжамды дәлелдеуге қарай бағыт беруге болады.
Осы бағыттағы «Мұхит ағыстары» тақырыбын өте отырып, «Дүние жүзілік мұхиттағы 
жылы және салқын ағыстардың орналасуыларында қандай сәйкестілік бар және ол неге 
байланысты деп ойлайсыз?» түріндегі сұрақты қою арқылы оқушыларды картаны талдауға, 
яғни зерттеу жұмысын жүргізуге, барлық жылы ағыстар мен барлық салқын ағыстардың 
бағытына байланысты сәйкестіктікті таба отырып, оларды жүйелеуге қол жеткізуге болады. 
Осы курстың климат белдеулеріне қатысты бөлігінде экваторлық және тропиктік климат 
белдеулері туралы айта отырып, екі белдеудің де ауа температурасының жоғарылығын 
көрсетіп, жауын шашын айырмашылығына байланысты:
«Экаторлық және тропиктік климат белдеулері өте жоғары ауа температурасымен 
ерекшеленеді. Бірақ екі белдеудегі жауын-шашын мөлшері арасында айырмашылық үлкен. 
Себебі неде деп ойлайсыз? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.» түріндегі тапсырма да оқушының 


116
салыстыруға, сәйкестендіруге, айырмашылық көзін табуда үлкен жұмыс атқаруына
итермелейді.
Қазақстанның физикалық ерекшеліктеріне байланысты материалды қарастыру 
барысында біз жеріміздің кеңдігін, дүние жүзі бойынша 9 орынды иеленетіндігін айтып 
өтеміз. Бұл оқушыда жер территориясының кеңдігінің тек оңтайлы жақтары туралы ғана пікір 
туындатады. Ал «Қазақстан Республикасының жері өте үлкен. Қалай ойлайсыңдар, бұл 
мемлекет үшін барлық уақытта тиімді ме?» түріндегі сұрақты қоя отырып, біз проблемалық 
жағдаят қалыптастырамыз. Дәл осы формада жағдаяттық тапсырмалар, есептер, сұрақтар 
экономикалық география бойынша да жасақталады. 
Міне, осы айтылған ойлар арқылы әріптестеріме проблемалық оқытудың тек 
география пәні үшін ғана емес, басқа пәндер үшін де өте тиімділігін, бүгінгі білім саласы 
алдына қойылып отырған талаптарға сай оқыту үрдісінің қызықты өтуі мен нәтижелілігін, 
оқушылардың ойлануына, ізденісіне және шығармашылығына жеткізудің, теориялық 
материалды тәжірибеде қолдануға итермелеудің ең тиімді жолы ретінде ұсынуды жөн көрдім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет