«ДЕРЕКПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?» ЗЕЙНУЛЛА Айгүл Қонысбекқызы, УАИСОВА Сандуғаш Рустембековна Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақстан, Қызылорда қаласы Аннотация Бұл зерттеу жұмысында тарих сабағында 8-10 сыныптарда жазбаша және визуалды
дереккөзбен жұмыс жасау ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, дереккөзбен жұмыс жүргізудің тиімді
жолдары қарастырылады. Дереккөзбен жұмыс барысында жоспарлау жұмысы, жүйелі түрде
практикалық үдерісті ұйымдастыруды жүргізгенде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге
ықпал етеді.