226
енді? Өлдің ғой... өлсең етті мұнан да... [3, 20]
-Өй, аузыңды ұрайын, жаман неме! – деді атам
жекіріп. – Тұржанның тепкісін Аянмен бірге көрсең
етті.. жаны тәтті шірік, көрінбе көзіме!.. [102,30]
Берілген
айтылымдардан
оларды
айтушы
адресанттың сөйлесім жағдаятында өз адресаты-
на ашуланып тұрғанын аңғару қиын емес. Демек,
қатысымның психологиялық контексті қарым-
қатынастың әрімен қарай өрбу факторына ерекше
ықпалын қалдырмақ.
Бұл өз кезегіде «ойлау мен сөйлеу арасындағы бай-
ланыс адамдарға өзара ойларымен алмасуға мүмкіндік
береді» делінген Р.С.
Немовтың психологиялық
сөздігіндегі сөйлеу жайындағы тұжырымдаманың
ақиқаттығының дәлелі. Себебі сөйлеу мен сөйлеу
актісінің берілген анықтамаларынан біз сөйлеу актісінің
тілдік қарым-қатынас барысында сөйлеушінің ойлау
үрдісін жүзеге асырып барып, сөзіне интенционалдық
мағына бергеннен кейінгі сөйлеуі деп түсінеміз.
Яғни, орын алған коммуникативтік актісі барысында
ойланып-толғанып, сөзін ой елегінен өткізіп барып,
арнайы бір мақсатқа қол жеткізу үшін сөйлеу үрдісі
сөйлеу актісі.
Коммуниканттардың
қатысымдық
құзыреттіліктерінің бір компоненті –стратегиялық
құзыреттіліктер. Ал енді осы құзіреттіліктерді
құраушы – коммуникативтік (сөйлеу) стратегия-
лар мен тактикалар. Стратегиялық құзыреттілік
дегеніміз – тұлғанының коммуникативтік стратеги-
ялар мен категорияларға байланысты біліктіліктері
мен білімдері. В.А.Звегинцев адам сөйлеуде тек тілдік
бірліктерді пайдаланбайды, сонымен қатар сөйлеу
үрдісінде ойдың, ым-ишараның атқаратын қызметі
ерекше, сондықтан сөйлеу құбылысының қасиетін
түсіну үшін оны үш жақты қарастыруда тіл – сөйлеу
– ой арасындағы қатынас маңызды деп көрсетеді.
Ғалымның пікірінше, тіл мен сөйлеу бір-біріне тәуелді
деген пікір ұстанады [4, 140].
Тілдік қатынастың туындауына әлеумет, қоғам қажет
екені белгілі. Бірақ, тіл мен сөйлеу өзара байланысты
болса да, сөйлеудің даралығын адамның психикалық
қабілеттері мен қасиеттері анықтайды.
Демек, сөйлеу үрдісінің нәтижесі белгілі бір іс-
әрекетті сөйлеу арқылы жүзеге асырып отырған –
сөйлеу актісі болса, сөйлеу актісінің коммуникативтік
акт барысында
қолданылуының мақсатын анықтап,
бағдарлап отыратын иллокутивтік актінің алғышарты
адресаттың интенциясы. Екіншісі, вербалды және
бейвербалды бірліктердің көмегімен коммуникативтік
мақсатқа қол жеткізуге арналған сөйлеу әрекеттерінің
жалпы жоспары ретінде бағаланатын – сөйлеу стра-
тегиялары. Үшінші, нақты жағдаяттарда алдын ала
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін орын алатын
сөйлеу амалдары – коммуникативтік (сөйлеу) тактика-
лар.
Сөйлеу стратегиясының «сөйлеу стратегиясы
дегеніміз сөйлесім жағдаятының нақты шарттары
мен коммуниканттардың тұлғалық ерекшеліктерін
ескере отырып, тілдік қатысымды жоспарлау мен сол
жоспарды тілдік қарым-қатынас барысында жүзеге
асыру [5, 252]» деген анықтамасына байланысты
коммуниканттардың бұл әрекетін сөйлеудің фаза-
лары мен сөйлеу әрекетінің психология ғылымында
көрсетілген сатыларының ішінен: сөйлеуге даярлық
және жоспарлау сатыларына жатқыза аламыз. Ал өз
кезегінде психология ғылымында сөйлеу фазалары
мен сөйлеу әрекетінің сатылары: а) сөйлеуге даярлық;
ә) жоспарлау; б) жүзеге асыру; в) бақылау сатылары
деп төрт негізгі фазалар мен сатыларға бөлінген [6,
157].
Сонымен коммуникативтік
стратегия дегеніміз
коммуникативтік мақсатқа қол жеткізуге бағытталған
сөйлеу әрекеттерінің жоспары десек, калау, тілек мәнді
сөйлеу актілерін тілдік қатысым барысында біз түрлі
психологиялық көңіл-күйімізді жеткізу, өтініш айту,
құттықтау, өкініш білдіру үшін қолданамыз. Олар:
(Сурет 1).
1. Алғыс айту стратегиясы. Алғыс айту стратегиясы
адресанттың адресатқа қатысты оңтайлы түрлі көңіл-
күйін жеткізу мақсатында айтылатын қалау, тілек мәнді
сөйлеу актілерін айтқанда сөйлеушінің ұстанатын
стратегиясы. Бұл стратегияны басшылыққа ала оты-
рып тыңдаушысына калауы мен тілегін білдірген
сөйлеуші сөзін өз рахметін айтуымен бастайды. Мы-
салы:
«Рақмет, қарағым, өркенің өссін!»
«Рақмет, балам, қолдарың дерт көрмесін!»
Сөйлеу актілерін осылайша айтылу кезінде
адресанттың басшылыққа алатын коммуникативтік
стратегиялармен тығыз байланыста зерттеудің өзіндік
орны бар. Қазақ тілінде алғыс айту стратегиясын
басшылыққа ала отырып, тілдік катысым барысында
айтылған қалау, тілек мәнді айтылымдар халқымыздың
ұлттық сөйлеу әдебіне тән ерекшеліктерінің бірі десек
те болады.Ал қазақ ұлтының әлеуметтік, тілдік сөйлеу
әдебі мен нормаларының өзіндік ерекшеліктеріне бай-
ланысты бұл типтегі айтылымдар қалау, тілек мәнді
айтылымдар санатында танылып, ондағы «Рақмет»
сөзі тек қана фатикалык қызмет атқарады.
2. Құттықтау стратегиясы. Құттықтау стратегиясын
сөйлеушілер адресаттың өміріндегі айтулы күн немесе
оқиға және әртүрлі мемлекеттік, діни т.б. мерекелер-
ге байланысты айтылатын қалау, тілек мәнді сөйлеу
актілерін тыңдаушысына жолдаған кезде басшылыққа
алады. Бұл типтегі құттықтау мәнді сөйлеу актілерінің
алдында көбінесе құттықтау сөзінің өзі айтылып,
соңынан адресанттың ақ тілегі ілеспек. Мысалы:
А. Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл тың
шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, кере-
мет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты
оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы
болсын.
227
Ә. Туған күнің құтты болсын! Өмір жасың ұзақ бол-
сын! Әрдайым ата-анаңның үмітін ақтап,
бәрімізді
осындай қуаныш пен шаттыққа бөлеп жүр!
Құттықтау стратегиясының аясында жұмсалған
қалау, тілек мәнді айтылымдар пропозиционалдық
мағынасы кең әрі сан алуан бола білмек. Бұл ара-
да оптативті айтылымдардың пропозиционалдық
мағынасына әсер етуші факторларға сөйлесім
жағдаятының әлеуметтік, прагматикалық аспектілері,
яғни коммуниканттардың өзара қарым-қатынас
жақындығы, жас және жыныстық ерекшеліктері жата-
ды.
3.Қарғыс
стратегиясы.
Сөйлеушінің
тілдік
қатысымда аталмыш коммуникативтік стратегияны
басшылыққа ала отырып өзінің теріс мағыналы қалау,
тілек мәнді сөйлеу актісін айтуының алғышарты оның
тыңдаушысына, не үшінші жаққа қатысты ашулануы,
ызалануы, налуы іспетті психологиялык көңіл-күйі.
А. - Құдай атсын сен екеуіңді! (7, 64].
4. Өкініш стратегиясы. Тілдік коммуниканттардың
ішкі жан дүниесімен, көңіл күйімен тығыз байланыста
қатысым үрдісі оны құрушы болады. Тілдік бірліктер
арқылы біз өз сезімдерімізді жеткізіп отырамыз. Сон-
дай сөйлесім жағдаяттары орын алған мезетте біздің
қынжылу, ішкі өкінішімізді қоршаған ортамыздың
бүгінгі таңдағы біздің қалауымыздан шыға бермейтін
болмысын айтып жеткізу үшін өкініш стратегиясын
қолданамыз. Өкініш стратегиясының жүзеге асуының
сөйлеу тактикаларының бірі қалау, тілек мәнді сөйлеу
актілері. Мысалы:
А. – Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен.
Шіркін, ағама хат жазар едім, - деп күңкілдейтін (7,
17].
Ә. - Әттең, оқуың бөгет. Әйтпесе, сені өзіммен бірге
ала кетер едім (101, 207).
Берілген мысалдардан біз сөйлеушінің өткен іске
өкінішін, оның өзін қоршаған ортаның шындығы
басқаша болғанын қалайтындығын түсіне аламыз.
5. Ұсыныс стратегиясы. Ұсыныс стратегиясын
қолданып өз қалауы
мен тілегін тыңдаушысына
жеткізер кезде адресант көбінесе өз сөзін сұраулы
сөйлем мaқымында құрады. Мысалы:
А. - Жүр, ойнайсың ба? – деп дауыстай сөйледі [7,
26).
ә. - Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба, - деді ол
сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен [7, 27).
Б. - Мен жатақханаға барып келсем қайтеді?
Бұл мысалдардан біз ұсыныс стратегиясын ар-
кылы калау мен тілекті жеткізерде сөйлеушінің
өз дауыс ырғағын түрлендіретінін байқай ала-
мыз. коммуниканттардың олай етуінің себебі өз
адресатының назарын аударту.
6. Қоштасу стратегиясы. Аты айтып тұрғандай
қоштасу стратегиясын олданып сөйлеушілер өз
қалаулары мен тілектерін тілдік катысымды тәмамдау
барысында жеткізбек. Әйтсе де, бұл қарапайым
сөйлесім жағдаяты емес, өзара хакын қарым-
қатынастағы адамдардың ұзақ мерзімге коштасарында
орын алатын сөйлесім жағдаяты. Сол себептен, мұндай
жағдайда адресант көбінесе аінің жан дүниесінен
шыккан шынайы калауы мен тілегін білдіреді. Мыса-
лы:
А. – Қарағым, жолың болсын, - деді жыламсырап. -
Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол.
Адам болсаң тауып келерсің әлі... (7, 37).
7. Жұбату стратегиясы. Адресаттың өмірінде орын
алған түрлі оқые жағдайларда оның психологиялық
жағдайы мен көңіл күйіне оңтайлы әсер етпек
мақсатында біз оған жақсы тілектерімізді тілейміз.
Мысалы:
А. - Уайымдамаңыз, Жұмеке. Әуелі басыңыз аман
болсын. Жер бетінде несібе көп. Бірлесіп күнелтіс жа-
сармыз, - деді Сали [8, 51].
Күнделікте өмірде бір кісінің науқастанғанында не-
месе бір жақынынан айрылғанда
біз оған тілегімізді
жұбату стратегиясын басшылыққа ала отырып
жеткіземіз.
Аталмыш коммуникативтік стратегияларды пай-
далануда «Мен сені үйге шақырар едім» сөз ора-
мына «Мен сені үйге шақырғым келіп тұр» немесе
«Сені үйге шақырғанды қалар едім» айтылымдары
грамматикалық ерекшеліктері мен берер мағынасы
бойынша болса да олардың баламалы айтылымдар
ретінде қарастыруға болады. Алайда осы айтылым-
дарды қарымқатынастың әр түрлі жағдаяттарында
қарастырсақ мағыналары мүлдем өзгеріп кетеді.
Сөйлеушінің айтайын деген ойын түсіну үшін осы
сөйлемдерді талдап көрелік. Мысалы, «Мен сені үйге
шақырар едім» деген айтылымда сөйлеуші белгілі бір
иллокутивті мағынаны білдіруі мүмкін:
1. Не қалайсың?
2. Маған жақын адамсың.
3. Қазір орындалмайды, кейін шақырамын.
4. Өткен іске өкініш.
Ал «Сені үйге шақырғанды қалар едім» деген ай-
тылымда сөйлеуші белгілі бір иллокутивті мағынаны
білдіруі мүмкін:
1. Өз құқығым өзімде емес.
2. Менімен санаспайды.
3. Мен бұл жерде кішкентай адаммын.
4. Өкініш
Демек, берілген жағдаяттарында өкініш стратегия-
сы басшылык алынып отырған кезде қалау, тілек мәнді
сөйлеу колданылып отыр. Ал ол тілдік қатысымда
адресанттын қынжылуы мен өткен актілері сөйлесім
іске өкінішін сөйлесім
жағдаятының психологиялық
контексін сипаттап тұр.
Ал «Мен сені үйге шақырғым келіп тұр» деген ай-
тылымда сөйлеуші белгілі бір иллокутивті мағынаны
білдіруі мүмкін:
1. Мен қалаймын.
2. Менің айтқаныммен жүресің бе?
3. Көңілімді қалдырмайсың ба?
4. Үйге келгеніңді қалап, тілеп тұрмын.
Демек, контекстік мағынасы бір сөйлемдер бол-
са да, олардың ар жағында әртүрлі мағына бары
көрінеді. Сондықтан барлық ортативтерге бір негізгі
семантикалық мағынаны белгілеу қиын. Мұндай ай-
тылымдарды қолдану адамның танымдық қабілетіне
тікелей байланысты екені белгілі. Егер тіл арқылы
адам айналасындағы дүниені танып-білсе, танымының
молдығы мен сөздік байлығы арқылы мағынасы
жасырын сөйлемдерді айта алады. Ал қарапайым
айтылымдарға үлкен мағынаны, контекстік ойды
228
сыйғызу үлкен шеберлікті талап етеді. Ал оны дамы-
ту үшін сөйлеу үрдісінің психологиялық контексімен
тығыз байланыстағы тілдік қатысымға дейінгі кезеңге
тиісілі, ойлау үрдісінің нәтижесі болып табыла-
тын коммуникативтік стратегиялар мен сөйлеудің
аффективтік іспетті қызметтерін оқыту керек. Әрі
олардың сөйлеу актісімен арасындағы байланысты
естен шығармаған да жөн.
Сөйлеу барысындағы тілдік құбылыстардың
ерекшелігін тану арқылы коммуниканттың логикалық
ойлауына оң әсері болады. Дәл осы ойлау жүйесінің
дамуы, ең алдымен, оның өзін-өзі тануына алғышарт.
Бұл өз кезегінде тілдік қарым-қатынасқа түсушінің
рефлексиясын дамытады, яғни өз ортасындағы орнын
тани бастауы оның өзіндік санасының қалыптасуына
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: