1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Түйіндеме. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің  рөлі қарастырылған. summary



Pdf көрінісі
бет202/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Түйіндеме.
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің 
рөлі қарастырылған.
summary:
The article discusses the role of children's literature in the formation of the vocabulary of primary school 
pupils.
Тіл дамытудың мәні мен мазмұны – баланың ана 
тілінің жүйесі мен заңдылықтарын игеруіне, сол 
игерілген білім мен дағдыларын өзін қоршаған 
өмірдегі ұғымдар негізінде ойлау икемділіктерін арт-
тырып, күнделікті қарым-қатынаста түрлі жағдайларға 
орай пайдалана білу шеберліктерін қалыптастыру. 
Бұл әрекетке баланың сөздік қоры негіз болады, 
ал сөздік қорды жетілдіру жұмыстары бірнеше 
маңызды мәселені шешеді. Олар: оқушылардың өз 
ойын тілдік қатынаста тиісті сөздермен емін-еркін 
жеткізу; оқулықта берілген тілдік материалдар-
ды түсініп оқу; сөздерді орынды қолданып, сөйлеу 
мәдениетін жетілдіру; оқушының сөз байлығының 
дамуы; шығармашылық қабілеттерді дамыту. Алай-
да оқушылардың сөздік қорын байыту арнаулы түрде 
зерттелмеді, сөздік қорды дамыта оқытудың әдістемесі 
жасалмады [1, 3 б.]. 
Негізгі мақсаты – бастауыш мектеп оқулықтарына 
берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан 
сұрыптап, бала тілінің дамуы, меңгерілген 
лексикасының сандық және сапалық ерекшеліктерін 
ескеру. Сол сияқты оқып үйренуге арналған минимум 
сөздіктерге тілімізде жиі кездесетін және мәнге ие 
сөздерді сұрыптап ала білу. Мұндай жұмыстар тілдік 
таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік 
қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық 
бірліктің негізгісі мәтін құру арқылы жүргізіледі. 
Мәтінді толығырақ тануда мәтін мен сөйлемдер 
арақатынасын анықтап алудың өте маңызы зор. 
Себебі біршама ғалымдар мәтінді бір ғана (жай неме-
се күрделі) сөйлемнен тұрады деп санайды. Бұнымен 
келісуге болмайды. Тек бір ғана сөйлемнен мәтін 
құралуы мүмкін емес. Сондықтан мәтін құру мен 
сөйлем түзу заңдылықтарын бір-бірінен ажырата білу 
қажет. Осы тұрғыдан алғанда С.И.Гиндин мәтін мен 
сөйлемнің айырмашылығын былайша көрсетеді: 
1)Сөйлем дайын формулаға сәйкес құрылады да, 
мәтін жалпы ұстаным бойынша құрылады;
2)Сөйлемнің негізгі белгісі оның грамматикалық 
құрылымында 
болса, 
мәтінде 
мағыналық 
құрылымында;
3)Сөйлемді грамматикалық жағынан құрғанда қатаң 
ұстанымға негізделсе, мәтінді мағыналық жағынан 
ұйымдастыру, яғни сөз таптарының ішкі байланысы 
еркін ұстанымға негізделеді. [2, 81 б.].
Мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара байланы-
суын аңғарту арқылы бастауыш мектеп оқушыларына 
жүйелі ойдың дамуын, өрістеуін байқатуға болады. 
Сондықтан балаларға арналған мәтін құрамындағы 
сөйлемдердің 
өзара 
байланысу 
ерекшелігін, 
сөйлемдердің ұзындығын өзара қатар келген екі 
сөйлемнің қалай байланысып тұрғанын анықтауға 
үйретудің маңызы зор. Себебі бұлар мәтіндік ішкі 
байланыс арқылы жүзеге асады. Ол бір сөздің екінші 
сөйлемде қайталануы немесе бір түбірлі сөздер 
арқылы жасалады. Бірінші сөйлемде келесі сөйлемде 
айтылатын ойдың элементі, екінші сөйлемде үшінші 
бір сөйлемде берілетін ойдың элементі жүреді. 
Сөйтіп мәтін айтылатын ой қашан біткенше бұл 
тізбек өзара байланысып, жалғаса береді. Бастауыш 
сынып оқушыларына мәтін құрамындағы сөйлемдер 
байланысының жасалу жолдары жайлы түсінік беру 
арқылы балаларды жас ерекшелігіне, сынып-сыныбы-
на қарай жүйелі ойлауға, мінез-құлқын ұлттық психи-
ка негізінде тәрбиелеуге болады. Мұның бәрі мәтіндегі 
сөздерді ой елегінен өткізу, пайымдау арқылы жүзеге 
асады. 
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы 
мен сөздердің дұрыс қолданылуына үлкен мән бере 
келіп, сөздік қорын дамытудағы түсіндірмелі оқу 
әдісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А. Байтұрсынов 
тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере 
келіп, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін ай-
татынына назар аудартты. Сондықтан ол ойын өзгелер 
қиналмай түсінетін қылып айту керектігін ескертті. 
Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана 
білуі тиіс деген талап қояды. С.Жиенбаев оқушының 
сөз байлығын молайту үшін: оқушының сөйлеу са-
пасын арттыратын; ойлағанын дәлелдеп, жүйелеп 
айтуға дағдыландыратын; дұрыс жазуға үйрететін 
жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Шамғали Са-
рыбаев оқушылардың тілін дамытуды, оның ішінде 
сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен 
байланыстыра жүргізуды қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз 
мағыналарын игерту әдіс-тәсілдеріне мән берді.
Әдістемеде оқушы сөздігі ұғымы бар. Ол оқушының 


244
белгілі бір сатыдағы меңгерген сөздік құрамының 
көлемін білдіреді. Ал енді оқушының сөздігін байыту 
деген – оның сөздігінің сандық өсуі ғана емес, ұғым 
көлемін кеңітетін сапалық өзгеруі, сөз мағыналарын 
нақтылай түсуі, белгілі сөздің жаңа мағыналарымен 
таныс болу, сонымен қатар сөзді орынды, жатық 
қолдану.
Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге 
оқушыны тілдік қарым-қатынасқа даярлау міндеті 
қойылды. Ол: баланың тілін дамыта оқыту, сөздік 
қорын молайту; сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы, 
ұғымы, ойы, және мазмұны арқылы оқушылардың 
бойында ұлттық танымды қалыптастыру.
Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен, 
оқыту үдерісінде тілдің лексикалық, грамматикалық 
білім нормаларын игертуге байланысты болса, 
екіншіден, сөйлеу икемділігі мен дағдылары сөйлеу 
әрекетінің оқу, тыңдау, айту, жазу әрекетімен байла-
нысты болады. Сондықтан қатысымдық икемділік пен 
жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни 
тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табы-
лады [1, 6-7 бб.].
Тіл білімінде әдетте сөзді екі тұрғыдан, сөйлеу үдерісі 
және сөздің құрылысы тұрғысынан қарастырады. 
Сондықтан да А.Жапарова қандай да бір тілді меңгеру 
үшін алдымен сол тілдің қажетті сөздік қорын игеру 
керектігін айтады.
Қазақ тілін оқытудағы басты мақсаттарының бірі 
– тілді оқушының қарым-қатынаста дұрыс қолдану 
құралына айналдыру. Мұндай мақсатқа жету үшін 
оқушыларда сөйлеу дағдысы болуы керек. Оқушының 
сөйлеу дағдысы оның сөздік қорының болуына, 
грамматикалық бірліктерді бір-бірімен байланыстыра 
алуына және оны сөйлемде, мәтінде дұрыс қолдана 
білу дағдылары мен икемділіктеріне байланысты. 
Бұл – тіл ғылымының түрлі салалары өзара байланы-
ста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Сондықтан 
оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстары ба-
сты тұлға ретінде сөзді алып, оның грамматикалық 
көрсеткіштері негізге алынады.
Л.С. Выготский бала тілінің дамуын және оның 
қалыптасуын баланың өсуімен, оның танымдық 
деңгейінің өсуімен бірлікте қарау керек екендігін 
өз еңбектерінде жан-жақты зерттеп, ғылыми із та-
стап кеткен. Сол себепті де, осы ғылыми негіз бала 
тіліне, оның өсуі мен танымының өсуін және тілінің 
дамуын бірлікте қарау лингвистиканың бала тілін 
зерттеудегі бағытын күрделендіріп және олардың даму 
жолдарының өз ерекшеліктері барлығын тану, бала 
тілін тек қана психолингвистиканың мәселесі ретінде 
ғана санамай, оны лингвистиканың да басты мәселесі 
екендігін танытты. 
А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, 
М.Жұмабаев 
оқулықтарда баланың өз бетімен сөйлеуіне мүмкіндік 
беру үшін ондағы материал бала ұғымына сәйкес болу 
керек екендігін айтқан. Оқулықтағы берілетін матери-
алдар балаға, баланы қоршаған ортаға, өмірдегі бала 
түсіне алатын құбылыстарға жақын, жеңілден ауырға 
қарай берілуге тиісті, өйткені бала ана тілін меңгеру 
үдерісінде алдымен өз заттары, өзін қоршаған орта ту-
ралы пайымдауы қалыптасуы арқасында оған сөйлеуге 
деген қажеттілік пайда болып, сөйлеу тілі қарапайым 
сөйлеуден күрделілікке қарай дамиды. Осыған орай 
оқулықтағы тақырыптар, оларға сәйкес болуға тиісті 
[2, 84 б.]. 
Жаңылтпаштар:
Көкек, көкек, көкек – деп,
Көкектеді көкек кеп.
Көкек, көкек, көкек! – деп,
Көкектейтін көкек көп.
Мына бір шумақ жаңылтпашта «Көкек» сөзінің 
мағынасын өте жақсы аша білген. Мұнда біріншіден 
балаға жаттату үшін тілі өте жеңіл және осы көкек сөзін 
шеберлікпен пайдалана отырып баланың танымдық 
деңгейін арттыра түскен. Бірінші жолында өзінің атын 
атайтындығын көрсеткен болса, екінші жолында оның 
көкектейтіндігін сондай-ақ олардың көп екендігін 
айтып тұр. Демек, бұл құстың көкек деген атауының 
қайдан пайда болғанын ұғу өте оңай.
Тырна тыраулады,
Мысық мияулады.
Тыраулап тырна өтті,
Мияулап мысық кетті.
Торғай сүйер торғайды,
Торғай күтер торғайды.
Торғайсыз тоғай болмайды,
Тоғайды торғай қорғайды.
Балаларға арналған мәтіндердегі қолданылған 
сөздер оқушылардың күнделікті өмірде көріп жүрген, 
танитын, мағынасы түсінікті болып келеді. Балаларға 
арналған мәтіндердің құрамында қолданылған жай 
сөйлемдер алғашқыда атаулы, жалаң сөйлемдер болып, 
кейінірек жайылма сөйлемдер түрінде қолданылады 
[2, 84 б.]. 
Демек, оқулықтың оқушыға түсініктілігі, сапа-
сы оның құрамындағы сөйлемдер ұзындықтарына 
байланысты болып келеді. Сондықтан мәтіндегі 
сөйлемдер ұзындығына қатысты мәселелерін 
лингвостатистикалық әдісті қолдана шешу ғылыми 
шындық десек те болады. 
Балаларға арналған мәтіндердегі жай сөйлемдерді 
құрылымдық жағынан зерттеу үшін ең алдымен он-
дай сөйлемдердің жиілік сөздігін жасау қажет. Оқулық 
тіліндегі сөйлем ұзындығын лингвостатистикалық 
тұрғыдан зерттеу үшін 1950-2009 жылдар аралығында 
қолданыста болған «Әліппе», «Ана тілі» және «Қазақ 
тілі» оқулықтарынан таңдама мәтін алынды. Сөйлем 
ұзындығын анықтауда сөйлем санымен есептелетін 
мәтін көлемін статистикалық өрнектер арқылы таңдай 
білу қажет. [2, 85 б.].
1-сыныпқа арналған «Әліппе» оқулығы мәтіндерінде 
ең көп кездесетіні 3 сөзден тұратын сөйлемдер. 
Одан кейін 2 және 4 сөзден құралған сөйлемдер жиі 
кездеседі. 2, 3 және 4 сөзден құралған сөйлемдер жал-
пы мәтіндердегі сөйлемдердің 84,11 % - ын құрайды. 
Ең азы алты сөзден құралған сөйлем болды, ол жалпы 
сөйлемдерге шаққандағы пайыздық көрсеткіштері – 
1,58%. Құрамында ең көп сөз бар сөйлем (8 сөз) 2 рет 
кездескен.
Оқулық мәтіндерінен алынған жай сөйлемдердің 
құрамындағы сөздерді пайызбен алып қарағанда мы-
надай көрсеткіштерді береді. 3 сөзден тұратын жай 
сөйлемдер – 36,50 % - ды құраса, 4 сөзден тұратын 
жай сөйлемдер – 28,57 %, 2 сөзден тұратын жай 


245
сөйлемдер – 19,04 % - ды қамтиды. Ал, аз кездескен 
5 сөзден тұратын жай сөйлемдер – 7,93%, 7 сөзден 
тұратын жай сөйлемдер 3,17 %, 8 сөзден тұратын жай 
сөйлемдер – 1,58 % - ды құрады. Бұл кестеден 5, 6, 
7, 8 сөздерден тұратын жай сөйлемдер – 15,89 % - ды 
құрайтыны көрінді. 1-сыныпқа арналған «Әліппе» 
оқулығы мәтіндерінен алынған жай сөйлемдерді 
лингвистикалық әдіспен зерттеу барысында орташа 
ұзындығы 3,6 сөзден құралатыны анықталды.
1-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы 
мәтіндерінде 3 және 4 сөзден тұратын сөйлемдер 
жиі кездеседі. Олар жалпы сөйлемнің – 70,2 % - ын 
құрайды. Ең азы бір және тоғыз сөзден құралған сөйлем 
болды, ол жалпы сөйлемдерге шаққандағы пайыздық 
көрсеткіштері 1,06 % - ды көрсетті. Құрамындағы ең 
көп сөз бар сөйлем (9сөз) 1 рет кездесті [2, 86-87 бб.]. 
Бұл нәтижелерге қарап, баланың оқудағы 
жылдамдығы мен сөздердің мағынасын түсінуде 
сөйлемдердің ұзындығы да маңызды екендігін біле 
аламыз. 
Баланың таным үдерістері ұлғайған сайын оның 
сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отырады. 
Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының 
арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан 
оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстарында 
сөздік қор мен психикалық қасиеттерінің арасындағы 
қатыстар анықталды. Мәселен, сөздік қор мынадай 
психикалық қасиеттермен байланысты: 1) сөздік қор 
және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор 
және ұғым. 
Игеруге тиісті материалдар мен оқу амал-
әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз ететін ойлауды да-
мыту – тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан 
баланың сөздік қорының баюы да ойлау әрекетіне бай-
ланысты болады [1,11 б.]. Балабақшада тәрбиеленіп 
жүрген бала үшін жазылған мына әңгімелерге назар 
аударсақ: 
Ірі құстар
Қаз бен күрке тауық 
-Ірі құстар.
Олардың жұмыртқалары да үлкен.
Ақ тауық
Менің ақ тауығым бар. Мен тауығымды жақсы 
көремін. Тауығыма жем шашып, су беремін.
Қызыл әтеш 
Арманның қызыл әтеші бар. Ол қызыл түсті нәрсені 
жек көреді.
Біз оны қызғаншақ әтеш дейміз.
Үйрек
Үйрек суда әдемі жүзеді. Ол балапандарын суда 
жүзуге ерте үйретеді.
Ақ үйрек, қара үйрек, қоңыр үйрек, ала үйрек су 
бетіне көрік береді.
Ауылда 
Мен жазда ауылға бардым. Қос өркешті түйе көрдім.
Атамның жүйрік аты бар.
Атам қойға шөп салды. Әжем сиыр сауды. Мен 
ешкіге су бердім
[4, 28-30, 42 бб.].
Негізгі мақсаты – танымдық деңгейін арттыру. 
Сөздік қорын молайту болып табылады. Яғни мұнда 
сөздік қормен қоса ұғым да қалыптасады. Кітапшада 
әңгімелер буынға бөліп жазылған. Бала құстармен та-
ныса отырып, дұрыс буындап оқуды үйренеді. 
«Балалар әдебиетіне, оның ішінде балабақша 
тәрбиеленушілеріне арнап кітап жазу – оңай шаруа 
қатарынан емес. Ересек адамдар тілінің ауырлығына 
қарамай, игеріп, өз ойымен толықтырып кетеді емес 
пе? Ал, санасы жетілмеген сәби үшін жеңіл еңбек 
қажет. Себебі, оның санасын қалыптастыратын – біз. 
Ыбырай Алтынсарин атамыздың әңгімесіндегідей, 
шыбық-талды, күтіп-баптасаң ғана түзу бой түзейді. 
Балаларға білім беруде, сөздерді өз тәжірибесінде 
қолдана білуге жаттықтыру сөздің тіліміздегі қолдану 
нормасына сай негізделеді. Тілдің ауыс мағынасы, 
метонимия, метафора, синекдохалық, синонимдік, 
омонимдік және антонимдік мәнде қолдану мен 
бейнелегіштік (троптар), стильдік эксперимент талдау 
т.б әдістері арқылы жүргізу тиімді болып табылады. 
Тіл байлығын дамытуға байланысты жұмыстардың 
формалары мен әдіс-тәсілдерін үш топқа бөліп 
қарастыруға болады: 1) айнала қоршаған ортамен 
таныстыру; 2) мүлде таныс емес немесе мағынасы 
күңгірт сөздерді, сөз тіркестерді үйренуге ықыласын 
аудару, жаңа сөздер және сөз тіркестерімен таныстыру; 
3) білетін және игерген сөздері мен сөз тіркестерінің 
қолданылуындағы стильдік реңдерін меңгерту [5, 18 
б.]. тәрбиешілердің алдына қойылған үлкен міндет бо-
лып табылады.
Бала айналасындағы заттармен, ойыншықтармен, 
туған-туыс бауырларымен, үй жануарларымен, 
құстармен, жабайы аңдармен, құрал-жабдықтармен, 
жол жүру ережелерімен, тамақтану әдебімен, жуынуға 
керекті заттармен, бірте-бірте танысады. Өсе келе 
үйренген, танып-білген түйсіктерін іс жүзінде пайда-
ланып, қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет