246
Также изучены формы и виды, лексико-семантические особенности глаголов в казахском языке.
summary:
The article discusses effective methods and techniques for studying verbs in the Kazakh language. Also
studied the forms and types, lexical and semantic features of the verbs in the Kazakh language
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман
талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ой-
лау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық
айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп
ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс
таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу.
Ендеше бұл
міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар
үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының
кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең ба-
сты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің
ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ.
Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің
негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана
тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің
қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компе-
тенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған
дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» алға қойылды.
Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры
қалпында қалмай, баланың өмірлік танымының, айна-
ламен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет
екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық ой
жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын
айқындайды. Тілдің ғылыми негізін меңгерту оның
қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани құндылығымен
қоса берілгенде ғана жас ұрпақ бойында пәнге де-
ген шынайы құрмет сезімін тәрбиелеуге болатыны
бағамдалған. Өз ана тілінің даралық ерекшеліктеріне
көз жеткізу ғана
тілдің эстетикалық талғамын
арттыруға негіз қалайтыны дәйектелді. Тілдің адам
болмысымен байланысы, санаға қатыстылығы тура-
лы тұжырымдардың білім жүйесінен орын алуы –
коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі
[1, 86].
Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға
қатыстылығы
туралы
тұжырымдардың
білім
жүйесінен орын алуы – коммуникативтік біліктілікті
қалыптастырудың тетігі. Етістік – тіліміздегі сөз
таптарының ішіндегі күрделі және қарымы ең кең
грамматикалық категория. Етістік күрделілігі мен
қарымдылығы оның аса өрісті лексика - семантикалық
сипатымен, бай лексика-грамматикалық тұлғаларымен,
синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексикалық-семантикалық сипатының
мейлінше өрісті болуының себебі оның семантика-
сы тек субьектінің
іс-әрекетін ғана емес, табиғат
ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, неше алуан
амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты
үдерістерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды.
Етістіктің осы бай семантикасы, оның грамматикалық
түрлері мезгіл я шақ ұғымымен ұштасады [2, 56].
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын
қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы
түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі
– пәннің практикалық мәніне үнемі назар аударып
оқыту. Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың,
дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар
жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив
оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және
сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан,
олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай
баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:
1) Сабақтың қызықты болуы;
2) Тілдік білім – машықтардың қажеттіліктеріне көз
жеткізу;
3) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті
дамыту.
Қазақ тіліндегі етістік сөздерінің әдеби қалыптағы
теориялық негізін,
зерттеулік көзін қарапайым
тілмен түсіндірген, қазақ тіл білімінің негізін
салып,
терминдерін
қалыптастырушы
ғалым
А.Байтұрсыновтан
бастап
тарамдата
аламыз.
Ғалымның етістіктерге: «Етістік дегеніміз – заттардың
істерін көрсететін сөздер» – деп сипаттама берген
[3,231].
А. Байтұрсынов етіс түрінен басқа етістіктің қазргі
грамматикалық категория түрі болып табылатын рай
түрін де сипаттап жазған. Ғалым етістіктің 14 рай
түрін негіздеген:
1)Тұйық рай, 2) билік рай,
3)ашық рай, 4) шартты рай,
5) ереуіл рай, 6) реніш рай,
7) қалау рай, 8) сенімді рай,
9) сенімсіз рай, 10) мұң рай,
11)көніс рай, 12) қайрау рай,
13)
азалы рай, 14) теріс рай.
Сондай-ақ ғалым реніш райға да сипат береді:
«Реніш рай дейміз – істеген-істемеген істерге реніш
еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: «Шақырғанда
барсамшы!ң, «Көрдім деп айтсамшы» [3; 241]. Қазір
мұндай сөйлем ішінде кездесетін етістіктер шартты
райға енгізіледі, өйткені мұндағы етістіктерде де шарт-
ты рай жұрнағы қолданылып, ең алдымен шарттылық
мағына түсініледі, сонан кейін «-шың жұрнағы арқылы
реніш не өкініш мағынасы үстелгенін аңғаруға бола-
ды.
Етістікке оқушының қызығушылығын оятып,
оның қажеттілігіне көз жеткізетін дидактикалық
талаптардың бірі – оқушыға етістіктен берілетін
теориялық білімнің практикалық мәні екі жүйеде
қатар, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс: біріншіден,
етістіктен өткеннен кейін оқушы оның қай сөз табы-
на жататынын, қай сөз таптарымен қалай қатынасқа
түсетінін, сол сыныптағы бағдарлама көлемінде
меңгеруге міндетті. Бұл ұғым – түсініктер оқушының
етістіктен біліктілігін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, етістіктегі теориялық материалды
құрғақ ереже болып қалудан баланың ішкі қажетіне
айналдыруды қамтамасыз
ету мақсатында жасала-
тын әдістемелік жүйе бойынша етістік тақырыбы
оқушының ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамытуға
қарай ыңғайластырылуы тиіс.
Әдіс - А.Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда,
кезекшіліктен шығатын нәрсе-әдістің жақсы, жаман
болғаны жұмсалатын орнының керек қылуына қарай
[3, 111].
Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер
ететін бірнеше факторы бар. Олардың барлығы да
247
мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс-
әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік
тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптағы балалардың
білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту форма-
лары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық.
Проблемалық сұрақтар
оқушылардың белсенді
әрекеттерін туғызуға түрткі болып өздігінен ой
түйіндеулеріне әкеледі. Мұнда баланың танымдық
дербестігін,
шығармашылық
дағдыларын
қалыптастыру үшін салыстыру, талдау, жинақтау, ой
қорту секілді ойлау операциялары жүзеге асырылады.
Оқушыға етістік сияқты күрделі сөз табын
меңгертуде қазіргі заманға сай жаңа технология-
лар мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы
біз оқушының ойлау қабілетін арттырумен қатар,
оқушылардың тілін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауға,
өз бетінше ізденуге дағдыландырамыз. «Біреу
балаларға сұрақ қоюды үйрететін кітап жазса ғой, сон-
да ол нағыз педагогика болар еді» деп ғалымдар атап
көрсеткендей сұрақтар стратегиясын қолдану тиімді
тәсілдердің бірі.
1) Сұрақтар стратегиясы.
Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады.
Бірі – күрделі, екіншісі – жеңіл. Оқушыға сұрақ
қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады?
Қызығушылықтан, білмегендіктен, біреулерді тексе-
ру үшін т.б. Сұрақ – ойдан туады.
Өз тыныштығын
қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды,
өйткені сұрақ – ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай
сұрақ қоямын, қалай қоямын? т.б. Сұрақ қою әдісін
сабақтың үш кезеңінде де қолдануға болады.
2) Венн диаграммасы стратегиясы.
Айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға
берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал
айқасқан жерге екеуінің ортақ сипаттары тізіледі. Венн
диаграммасын «Мағынаны тану» бөлімінде қолдану
тиімді.
2)
Топтау стратегиялары.
Тақырыптың мазмұнын ашатын негізгі сөздерді
графикалық бейнелеу. Бір-бірімен байланыстыра оты-
ра, тақырыпты дөңгелектер мен сызықтар арқылы
жүйемен толтыру. Мысалы ең ортасындағы дөңгелек
тақырып, ал айналасындағы осы тақырып мазмұнын
ашатын негізгі ұғымдар.
Мысалы, сен көсемше туралы не білесің деген
тақырып бойынша оқушының жасаған жұмысы:
Осындай талаптарға сай ұйымдастырылған,
қолданылған байқау әдісі оқушыларға тілдік
фактілерді тануға, соның негізінде етістік жөнінде
ереже /ой қорытындысын/
айтуға және сол ережені
фактілер арқылы берік, саналы түрде еске сақтауына,
белсенділігін арттыруға, өздігінен жұмыс істеу
қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: