summary:
The article discusses the didactic principles and criteria for evaluating educational achievements, the
difference between criterion evaluation from the traditional, and also provides examples of innovative tools and their
criteria for evaluating learning outcomes.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны
бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі.
Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті
бағамен есептеледі. Педагогикалық практикада қазіргі
күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен
бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені
сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың
объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді ,
өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін
өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, со-
нымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің
сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты
меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде
алып отыратындай, кері байланысты жүзеге асыратын
нақты және анық критерийлері жоқ [1,65]
Жалпы білім беретін мектептердегі білім
алушылардың жаңартылған білім беру жүйесінде оқу
жетістігін бағалауды критериалды бағалау жүйесі
анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын,
олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін
және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа критери-
алды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның
қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға
бағытталады.
Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі
қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау
жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен
байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың
орта мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға
мүмкіндік
беретін
белгілі
параметрлерді
(критерйилерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге
мүмкіндік береді. Әр оқушының дайындық деңгейін,
оқудағы жеке ілгері басуын критерийлік бағалау
жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға
деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру
үрдісінің де сапасын көтеруге де мүмкіндік береді
[2.34]
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің
оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта
даму керек және қажетті деңгейге қалай жету ке-
рек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың
мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және
түсіндіру үдерісі. Бағалаудың барлық түрлері
төмендегілерді қамтиды:
•бақылау,
•алған мәліметтердің интерпретациясы,
•бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы
мүмкін шешімдерді қорытындылау. /«Мұғалімге
арналған нұсқаулық» 2012ж ІІІ басылым, бет 57/
Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті
белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта
көрсеткен. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж
ІІІ басылым, бет 56/ Яғни, бағалау оқыту мен білім
берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз
оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табыла-
тынын түсінуіміз қажет.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы әділ
және шынайы жүйесі, білім беру мазмұнының ажыра-
мас бөлігі болып саналады.
ДББҰ оқушылардың оқудағы жетістіктерін
бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуде бағалаудың түрлі
жүйелерін қолданудың халықаралық тәжірибесімен
бірге Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке
білім беру ұйымдарының: QSI, Хейлибери, «Мирас»
халықаралық мектептерінің тәжірибесі де зерделенді.
Ресейдегі Халықаралық Бакалавриат мектебіндегі
бағалау бойынша жұмыс тәжірибесі де зерделенді [3,
97]
ДББҰ мамандары Халықаралық Бакалавриат
мектептері қауымдастығының Самара қаласында
өткен «Халықаралық Бакалавриат: 21-ғасырдың
білім беру сапасы» конференциясына қатысты,
онда Халықаралық Бакалавриат мектептеріндегі
бастауыш
(PrimaryYearsProgramme),
негізгі
(MiddleYearsProgramme), жоғары (DiplomaProgramme)
бағдарламаларындағы оқушылардың жетістіктерін
критериалды бағалау кезінде білім беру процесін
ұйымдастыру ерекшеліктері зерделенді.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары
мен шетелдік білім беру жүйелеріндегі бағалау
түрлері, оқытудың жоспарланған жетістіктерін крите-
риалды бағалау ерекшеліктері және артықшылықтары
туралы мәселелер University of Cambridge International
Examinations (CIE) халықаралық сарапшыларымен кез-
десуде қарастырылды. Сонымен қатар Халықаралық
бакалавриат бағдарламаларының өкілдерімен кеңестік
кездесулер өткізілді, кездесу барысында A-level, Pre-U,
IB халықаралық бағдарламаларында қолданылатын
бағалау жүйесі, бағалаудың критериалды тәсілінің
ерекшеліктері қарастырылды.
University of Cambridge International Examinations
(CIE) сарапшыларымен жұмыс істеу біздің
мамандарымыздың қалыптастырушы бағалау туралы
және оны оқушылардың жеке дамуын қамтамасыз ету
үшін пайдалануы, апробацияның 1-ші жылында кри-
териалды бағалау жүйесінің жиынтық бағалауын дай-
ындауы туралы түсінігін кеңейтеді.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-
танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасай-
тын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім
беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мек-
теп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.)
барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен,
нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың
оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір
нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,
негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрип-
251
торы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу
нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі.
Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған
мақсатына жетуін анықтайды.
Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта
күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру
деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы
бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің
арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асы-
рады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материал-
ды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс
орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар
мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.
Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты бло-
гын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының
қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды
бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге
асырады.
Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектеп-
те (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы
мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін
қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды
жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру
кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып
табылады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-
танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасай-
тын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім
беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мек-
теп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.)
барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен,
нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың
оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында
бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері,
түрлері және әдістері қолданылады.
Критериалды бағалау кезінде:
-оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
-оқушы бойындағы үрейленуді басады;
-мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол
кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.
Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да,
мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына
ие.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған
қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
1.баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы
ғана бағаланады;
2.оқушының
жұмысы
басқа
оқушылардың
жұмыстарымен салыстырылады;
3.нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы
орындалған тапсырманың анық және дұрыс
сипаттамасының болуы;
4.оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады;
5.ушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін
бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі
әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз
жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлек-
сия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде
дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты бо-
лып табылады;
6.өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында,
бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру;
7.нені оқытты соны ғана бағалауға болады,
сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының
нақты көрінісі;
8.пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш
пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың
критерийлері болып табылады және оқушылардың
жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін
жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды
ұйымдастырудың негізгі факторлары – ішкі, сыртқы
және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болып
табылады.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің
білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бой-
ынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау
көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады.
Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім
беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім
беру мекемелерінің қызметі, олардың тиімділігі,
нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған
сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі
оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы;
мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің
құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді
құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам
арасындағы арақатынас; оқу жоспарлары мен оқу
курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі
деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің
жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру
ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына
жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған,
мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің
жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу
орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша
өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың
нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы
қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының
материалдық ресурстары).
Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде
жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс
береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі
нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және
белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін
осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен
салыстыру);
жағдайлық
бағалау
(белгіленген
міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын
анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің
қызметін, белгілі бір білімділік секторды неме-
се тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық
бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын
зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де);
стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының
білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу)
[5,101].
Қорыта келгенде, критериалды бағалау білім
алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын
кез-келген кезеңде анықтауға, әртүрлі жұмыстардан
алған бағаларды дифференциалдауға, құрылымдық
бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының
еңбегін анықтап, саралауға және әділ әрі нақты
252
бағалауға ықпал етері сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Интегрированная модель критериального оцени-
вания. Методические рекомендации – Астана. АОО
НИШ.
2.Красноборова А.А. Критериальное оценивание
как технология формирования учебно-познавательной
компетентности учащихся тема диссертации и авто-
реферата по ВАК 13.00.01, кандидат педагогических
наук. – М.: 2013. – 35 с.
3.Информационно-методический журнал «Педа-
гогический диалог». – Астана. ЦПМ АОО «НИШ».
№2(8). 2014, -С. 6-10.
4.Жиркова З.С. Диагностика мотивационной образо-
вательной среды сельской школы. // Вектор науки ТГУ.
Серия: Педагогика, психология. 2011. – С. 150-170.
5.Бражник М.О. Оценивание учащихся основной и
старшей школы в Финляндии. - Электронное научное
издание (научно-педагогический интернет-журнал). -
Ноябрь 2009 г.
Достарыңызбен бөлісу: |