1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМұНЫ АЯСЫНДА



Pdf көрінісі
бет208/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМұНЫ АЯСЫНДА 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖұМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Уразбекова Назира Кенжетаевна
Алматы облысы Панфилов ауданы
А. Розыбакиев атындағы ОМ КМ, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Резюме: 
В статье рассматриваются проблемы работы с одаренными детьми. Рассматриваются их отличитель-
ные признаки и особенности. Обсуждается педагогический подход к работе с одаренными детьми при традици-
онном образовательном процессе. 
summary: 
The article deals with the problems of working with gifted children. Their distinctive features and features 
are considered. A pedagogical approach to working with gifted children during the traditional educational process is 
discussed.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім 
беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі 
бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып 
келе жатқан инновациялық экономика қай салада бол-
са да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз сала-
сы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, 
өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз 
білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай 
толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда 
келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді?
Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз. 
Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып 
келді. Дегенмен де білім беруде балаға не білу 
керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету 
керектігін білмей қиналып жүрген шақтарымыз 
болды.Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты 
меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе 
алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби 
құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады. 
Яғни, ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену 
процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге 
жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен 
үйрену керек», -деген түсінік қалыптасады. Бұл ұстаз
еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе –
ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. [1, 61]
Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру аясын-
да дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс білім 
беру жүйеесінді маңызды рөл атқарады. Ұстаздарға
қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім 
беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, 
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды 
жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, 
өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, 
зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік 
тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы 
басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипат-
талатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауап-
ты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу ке-
рек деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта мектеп 
ұстаздарының біліктілігін арттыру -басты мақсат бо-
лып табылады.
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай, 
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы - 
өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті 
шәкірттердің бойына сіңіру- ұстаздардың міндеті 
екені даусыз.
Дарынды адамдар туралы айтылған сөздер, ойлар 
ширек ғасырлардан өте айтылып келеді. Антикалық 
дәуірде осы дарынды адамдар туралы, яғни ІХХ 
ғасырда ғылыми трактаттарда «данышпан» және «да-
рынды» деген түсінік қалыптасты [2, 125]
Антикалық дәуірде дарындылықты кейбір фило-
софтар – «құдайдың тартуы» деп түсінген. Олардың 
қатарына Платон, Сенека, Демокрит жатады. 
Антикалық философтардың ойынша дарынды адам – 
ақиқат білімге ие деп түсінген.
Орта ғасырларда «дарындылық» құдайдың сыйы 
деп түсінген. Сондықтан дарындылық бар немесе жоқ 
деп түсінгендіктен оны ешкім зерттемеген.
Дарындылық құбылысына Қайта өркендеу дәуірінде 
(ғылым мен білімнің) қызығушылық таныта бастаған. 
Бұл кездейсоқтық емес. Қайта өркендеу дәуірі әлемге 
Леонардо да Винчи, Микеланджело Буонаротти, Ми-
шель Монтень, Николай Коперник, Николо Макиавел-
ли, Данте Алигьери, Вильям Шекспир және т.б тектес 
ұлы ғұламалардың, ерекше дарын иелерінің тууына 
алып келгендіктен, көптеген философтарда сұрақ ту-


253
ындады: «Данышпан және дарындылық дегеніміз 
не?». Бірақ бұл сұраққа ортақ пікір болмады.
ХІХ 
және 
ХХ 
ғасырларда 
дарындылық 
тұжырымдамалары пайда бола бастады. Көрнекті 
ағылшын оқымыстысы Френсис Гальтон ең бірінші 
рет «Данышпандықтың тұқымқуалаушылығы және 
оның заңы мен салдары» атты кітабында дарындылық 
тұқұым қуалаушылықтың факторын экспериментал-
ды түрде дәлелдегісі келді. Артынан дарындылықтың 
адам өміріндегі тәрбиеге, білім алудың жағдайына, 
өмір сүру сапасына байланыстылығы анықталды 
[3,94]
1940 жылы «Қабілеттілік және дарындылық» атт 
мақаласында Борис Михайлович Тепловтың ой-
ынша: Дарындылықты қабілеттің және ортаның 
факторларының үйлесімділігін, болашақта табыстарға 
жетудің бірден –бір жолы ретінде қарастырған.
Қазіргі кезде жекелік, дарындылық, данышпандық, 
таланттылық, дарынды балалар және балалар 
дарындылығы түсініктері кеңінен қолданылады. Осы-
ларды тізбектеп қарастырайық: жекелік- қабілеттілік- 
дарындылық-талант.
«Жекелік» 
кейбір 
анықтамалардың 
қайталанбайтындығын 
көрсетеді, 
адам 
бойындағы психиканың ерекшелігі, қабілетінің 
қайталанбайтындығын көрсетеді. Ережеге сәйкес, 
«жекелік» жеке тұлға бойындағы қабілеттердің жан 
– жағындағыларға ұқсамауы. Әр бала ерекше, бірақ 
кейбір балалардың ерекшелігі өте жарық көрінеді, 
яғни көзге түседі, басқаларды ескеру мүмкін емес.
Жекеліктің қалыптасуына өсіп отырған орта, 
қауымдастық, бала кезіндегі тәрбиенің ерекшеліктер 
ықпал етеді. Жеке дарын иесі болу – ол өзінше ойлап 
білу, жаңа ойларға үлес қосу.
1.Тұқымқуалаушылық 
және 
физиологиялық 
ерекшеліктер. Тұқымқуалаушылық адамның сыртқы 
пішін ерекшелігін сақтап беріп отырады. Физиологи-
ясы олардың мінез құлқы туралы айтады.
2.Қоршаған ортаның ықпалы адамның жеке 
дарындылығын қалыптастырады. [3, 96] 
Адамның жекелік дарындылығына мәденит және 
әлеуметтік жағдай өте қатты әсер етеді. Жекелік 
тәрбиеленіп отырған жанұяға байланысты. Жекелікке 
тәрбиелініп отырған балабақша, мектеп, және 
қоғамдық орынның ықпалы өте зор.
Жеке тұлғаның анықтамасында оның қабілеті 
маңызды роль атқарады. Қабілетті жеке – 
психологиялық ерекшелік деп қарастырып, әріқарай 
белгілі бір істің табысты аяқталуына ықпал етеді.
Дарынды балаларды жинаған білімдерін кең 
қолдана білетіндіктері ерекшеленеді.Педагогикада 
бала дарындылығы пайда болған уақытынан бастап 
айтылады. Баланың дарындылығын психолог, педа-
гог, немесе ата – ана анықтаған болса, онда оны өзекті 
(актуальная) дарындылық деп атайды. Уақытында 
анықталмаған дарындылық потенциалды дарындылық 
деп аталады.
Педагогикада 
дарынды 
балаларды 
бірнеше 
категорияға бөледі
1.Интеллектуалдық қабілеттері ерекше жоғары 
оқушыларды айтады.
2.Ғылымның белгілі бір бөлімінде ерекше ойлау 
қабілеттері бар, академиялық нақты қабілетімен ерек-
шеленген оқушы.
3.Шығармашылық қабілеті жоғары оқушы.
4.Көшбасшылығы жоғары оқушы.
5.Белгілі бір себептермен оқуда жетістігі жоқ, бірақ 
танымдық қабілетінің, ойлау қаблетінің жоғарылығы 
және психикалық жаратылысының ерекшелігі бар 
оқушылар [4, 104]
Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын 
талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты 
қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды 
баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, 
сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта бала-
ны дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз 
баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып 
отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас 
ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талант-
ты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен 
баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан 
кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байла-
ныс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, 
үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін 
сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық 
тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың 
мәні зор.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға 
бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез кел-
ген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан 
жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, 
қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. 
Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне 
көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім 
қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының 
ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топ-
тап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта 
оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай 
оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. 
Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты 
болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп, 
ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың 
ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті 
мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып 
оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол 
оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Орта мектеп-
те оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу 
деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа 
алса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға бола-
ды. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – 
мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. 
Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан 
арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны 
да болады. Туа бітті болатыны – тұқымқуалаушылық. 
Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. 
Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп 
қалуы да мүмкін» - деген [5, 167]
Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті 
көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей 
еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда 
күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны 
үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты не-
месе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға 
болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа 


254
қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда 
мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен 
жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші бо-
лып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру 
үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы 
нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен 
байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән 
құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке 
дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын 
тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: 
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туа-
ды: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, 
екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге 
құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі 
«Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу 
және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп 
түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерт-
теу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. 
Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз 
баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін 
емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, 
ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандары-
на жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу 
арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз 
қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – 
оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып 
табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан ба-
стап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың 
зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш 
сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс 
жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, 
бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық 
қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, 
ізденуге құштарлығын шыңдай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет