123
өзгешелігін,жалпылығын
анықтау,
мемлекеттік
қайраткерге немесе басқа тарихи тұлғаға, көркем
шығармаға, талқыланған затқа, объектіні саралауға
өзгеше тұрғыдан қарау, тек білімнің осы саласына
тән өнердің тәсілдерін, оның көркем іске асуының
тәсілдерін қарастыру.
Кіріктірілген әдебиет сабағын құрудағы
центрикалық тәсілде орта ретінде тарих және
әдебиеттану тұрғысынан оқушылар тобымен немесе
оқытушымен түсіндірілетін шығармашылық мәтінді
алуға болады. Сол сәтте «Өнертанушы» (өнертанушы
рөлін атқаратын оқытушы немесе оқушы) әр түрлі
өнер шығармаларындағы берілген сюжеттің іске
асуының мүмкіндігін саралайды. Осылайша біз жан-
жақты түсініктеме аламыз.
Н.А.Некрасовтың «Ресейде кімге өмір сүру жеңіл»
поэмасы оқырмандар тарапынан мәнерлеп оқылып
жатқанда, мәтінін түсіндіруде тарихшы мезгілге,
оқиғаларға, есімдерге, 1861 жылғы шаруалық
реформаның реалиясына, әр түрлі қауымдық
бағыттардың өкілдерінің оған қарым-қатысына ерекше
көңіл бөледі. Әдебиеттанушы бұл жағдайда авторлық
ұстанымды білдіретін шығармашылық тәсілдерді
түсіндіріп, шығармашылық аспектіде Некрасов
туындысындағы ертегілік бастама, саяхат, бақытты
адамды іздестіру тәрізді фольклорлық әдістердің
қолданылу ерекшеліктеріне назар аударады.
Кіріктірілген сабақтың(«панорама-сабақ») барлық
белсенді қатысушыларының қызметіне материал-
ды дайындау, әр түрлі жанрда және түрлі монологтік
пікір мен диалогтерді дайындау кіреді. Бәрінен бұрын
кіріктірілген сабақтағы оқушылардың іскерлігін дұрыс
ұйымдастыру үшін шынайы диалогтік қарым-қатынас
орнату керек. Ғылымда диалогтің екі түрі ерекшелен
еді:эротақырыптық(әңгіме, сократтық диалог, емти-
хан) және дискуссияны, диспутты, таласты білдіретін
эвристикалық. Ақпараттық және интерпритациялық
диалогтер белгіленетін тағы бір классификация-
ны білу маңызды. Алғашқысы өзара білім жарысы-
на қатысушылардың білім деңгейінде ала-құлалық
болған жағдайда пайда болады. Олардың білім
деңгейлері бірдей болған кезде диалогтің екінші түрі
іске асады. Диалогтік тілдесудің қатысушыларының
пікірі әңгімелесушілердің пікірлерінен құралады, олар
өзгелерге ықпал етеді. Демек, сабаққа дайындық ба-
рысында оқытушы диалогке қатысушылардың ортақ
қимылын әдеби материал және тақырып бойынша
ұйымдастыру керек.
Кіріктірілген сабақтар оқушылардың сөйлеу мәнерін
ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік береді. Көркем
мәтін және ғылыми сипаттағы материалдар негізінде
оқушылардың
стилистикалық(лингвистикалық,
әдебиеттанымдық,
өнертанушылық)
ептіліктері
жетіледі. Қазақ тілінің көркем бейнелеу құралдарымен
және олардың әдеби шығармашылықтағы көркем
ойлы функциясымен де әр түрлі ғылымда сөйлеу
шеберліктері жетіледі. Бұл бағыттарға пән мұғалімі
оқушыларды сабаққа дайындау кезінде сүйеніп, сол
негізде әдебиеттің өзге пәндермен, соның ішінде та-
рих пәнімен пәнаралық байланысын іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: