119
Тірек сөздер: Кейіпкер, пафос, эстетика.
Аннотация: Современная казахская детская поэзия – это художественное развитие национальной литературы
на протяжении нескольких веков, в период ее переполнения. Детская литература является важнейшим сред-
ством воспитания детей. Художественные образы расширяют кругозор детей, формируют отношение к окружа-
ющей среде. Детская литература, являющаяся частью общемировой литературы, имеет свои особенности, что
связано с психологическими особенностями детей, познанием и восприятием окружающей среды, формами,
применяемыми для описания истины. Одна из главных проблем детской поэзии – героиня.
Ключевые слова: герой, пафос, эстетика.
Аbstract:Modern Kazakh children's poetry is the artistic development of national literature for several centuries, during
its overflow. Children's literature is the most important means of education of children. Artistic images broaden the
horizons of children, form an attitude to the environment. Children's literature, which is part of the world literature, has
its own characteristics, which is associated with the psychological characteristics of the child, knowledge and perception
of the environment, forms used to describe the truth. One of the main problems of children's poetry is the heroine.
Key words: hero, pathos, aesthetics.
Балалар поэзиясы жалпы қоғам мен халықтың ру-
хани жағдайын, мәдени дамуының өзіндік көрсеткіші
болып табылады. Ол көптеген ұрпақтар жинаған жал-
пы адами тәжірибеден жинақталған күрделі әрі сан
алуан және бір ыңғай жүйені құрайды. Ең негізгісі,
балалар поэзиясы арқылы балалар эмоциясы, таным
дәрежесін көре аламыз
және де ол мәдениетаралық
қатысымға түсуде аса маңызды орынға ие болып
тұр. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеуде аса маңызды
амал болып саналады. Көркем бейнелер баланың
дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған ортаға көзқарасын
қалыптастырады. Жалпы әлемдік әдебиеттің бір бөлігі
болған балалар әдебиеті өзіндік өзгешелікке ие, ол
дегеніміз баланың психологиялық ерекшелігіне, та-
нымы мен қоршаған ортаны қабылдауына, шындықты
суреттеп беруде қолданатын форма мен амалдарға бай-
ланысты[1.35].
ХХ ғасырдың белгілі балалар әдебиетін зерттеушісі
Ш.Ахметов «Қазақ балалар тарихының очеркі»
кітабында балалар әдебиетінің ерекшеліктерін
жазған болатын. Балалардың психологиясына зерттеу
жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті әңгімеленіп
отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын,
дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасы-
нан алынып отыруын қажет етеді және әңгімеленіп
отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт.
Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірен әсер
ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы керек. Ба-
лалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін
суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы
ерекше болды. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда,
балалар алдымен оқиғадан оқиғаның туып отыруы-
на, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер
мінездерінің әр жақты болуына қызығады.
Одан соң
оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Баланың жаратылыстың көркем көрінісітерін, пейзаж-
ды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды,
соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жара-
тылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық
қабілетін арттыра түседі. Эстетикалық тәрбие көбіне
ақыл тәрбиесімен тығыз байланысты болып отыра-
ды. Өйткені көркемдікке тәрбиелеу – баланың ақыл-
есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады.
Эстетикалық тәрбие сондықтан да көркем өнердің
барлық салаларында ұлы шеберелер жасаған көркем
өнердің, көркем әдебиеттің аса құнды шығармаларын
балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан ра-
хаттанып рухани ләззат алуын дамытады. Бала-
лар әдебиеті шығармаларының мазмұн мен идеясы
олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын
болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Олар-
ды белгілі мамандыққа үйретіп, еңбексүйгіштікке
әуестендіре білуі керек. Балалар әдебиетінің тілі
ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше
түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті.
Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын
байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табы-
лады[2.15].
Балалар поэзиясындағы назар аударуды қажет ететін
мәселелердің бірі – кейіпкер. Өйткені кейіпкерлер
өз атынан сөйлеу, кейіпкерлердің ішкі ойын, яки
әсер-сезімін
бейнелеу, кейіпкерлердің диалогтық
сөйлесулері, автордың кейіпкерлерге сөйлеуі –
балаларға арналған шығармаларда жиі кездесетін
әсерлі тәсіл. Бұл тәсілдің әсерлі болатын себебі – І
жақтан баяндау өлеңге шынайылық сипат дарытады,
бала-оқырман өлеңді тікелей өзіне арнап жазылғандай
қабылдайды, өлең кейіпкерімен өзі сөйлесіп
отырғандай күй кешеді, сол себепті, ол өлең арқауына
алынған мәселеге іштей араласа бастайды, түрлі
жағдайларды басынан кешіреді, ойланады, ой түйеді.
Бастан кешкен жағдайлардың ізсіз кетпесін ескерсек,
жазылған өлеңнің артықшылық себебін де пайымдай
алатынымыз анық[3.9].
Балалар поэзиясы кейіпкеріндегі ескерілуге тиісті
басты талап – кейіпкер сөзіне жасандылықтың бол-
мауы, қолданылған сөздің кейіпкер жасына, таным-
білім деңгейіне, мінез-құлқына, әрекетіне, әлеуметтік
ортасына, уақытқа сәйкес келуі. Осы тұрғыдан зама-
науи қазақ балалар поэзиясының авторы Ә.Ысқақтың
«Кино көргіш Шонай» өлеңіне зер салсақ:
Ван Дам, Шварцнегер дегендерді
Жатқа біледі.
Олар білмегендері
«Өмірден қалған» деп күледі.
Ал өзі,
Қобыландыны, Кебекті, Абылайды,
Кім екенін білмейді, танымайды...» .
Көрініп тұрғандай, өлеңде жалт-жұлт бояуда,
әсірелей асқақтанқан пафоста жоқ.
Солай бола тұра
ақын, бүгінгі заман балалары кітап, білім мен дос
болудың орнына көбірек теледидар, ғаламтор т.б.
бұқаралық ақпараттар құралдарымен жақын екендігі
және сол экраннан көрген, тоқығанын күнделікті
өмірде қолданары анық, алайда олардың дұрыс
120
және бұрыс жағыда бар екенін жеткізіп, ақын өз
заманымыздың шындығын, бүгінгі кейіпкерді бояма-
сыз суреттеген[1.50].
Өзінің айтар ойы кейіпкерге де, оқырманға да күштеп
танылмайды. Автор өзінің айтар ойын оқырманға
кейіпкерді нысанға ала отырып, көздегеніне қол
жеткізді. Кейіпкерге айтылған түпкі ойды, салы-
стыра отырып ой түйеді. Ол ой кейіпкерге айтылған
- («Қобыландыны, Кебекті, Абылайды, Кім екенін
білмейді, танымайды...») өрім алып жатқан авторлық
идеямен өзектес.
Қаламгерлеріміз балаларды күлкімен тәрбиелеуді –
тәрбиенің ең үлкен түрі ретінде баса назарда ұстайды.
Ол әдіс қазақ балалар әдебиетінің бастауында тұрған
М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Смақов
т.б. бастауын алып, бүгінгі ұрпақтары тарапынан кең
таралуда. Ақыл айту жасөспірім
кезінде бала психо-
логиясына кері әсер етері заңды. Балаға өз кемшілігін
түсіндіргеннен гөрі, жағымды юмормен жеткізудің
берер нәтижесі мол. Сондықтан да ақындарымыз
күлкіге баланы тәрбиелеудің жанды құралы ретінде
мән береді. Ал, Қ.Баянбаевтың «Байлауы бала» дейтін
өлеңіндегі сатиралық өрнек басқаша.
«Күнде көрем Қуатты,
Телевизор алдынан.
Кәрі мысық сияқты.
От басында қалғыған».
Ақын бүгінгі күнгі бала бейнесін негізге алға оты-
рып, осы бір шумағында әрбір отбасында кездесетін
жайттарды еске салады, балалар теледидар, ұялы теле-
фон, ғаламтор т.б. ақпарат пен техгология амалдары-
на әуестеніп, тәрбие мен мінез-құлықтарындағы және
адамгершілік сынды адами қасиеттері кері өзгерістерді
суреттеген[5.3].
Балалар поэзиясындағы негізгі мәселелердің бірі
тілдік қолданыстар жайын сөз еткенде, назар ауда-
руды қажет ететін – кейіпкер тілі. Бастан кешкен
жағдайлардың ізсіз кетпесін ескерсек, кейіпкерлердің
сөзі үлгісінде жазылған өлеңнің артықшылық себебін
де пайымдай алатынымыз анық. Балалар поэзиясы
кейіпкер тілі дегенде, ескерілуге тиісті басты талап –
кейіпкер сөзіне жасандылықтың болмауы, қолданылған
сөздің кейіпкер жасына, таным-білім деңгейіне, мінез-
құлқына, әрекетіне, әлеуметтік ортасына, уақытқа
сәйкес келуі. Осы тұрғыдан Ә.Жарасқанның «Ат
мінген» өлеңінде:
Оқуды күз айға сап,
Қайтпақ болдым қалаға.
Деді атам:
- Той жасап,
Ат мінгізем балама...
Сөйледі де
шаттанып,
Өңкей шалды шақырды.
Тойдан кейін
Мақтанып,
Ерттеп берді атымды
Ақынның айтар ойы кейіпкерге де, оқырманға
да күштеп танылмайды. Автор өз оқырманының са-
насына ұлтымыздың асыл қасиетін, өнегелі салт-
дәстүрін ардақтай білу қажеттілігін баланың түйсігіне
лайықтап сіңіріп тұр. Атаның немереге, нағашының
жиенге бәсіре атауы өз ұлтының ежелден келе жатқан
дәстүр екендігін, ғасырлар бойны қалыптасқан салт-
дәстүрді сақтау адамға жақсы әсер ететінін өз ба-
сынан кешіре отырып сезінген кейіпкермен бірге,
бала халықтық дәстүрге құрметпен қарау қажеттігін
балалық түйсігімен сезінері анық[3.9].
Келесі тағы бір ерекшелік, кейіпкер үнемі
бір ыңғай жақсы не жаман мінезден құралмайды.
Кейіпкерлердің жағымдысы да, жағымсызыда болады.
Қ.Әбілдақызының «Әкеге қарап...» тақырыбындағы
өлеңінен бүгінгі күн сипатын, ұлттық мінез-құлықтың
кері болмысын көреміз.
« - Әке, сіз қайда тудыңыз?
- Атаңдар туған ауылда.
- Қалада неге тұрдыңыз?
- Не бар дейсің ауылда?
- Әке, мен де өскенде.
Шет елде тұрамын.
Туған
жерде не бар деп,
Әке жолын қуамын!»
Кейіпкерлердің диалогтік сөйлесуінен туындаған
дәл осы өлеңінде ақын, көкейкесті мәселені алға тар-
тады, ұлттық болмысы, келіп шығуы, ата тегінен
бас тартқан одан ұлттық болмысынанда бас тартары
анық, дәл осындай тәрбие алған бала ел болашағына
немғұрайлықпен қарап оны дамыту, көркейту орны-
на қара басының қамын ойлап шет ел асып, өз білігін
өзге ел қызметіне жұмсары анық. Негізінен айры-
ла бастаған, ұлттық бастауын есінен шығарып алған
тұлғадан өз түп-тамырын танымас адамдар туарына
көз жеткізе бастағандаймыз. Кейіппкер баланың сөзі
арқылы әкенің шектеулі түсінігін танимыз. Бір ғана
жағдаяттағы әрекеті ғана емес, өз тегін бағалауды
естен шығарып бара жатқан тұтас бір ұрпақты сөз
өрнегімен жеткізген[1.56].
Ақын Е.Елубаевтың «Сұхбатта»
деп аталатын
өлеңінен ақын мектеп жасындағы барлық бала айта-
тын, армандайтын «Кім болам?» тақырыбына арнаған,
күні кеше шахтер, малшы, бағбан, құрылысшы бо-
лам деп қоғамның әр саласының дамуына септігін
тигізетін балалардың, бүгінгі ұрпақ тек «іскер»,
«банк қызметкері», «заңгер», т.б. ақша мен жеңіл
табыс, физикалық ауыртпалығы жоқ қызметтері
таңдауы олардың өмір ауыртпашылықтары мен
қиыншылықтарына төтеп бере алмайтын жаңа өскелең
ұрпаққтың болу біздің қоғамымызда бар екендігін
ашық, шынайы баяндайды.
«Сонда кім қазбақ көмірді,
Кім қорытпақ темірді,
Кім бақпақшы қойларды,
Кім салмақшы жолдарды,
Кім шығармақ күліңді,
Кім жыртады жеріңді,
Кім қорғамақ еліңді?»
Шынында да, ұлттық балалар поэзиясы – әдеби
көркемдік дәстүрі ежелгі жәдігерлері мен халықтық
әдеби
мұралардан енші алып, балалар дүниесіне
арнайы бет түзеген кезеңінен бергі аралықта
тақырыптық-идеялық жағынан да, жаратылыс сы-
рын көркемдік-шығармашылық тұрғыдан игеру және
танып білгенін бала болмысына лайықты ұсыну
жағынан да, тәрбиелік-тағылымдық қуат жағынан да
кемелденіп келе жатқан, толассыз ізденіс үстіндегі