117
отличается видовым разнообразием, художественным своеобразием, структурным изменениями в лирике стиха.
И в этот период свой путь и в поэзии и на пути к сердцу читателей начинает поэт Галым Жайлыбай.
Аbstract:The eighties of the twentieth century in Kazakh poetry marked a special rise.
This period is characterized by species diversity, artistic originality, structural changes in the lyrics of the verse. And
in this period the poet Galym Zhaylybay begins the way both in poetry and on the way to heart of readers.
ХХ ғасырдың екінші жартысының сексенінші
жылдары қазақ поэзиясына келген ақындардың
поэзиясындағы өзіндік ерекшеліктер жалпы әлем
әдебиетіндегі озық әдеби дәстүрлердің негізінде
қалыптасты. Олардың поэзиясындағы көркемдік
тәсілдер де әр түрлі сипатта көрінді. Осы кезеңде поэзия
әлеміне қадам басып, бүгінде өзіндік қолтаңбасымен
оқырманға танымал болған ақындардың бірі Ғалым
Жайлыбай.
70-80-жылдары
поэзия әлеміне батыл қадам
басқан бір топ талантты ақындардың поэзиясы мен
шығармашылығы көптеген қаламдастарымен ша-
быттана, жарыса дамыды. Сол бәсекелестің жуан ор-
тасында Ғалым Жайлыбай поэзиясы тұрады десек
қателеспейміз.
ХХ ғасыр поэзиясының бастау көзі сонау Абай по-
эзиясымен сабақтасып, одан бергі кезеңдерде ХІХ
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің негізін салу-
шыларды алып келген әдеби дәстүр одан әрі жалғасады.
Қазіргі қазақ поэзиясында Абай салған дара жол бар.
Бұл дара жол бүгінде Ғалым Жайлыбай поэзиясында
дара жолға айналған. Абай дәстүрін қазіргі қазақ по-
эзиясында жаңашылдықпен көрсете білген. «Жаңа
кезеңдегі қазақ поэзиясының толыққанды арнасы
ретінде дәстүрден жалғасын тауып, жаңашылдыққа
бет бұрды» [1, 83 б.].
Ақын «Жаңғырық» өлеңінде:
Дауысым шықты жаңғырып,
Жан-жағым толған жаңғырық.
Сізден
соң өмір-өлеңге
Біз қайдан келдік қаңғырып?
Адасқан күшік секілді
Ойларым жұртта қалды ұлып? [2,109 б.] деп жыр-
лайды.
Қазақ сөз өнері, оның ішінде қазақ поэзиясы
қашанда ішкі сезімді өрнектеуде ерекше сипатқа
ие. Өлең жолдарындағы «жаңғырық» ақынның
ішкі жанайқайы. Адам баласының жандүниесіндегі
«жаңғырық» тіршілік атаулы тірі тұрғанда жалғасын
таба бермек. Көкірек көзі ояу, көңілі сергек жан бала-
сы үшін өзін қоршаған ортасында жалғыз сезінуі – бұл
қоғамның ұзақ сонар жылдар бойы жалғасын тауып
келе жатқан дерті. Қоғамда әр тұлғаның көзқарасы
әр түрлі. Сондықтан да адам баласының бірін бірі
түсінбеуі, бірін бірі қабылдамауы қалыпты жағдай.
Тіршілік бар жерде бұл дерт те бірге жалғасып жүре
берері даусыз. Алайда, ақын жандүнесі
қоғамдағы
келеңсіздікке төзбейді. Сондықтан да мұңын өлең
жолдарында өрнекейді.
Тұлпар тұяғы кетілді
Алашқа тілеп Арлылық.
Ей, Шыңғыстаудың баласы,
Запыран құстым зар қылып,
Қазақтың қайран даласы –
Жаңғырықтардан мәңгіріп,
Есімнен кетті тандырып... [2, 109 б.]
Ақын Ғ.Жайлыбай қоғамның әр кезеңіндегі
осы дертті асқан шеберлік жырлай білген. Ақының
«Жаңғырық» өлеңі тіршілік туралы кең тынысты,
кемел толғау болып шыққан. Ой тереңдігі өлеңнен
өлеңге ауысып, оқырманды ойға жетелейді.
ХХ ғасырдың «70-80 жылдардағы қазақ лирикасы-
на тән бір жетістік: шығармада өмір құбылыстарының
бәрін тізбектей түсіндіріп,
баян етуден аулақ болу,
суреттің негізгілерін екшеп, қажет детальдарды
іріктей білу белең алғаны дер едік» [3. 43б.] деген
пікір Ғ.Жайлыбай өлеңдеріне берілген баға іспеттес.
Ақын өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман негізінен
күрескер қаһарман. Күрескер қаһармандардың
лирикалық өлеңдерде бар - жоғын кезінде сыншылар
ондағы азаматтық пафостың қаншалықты деңгейде
көрініс беретініне қарай іздейтін. Азаматтық пафос
поэзияның әлеуметтік сипатының өлшемі болып
келгені де ақиқат. Бірақ жас ақындар өлеңдерінде
өмірдің соқпақтарынан таяқ жеп, оны көрген адамның
сезімін егіле жырлау да кейде басым түсіп жататын.
Ақынның «Жетім құлын» өлеңі тіптен өмірдің ауыр,
тағдырдың тартысы, келер күннен үміт күте өмір сүру
қажеттігіне үндейтіндей.
Айдарынан жел еспей кекілдінің,
Еңку шалды еңіске екінді күн.
«Протонның» уынан енесі өлген –
Көлеңкеде жылайды жетім құлын.
Тамылжыса таң нұры кие көрген,
Бір біріне,
қос мұңлық, сүйенер ме ең?
Жетім құлын иесі –Жесір әйел
Өз өзіне қол жұмсап күйеуі өлген. [2, 83 б.]
Ақынның азаматтық позициясы айқын. Қоғамдағы
қайшылықтар, ауыр тағдыр ақын жанына батады. Жетім
құлын, жесір әйел қоғам көрінісі. Бүгінгі қоғамның
ащы шындығы. Жетім құлын мен жесір әйел тағдырын
сабақтастыра жырлауы, олардың басындағы қайғы
ақын жанын бей-жай қалдыра алмайды. Жесірліктен
жанын жабырқатқан жалғыздық сезімді үмітпен ал-
мастыра жырлайды. Келер күннен үміт үзбе. Сенің де
серігің табылар деп жаны жалғыздық күйін шерткен
оқырманына рух береді. Көңіл көкжиегіне сенімділік
ұялатады, қиялына қанат бітіріп, алдағы күнге де-
ген үміт отын жағады. Өмірдің дауылды боранынан
ықпай, алға қарай қадам басқан сайын мақсатыңа бір
қадам жақындайсың. Ақын айтпақ болған ойы осы.
Жалпы, өмірмен күрес, өмірдің белестеріне
көтерілуге талпыну, мұндай көріністер ақын жыр-
ларында өте мол. Ақынның ой айтудағы, сұлу сөзді
сомдаудағы шеберлігі өлең жолдарында әдемі үйлесім
тапқын. Е. Ашықбаев: «Саналы
ақынға бағынған
тәртіпті ұйқас пен сезім сілкінісінен туған жанды
орамдардың ара жігі бәрібір байқалып тұрады». [4].
Белгілі ғалым М. Базарбаев: «Адам баласының бүкіл
тарих бойына ілгері өсіп дамуы, қаншалықты тыным-
сыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса, көркем
бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баян-
дау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып,
118
жақсарып келе жатқан құбылыс» [5, 6 б.], – деп айтқан.
Ақын лирикасындағы жетім бала мен жесір әйел
тағдыры қоғамның әр кезеңдерінде кездесіп отыратын
тағдыр. Осы тағдырды Ғ.Жайлыбай суретті сөзбен
өрнектеуінде де асқан шеберлік танытқан.
Қайран ауыл!
Құшағын жайған Ана,
Аллдан нұр күтеді айдалада,
Жетім құлын жетіліп -тарлан ашып,
Арғымаққа білмеймін айналама? [2,14 б.]
Өлең соңындағы түйінді
шумақ та басқа ақындар
секілді болашақтан үлкен үміт күткен ақын жүрегінің
үнін естиміз. Халқымыздың «Орнында бар оңалар»,
«Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар» деген терең
мағыналы нақыл сөздерін ақын басты мақсат етіп
ұстанған секілді. «Ұлттық колорит – қайсы бір өнердің
болсын келбетін мүсіндеп, көркін ашар, оған шыты-
намас берік ұстын, ұзақ ғұмыр сыйлар қасиет. Ол по-
эзияда ақынның мінезі мен тілдік қорынан, жырламақ
обьектісін таңдап-талғауы мен көру ерекшелігінен
құрала келіп, айқын сипатқа ие болады. Туған
халқының атынан сөйлеуге толық қақысы бар тұлғалы
қаламгерді дүниеге әкелетін де, оның дара болмысын,
өзге әдебиеттегі өз тұрғыластары арасындағы орнын
сезіндіретін де осы» [6, 139 б.].
Құмшекердей еріген таңдайдағы,
Аштықтағы құйқаның балдай дәмі,
Таңғы нұрдың сәулесі шайқалғаны –
Тағдырымның жазуы маңдайдағы.
Ұлтым емес тұр бүгін құлқын бай боп,
Құлқын бай боп,
Содан соң ұртың май боп.
Елегізіп елсізде елеңдедім –
Көшкен елдің көнерген жұртындай боп. [2. 30б.].
Ақын қоғамның ащы шындығын жырлайды. Бүгінгі
қоғамның көрінісі, болмысы. «Ұлтым емес, тұр бүгін
құлқын бай боп, құлқын бай боп, содан соң ұртың май
боп». Заманына қарай бейімделе білетін пысық жан-
дар, әлбетте қай кезде болса да бар. «Сыртқы дүниенің
сырына үңілген дарын иесі көзімен көргендегісін не-
месе жанымен сезінгендегісін өзінің тілі, діні, әдет-
ғұрып, салт-санасы тұрғысынан ой талқысына салады,
яғни, шығармашылық ізденісте
ұлттық болмыстың ат-
салысуы табиғи құбылыс» [7, 39 б.]. Қоғам болмысы
ақын жырларында нанымды, ашық көрініс тапқан.
«Адам жаны – күй сандық. Поэзияның оған тіл
бітіретін сиқырлығы – адам бойындағы не асыл, ая-
улы, асқақ сезімдердің пернесін баса білетіндігінде
болса керек. Ол адамға, оның адам деген атына лайық
асқар талаптар қояды, сонысымен жүрек отын мазда-
тады, қанат бітіреді, жақсылыққа жетелейді» [8, 167
б.].
Шарасына шық тұнған бұла белдің,
Төскейіне төгілтіп шуақ өрдім.
Нұрға ғашық жанымды жетегіне ап,
Қырдан асып жүгірген Құлагер-күн.
Құлагер-күн барады асып белден,
Аққу ұшты арманға асық көлден.
Мен ақынмын, әуелден ақ дүниеге –
Жанындағы жайығы тасып келген. [2, 67 б.].
Қырдан асып жүгірген Құлагер-күн – ақынның өмірі.
Жастық шақтың алаулаған, албырт кезеңі ұшқан көңіл,
күш-қуаты кеудесіне сыймай, соққан жүрек, бәрін
ақын сәтті өрбітеді. Ақын «Мен ақынмын,
әуелден
ақ дүниеге – Жанындағы жайығы тасып келген» деп
қайраты мол кезеңдегі іс-әрекетін, жастық шағын
есіне алады. Өлең жолдарына «құлагер-күн» секілді
тіркестерін өте сәтті пайдаланған. Осы тіркестер
өмірдің ауыр кезеңдерінің көрінісін, бейнесін
көрсетеді. Бұл кезең кез келген адамның басынан
өтетін ауыртпалық. Ақын сол ауыртпалықты өлең жо-
лына арқау ете отырып, өмір бейнесін ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: