116
ұрпағы Асянь – Шад деген елбасы халықты үңгірден
шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс ет-
кен [3].
Зерттеуші Н.Келімбетов бұл турасында былай дейді:
«Енді «көк бөрі» аңыздарының шындығы қайсы
десеңіз, б.з. V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпа-
сы Сарыжазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың
оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың
439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің аты –
Түркіт екен. «Түркіт» - «дулыға» деген сөз – күшті,
ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заман-
да – ақ темір қорыта білген. Темірден қару – жарақ,
қажетті бұйымдар жасаған. «Көк бөрі» аңызы осындай
тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін [4].
Жан-жануарларға, хайуанаттарға тіл бітіру,
адамша әрекеттер жасағанын суреттеу ғалым С.
Қасқабасовтың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Жалпы, бөрі ұғымы түрік баласы үшін өзгеше киелі,
өзгеше әсерлі болуының осынау құдіретті қуаттың
қазақ әдебиетінде небір керемет келісті суреттері
барлығының дұрыстығына көз жеткізеді.
Қытай жылнамашылары Бей-ши және Суй-шилердің
айтуынша, түріктердің
арғы тегі батыс теңізінің
жағалауында өмір сүрген ғұн тайпасының Ашин атты
ақсүйек руынан шыққан-мыс. Бірде көрші рудың
адамдары бұларды бірін қалдырмай қырып кеткен.
Тек жалғыз ғана тоғыз жасар ұлдың қол-аяғын бірдей
кесіп, азаппен өлсін дегендей өзін көл жағасындағы
қалың қамыстың арасына тастап кетеді. Оны
қаншық қасқыр тауып алып, асырап, ақырында оның
балаларының анасы болады. Жаулардан қашып сол
бөрі Алтай тауының аяқ баспас үңгіріне жасырынып,
сол апанда он ұл табады. Ендігі бір қисында қаншық
қасқыр Тұрфанның теріскейіндегі Шығыс Тянь-Шянь
тауларына тығылған дейді. Сөйтіп, оның ұлдарының
бәрі Тұрфанның қыздарын таңдаған. Ал Ашинның
немересі сол тайпаның көсемі болған. Ашина деген
сөз «мейірімді бөрі» дегенді білдіреді. Өздерінің арғы
анасы Ашинаға көрсетілген құрмет-парыз ретінде
олар өз руының туына бөрінің басын бейнелеген [5].
Қазақ фольклорындағы
қасқыр бейнесіне қатысты
деректерді жинақтай отырып, оның мифте, ертегіде,
эпостық жырлар мен жоқтауларда, мақал-мәтелдер мен
жұмбақтарда түрлі қырынан танылатындығын анық
байқадық. Халқымыздың мифтерінің барлығында
дерлік бөрі – ілкі ата, жорықтардың сәттілігін
реттеуші, көктен келген көмекші ретінде беріледі.
Мифологиялық сарындағы
ертегілердің де негізігі
арқауы – бөрінің адамдарға тылсым сиқыр әлемімен
байланысы төңірегінде өрбиді.
Жер шарының басқа аймақтарында да, мысалы Кам-
чаткада да кейбір аңыздарда әйелдің бөрімен байла-
нысы туралы айтылады. Аңызға қарағанда олардан
дүниеге егіз бала келеді. Қазіргі арал тұрғындарының
арғы тегі солардан тараған дейді. Көктем шыға Кам-
чаткада олардың құрметіне үлкен мереке болады. Са-
баннан бөрінің мүсінін жасап, оны айнала ән салып,
би билейді. Содан соң араларындағы ең сұлу қызды
таңдап алып, шартты түрде оны «бөріге» күйеуге бер-
ген тойын қызықтайды [6].
«Оғызнама» эпосында Оғыз қаған жорыққа шығар
алдында өзінің тайпаластарына мынадай жалынды
сөздерін арнайды: «Мен сіздердің қағандарың бол-
дым. Қолдарыңа қалқан мен садақ алыңдар, ол сіздерге
«игілік» таңбасы болсын, «Көк бөрі» ұранымыз бол-
сын!» [7].
Қорыта
айтқанда, түркі мифологиясы халықтың
рухани әлемін танытып, жалпы адамзаттық
дүниетанымның кең шеңбердегі ауқымының көрінісі
ретінде ұрпақ санасына орнығып отырды. Фольклорды
халықтың рухы деп танысақ, мифология – сол халық
рухының тынысы. Фольклорлық жанрлардың барлығы
дерлік мифтік ұғым-түсінікті өз бойына сіңіріп,
тұтастай халықтық танымға негізделді. Бастапқы
кезде таза түсінік күйінде болған мифтер уақыт өте
келе
фольклорлық шығармаларға кіріп, танымдық,
идеялық-көркемдік мақсатқа қызмет етті.
Достарыңызбен бөлісу: