Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет5/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

 



А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институтының директоры, филология
ғылымдарының докторы, профессор 
М.Малбақов 
ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА ТАҒДЫРЫ
1
 
 
Тамыры терең тектілік 
Қ.Жұбановтың әкесі Қуан Жұбанұлы Кіші жүз ішіндегі Әлім 
тайпасының Бұжыр аталығынан өрбіген Шекті деген белгілі рудан тарайды. 
Оның өз жұрты «Назар» деп аталады. Туып өскен жері – Мұғалжар тауы, 
Жем-Темір өзендерінің бойы, Ақтөбе өңірі. Дүниеге келген мезгілі 1873 не 
1874 жыл болуы керек.
Қазақтың тарихын таразылай қарасақ, қай кезеңде де көсіліп жатқан 
шұрайлы далаға көз алартушылар аз болмаған деуге болады. Әсіресе, 
Қазақстанның Батыс аймағында жаугершілік көп болған. Сондықтан 
қазақтың ат жалын тартып мінген ұл баласы шетінен қолына қару алып, елін 
қорғауға дайын тұрғандығы ақиқат. Ел арасына тарап кеткен «Шекті шетінен 
батыр» деген сөз – осының айғағы. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл 
сұламаны» қазақ қалай ұмытсын?! Қалмағың, шүршітің, түрікпенің, 
башқұртың, орысың, ноғайың – бәрі де – ол заманда жерімізге көз алартқан 
«ері етігімен су кешіп, аты ауыздықпен су ішкен» заманда Шектілердің 
шетінен батыр болмасқа амалы бар ма? Қуан да сол батыр – Шектінің бір 
ұрпағы.
Әріректен бастасақ ... Әуезден Жәнібек атты жалғыз ұл туады. Жәнібек 
біреу болса да, бірегей болыпты. Сөзге шешен, зерделі, елін аузына қарата 
білген. Халық оны бірде – би, енді бірде – батыр деп атайды екен. Ол да тегін 
емес. Өйткені Жәнібектің бәйбішесінен Атан, Тайлақ, Қожа, Қойлақ, 
Шалабай деген бес ұл туса, Мыңқой атты екінші әйелінен де бес ұл туады. 
Олар өз руының атына шешесі Мыңқойдың атын қосып атап, «Мыңқой 
Әуез» дейтін ел болып таралады. Осындай көп ауылдың қожасы болған 
Жәнібек билік те жүргізген, жалпақ елді өз уысында да ұстай білген 
саясаткер әрі көреген қолбасшы болған. 
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр қаза болғаннан кейін, орнына баласы 
Нұралыны хан сайлатпақ болып Бопай ханым ордаға әр елдің басшыларын 
жинағанда, сол жиынға Жәнібек те барған екен дейді елдің көнекөздері. 
Халықтың қолдауы қажет болғанда, елін соңына ерте алатын Жәнібектей 
адамды ханымның шақырғаны рас та болар. Жәнібектің ұлы Тайлақ та 
батырлығымен есімі ел аузында қалған адам. Ол талай жаумен айқасып 
жүріп, түрікпендермен болған бір қақтығыста қаза болады. Сол ұрыста ол 
1
Қ.Жұбановтың өмірі мен қызметіне қатысты алғашқы жұбановтанушы, академик Р.Сыздықтың «Ғалым-
азамат» (2004) және К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың «Құдайберген Жұбанов» атты (2000) еңбектері 
пайдаланылды. 



күшіне қоса, айласын да қолданып, аз әскермен көп қолды жеңген екен дейді 
айтушылар. Ұрыс теңіз жағасына жуық Мұғалжардың етегі жазыққа 
айналған жерде болса керек. Қасында шамалы ғана жігіті бар Тайлақ қаша 
ұрысып, жауды судың жиегіне әкеледі. Осы кезде тығылып тұрған қолға 
кездесіп, жау жеңіледі. Амал не, есіл ер елге оралмайды. Сол жазыққа 
жерленіпті. Тайлақтың артында Батырбай, Ерубай, Қондыбай деген үш ұл 
қалады. Батырбай жасынан әкесіндей батыр болуды армандайды. 
Найзаласып, қылыштасып үйренеді. Ат үстінен түспейді, қасына қайратты 
жігіт-желең жинайды. Есет, Дәрібайлармен де бірге талай жорыққа 
қатынасады.
Батырбайдың ақсауыты, құрал-сайманы Жұбанның кіші баласының 
үйінде кеңес заманына дейін сақталып келген екен. Тек, 1929 жылы түн 
ішінде Ақжардың суы көтеріліп кетіп, ауыл адамдары бала-шағасын аман 
алып шығады да, көптен бері ақ сандықта жатқан сауыт-саймандар қалып 
қояды. Ақжар суы оны қай жағаға ағызып апарғанын кім білсін?! Бұл деректі 
Тәпеннің бәйбішесі Балбөпе әжей айтыпты...
Батырбайдың заманы патшалық Ресейдің қазақ даласын жаулап алуға 
шындап кірісе бастаған кезі болатын. Және көршілес башқұрттар мен Еділ 
бойының қалмақтарын да үнемі қазақ еліне айтақтап отырған-ды. Ақ патша 
сол саясаты нәтижесінде қазақ жерін өзіне қаратып, Жем мен Елек бойына әр 
жерден бекіністер тұрғыза бастаған. Батырбайға ерген қайратты ел 
азаматтары үнемі аттан түспей, жортуда күн кешіпті. Қора-қора қой, үйір-
үйір жылқы мен сиырларды ауылдан алыс, сай-салада жасырып бағады екен. 
Ауыл сыртына күзет қояды, қыр басынан қарауыл қарайды... 
Зеңбірекпен келген патша жендеттеріне найзамен, қылышпен 
жарақтанған қазақ қолдары қашанғы төтеп берсін?! Нәтижесінде патша 
әскерлері жеңіп тынады. Ресейдің, Украинаның аш-жалаңаш шаруаларын 
отаршылар жалаң аяқ айдап, қазақ жеріне толтырып жібереді. Босып келіп, 
атақоныстың 
шұрайлы 
жерлеріне 
қоныстанушыларды 
қазақтар 
«қарашекпен» деп атапты. Осының барлығы, бір жағынан, қазақ елінің 
шырқын бұзса, екінші жағынан, тың көрініс әкеледі. Қазақ даласында 
бекіністер көбейеді, теміржол салынады. Елдің жайлауы мен қыстауы 
шектеледі. Дәл осы кезде өмір сүрген Батырбай баласы Жұбан өзінше 
шешімге келеді. Жұбан жасында мұсылманша оқыған, аздап орыс тілін де 
үйреніп, орысша өз бетімен сауаттанған екен. Ол «Шұрайлы жеріміз бен 
суымыздан айырылып қалмау үшін біз де бір жерге тұрақтайық, үй салайық, 
егін егейік», – дейді. «Қаракөл» деген жерге поселке салған орыстармен 
танысып, Терентий атты жігітпен достасып, «тамыр» болады. Жұбанның 
заманында жергілікті қазақ ауылдары мен орыс переселендерінің арасында 
жерге, суға таласқан ұсақ-түйек қақтығыстар болып тұрған, бірақ олар сол 
жергілікті жердің көлемімен ғана шектелген. 
Жұбанның екі ұл баласы болады. Үлкені – Қуан, кішісі – Тәңірберген (ел 
арасында Тәпен атанып кеткен). Жұбанның бұл екі ұлы да – мұсылманша да, 
орысша да сауатын ашқан адамдар. Тәпен Темір-Орқаш өңірінде 1918 жылға 


10 
дейін болыс болған. Ол 1919 жылдың жазында қайтыс болады. Тәпеннен 
Нұрша (Нұрадин) атты жалғыз ұл, Батима, Рақима атты екі қыз туады. Қуан 
ел ағасы, ақылгөй адам болған. Қуаннан Құдайберген, Ахмет және 
Мұхаммеди атты үш ұл, Аққат, Дәмет, Ақиба атты үш қыз туады.
Ал қазіргі Мұғаджар ауданының Ақжар атты өлкесінде орта шаруа Қуан 
Жұбанұлының шаңырағында 1899 жылдың желтоқсаны ішінде дүниеге 
келген Құдайберген кейін келе, бүкіл қазақ халқының даңқты перзенттерінің 
біріне айналып, аты алашқа таралды. Ел ішінде оның замандастарының, 
үлкен-кіші ауылдастарының аңыз боп есінде қалған бір ерекшелігі бала 
жасынан білімге құштарлығы болған. Жасы 90-нан асып дүние салған туған 
анасы Бибішынар Тағыбергенқызының және басқа да ауыл ақсақалдарының 
естелігі бойынша, дарынды Құдайберген есейе бастағаннан-ақ жазу-сызуға 
ұмтылған. Бұның үлкен қоғамдық-әлеуметтік сыры да болатын. Өйткені ХІХ-
ХХ ғасырдың өларасында дүниеге келген жас заман дүмпуін ерте сезінген. 
Ол өзіне дейінгі қазақ қоғамының идеалы болған бозбалалық, сауықшылдық, 
әнші-күйшілік, серілік салттарды қызықтамай, жаңа ХХ ғасырдың аяқ 
алысына ілесіп, өнер-білім қуған. Бұған жаңа заманның беталысынан мол 
хабары бар әкесі мен ағалары да себепші болғанға ұқсайды. Өйткені ол 
кезеңнің өнерлі, іскер адамдары орыс-ноғай қалаларын аралап, кейбіреулері 
шетелдерге шығып, өнер-білім іздеп, кәсіпкерлікпен айналысуды дәстүрге 
енгізе бастаған. 
Қ.Жұбановтың туған інісі, белгілі композитор академик Ахмет Жұбанов 
өз естеліктерінде Жұбан балалары Қуан, Тәңірбергеннің 
үлкен үй, кіші үй
болып отырған екі шаңырағы сол екі ғасырдың арасындағы өтпелі кезеңде өз 
балаларын тек мұсылманша емес, жәдит үлгісіндегі жаңа білімді игеруді, 
сонымен бірге орыс-татар тілдерінде шығып тұратын баспасөз хабарларын 
оқып-біліп отыруды күнделікті өмір салтына айналдырғанын айтады. 
Сондықтан Жұбан ауылының жастары сол маңайдағы өңге аймақтардан гөрі 
оқу-білімге ықыласты болғанға ұқсайды. Қуан шаңырағында 14 бала 
болыпты. Байтақ қазақ сахарасында туып, өсіп-өнген өз замандастарының 
басындағы жағдай жас бала Құдайбергеннің де басында болғаны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет