Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата27.04.2022
өлшемі1,18 Mb.
#140967
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
2021-Силлабус-Руханият(все)-каз

 
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Жыр, жырау, толғау деген сӛздердің мағыналық байланысы мен ерекшеліктері.
2.
Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық толғамдар. 
3.
«Кӛшпенділер философы» Асан қайғының толғаулары. 
Дәріс тезисі 
Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, 
рухани-әлеуметтік маңызы орасан зор, тарихи-мәдени құбылыс. Жыраулар поэзиясының 
ӛзімен дәуірлес ӛзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бӛлек арна түзе, ӛзіне ғана тән 
мазмұнмен және ӛзіне ғана тән пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ 
топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууы. Жыраулар 
поэзиясының кемелдене ӛркендеу дәуірі ХV-ХVIII ғасырларға тән болғанымен, оның 
алғашқы бастаулары ХV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны және жаңа тұрпатты поэзияның 
ізашар ӛкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы 
жыраулар болғандығы. Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында ерлік 
тақырыбының басымдық алып, ӛз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру 
жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау мәселесі.
Халық жырауларды қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел 
шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау 
жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен 
тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар 
аралығын қамтиды. Академик М.Әуезов: «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді 
М.Әуезов, – ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын 
ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сӛйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні 
шатасқан сӛздерді ғана сӛйлейді, ӛзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не 
айтарын болжайды: сӛзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сӛйленеді. Айтпақ жайларын 
ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар 
поэзиясының идеялық-кӛркемдік мәні терең ашылған. 
Бекіту сұрақтары 
1.
Жыраулар поэзиясында шешендікпен айтылған ой-толғамдардың басты түйіні неде? 


2.
Жыраулар поэзиясының жанрлық ерекшеліктері: авторлық және фольклорлық дәстүр 
дегенді қалай түсінесіздер? 
3.
Жыр мен толғау, жыршы мен жырау сӛздерінің мағыналық ерекшеліктері қандай? 
Әдебиет
1.
Сүйіншалиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». – Алматы: Санат, 1997 – 233 б. 
2.
Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991 – 429 б. 
3.
Бердібай Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы. 1977 – 320 б. 
4.
https://melimde.com/eoj-894-342-950-574-aza-handi-deuir-edebietini-zerttelui.html
 
 
Тақырыбы
:
 
ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият. 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, кӛркемдік негіздері. 
2.
Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық 
нысанасы.
3.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына ӛзек болған 
мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік ӛркениет жаңалықтары.
Дәріс тезисі 
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен 
елдің тәуелсіздігі жолындағы ӛзекті арқауы болғандығы. Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің 
ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-кӛркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі 
жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан саралануы. ХІХ ғасырдағы үлкен-
үлкен құбылысты оқиғалар мен күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстардың қазақ 
әдебиетінен кӛрініс табуы. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол 
кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі. ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланыс.
Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің ӛзара үндестігі мен кӛркемдік-эстетикалық 
бағыттарының аражігі. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Махамбет 
Ӛтемісұлы поэзиясындағы қаһармандық рух. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып 
ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне кӛтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан 
Уәлиханов, Абай Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық 
қызметі. Отаршылдық қысымның сӛз ӛнеріндегі кӛрінісі. Зар заман ақындары 
шығармашалығындағы басты идея мен әлеуметтік шындық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет