Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата27.04.2022
өлшемі1,18 Mb.
#140967
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Байланысты:
2021-Силлабус-Руханият(все)-каз

Қазақ әдебиеті кафедрасы 
Тақырыбы
:
 
Фольклордың халықтық тағылымы 
Сағат саны
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Фольклордың
 
танымдық, эстетикалық және утилитарлық (қолданбалы) қызметі. 
2.
Қазақ фольклорының поэтикасы мен тарихилық сипаты. 
Дәріс тезисі
Халық ӛмірінің барлық саласын қамтыған фольклорлық шығармалардың ӛмірлік, 
философиялық мәні. Ӛмір заңдарына терең бойлаудан, салыстырудан, адамзат қауымының 
сан қилы белестерінің шындығынан жасалған ауыз әдебиеті мұрасының танымдық белгілері. 
Фольклордық жанрлардың қызметі мен қоғамдық мәні, халықтық сипаты. Жанрлық түрлері, 
кӛркемдік ерекшеліктері, эстетикалық, тәрбиелік маңызы. Әдет-ғұрып, салт-сананың 
фольклорлық жанрлар сюжетінен алатын орны. Отаншылдықты дәріптейтін мұра — эпостық 
жырлардың жасампаз қаһармандары. Елін, жерін сырт жаулардан қорғаған батырлар туралы 
жыр-дастандардағы халық мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға 
деген халықтың сүйіспеншілігі. Қазақ халқының эпикалық мұрасы – ешқашан ескірмейтін, 
еліміз бастан кешірген замандар ақиқатын ӛзгеше кӛркемдік тәсілмен жеткізген асыл 
қазына. Ол мұра бүгінгі және келешек қауымға отаншылдықтың, ерліктің, намыстықтың 
аманат сӛзін ұқтыратын асыл жәдігер.
Бекіту сұрақтары: 
1.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым қалай аталады? 
2.
Фольклордың утилитарлық (қолданбалы) қызметі дегенді қалай түсінесіздер? 
3.
Халық әдебиетінің кӛп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі деген ұғымға анықтама 
беріңіздер. 
Әдебиет
1.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезеңі. 1-том., «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасының кітап сериялары. Алматы, 2017. 
2.
Қазақ халық әдебиеті: екі томдық хрестоматия. І том. Ӛңд., толықт.екінші бас. 
Құрастырған С.Садырбайұлы. Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 275 б. 
3.
Қазақ халық әдебиеті: екі томдық хрестоматия. ІІ том. Ӛңд., толықт.екінші бас. Ред. басқ. 
Ғ.М.Мұтанов. Алматы: «Қаз.унив.», 2015. – 276 б. 
4.
Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. Астана, 2002.
5.
Уахатов Б. Қазақтың халық ӛлеңдері. Алматы, 2014. – 288 б. 
6.
Т.Тебегенов. Халық аңыздары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – 
Алматы, 2001. – 332б. 
 
Тақырыбы
:
 
Күлтегін, Тоныкӛк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр. 
2.
Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. 
Дәріс тезисі 
Орхон-Енисей жазбаларының идеялық желісі. Евразияның ұлы кеңістігін жайлаған 
түркі халықтарының рухани бірлігі, тұтастығы, тіл мәртебесі, діни нанымының 
Күлтегін, Тоныкӛк, Білге қаған жазбаларынан кӛрініс табуы. Руникалық мұрадағы ел 
бірлігінен ажырамау, мемлекет ішіндегі алауыздыққа, ӛзара тартыс пен бақталастыққа жол 
бермеу мәселесі. Орхон ескерткіштері және эпикалық дәстүр. Түркі қағанаты шежіресінің 


бүгінгі күндегі ӛзектілігі. Түркі халықтарының VII-VIII ғасырлардағы мәдени мұраларының 
қатарында есептелетін Орхон-Енисей жазбалары Енисей ӛзені мен Моңғолия астанасы 
маңындағы Орхон ӛзенінің бойынан табылғанын, ол тасқа қашап жазылған әйгілі Тоныкӛк, 
Күлтегін, Білге қаған жырлары екенін қазіргі күні кӛзі қарақты жандардың барлығы біледі. 
Сондай-ақ, басы барды идіріп, тізеліні бүктірген түркі халқының далалық империя құрып
ӛркениет жасағаны тарихтан мәлім. Бұл күнде Орхон-Енисей жазбаларымен қосып 
есептегенде түркі жұртының сырлы тарихын 150-ден астам ескерткіштен оқуға болады екен 
және мұның бәрі түркі жазуы деп есептеледі. Бүгінгі түркі мемлекеттері сақтар мен 
ғұндардың, Түрік қағанатының заңды жалғасы еді. Алтын сарайларда тұрып, алтын тақта 
отырған, алтыннан киім киген, ӛлісін де алтыннан киіндіріп кӛмген, байтақ тарих жасаған, 
ӛнеге қалдырған бабаларымыз ешқандай да озбырлар мен жабайылар болған жоқ. Бодан 
болған екі ғасыр ішінде тарихымыз табанға тапталды. Кеңес дәуіріндегі біздің тарихымыз 
саясаттың құрбанына айналды. Соның салдарынан ел жадынан айырыла жаздады. 
Түркітектес халықтардың бағы тәуелсіздік дәуірімен бірге жанданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет