3.
Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері.
Дәріс тезисі
Абай Құнанбаев – ұлы реформатор ақын, қазақ әдебиетінің классигі. Абай Құнанбаев
қазақ әдебиетіндегі, жалпы қазақ руханиятындағы болмысы бӛлек дара тұлға. Ол ӛз
шығармашылығы арқылы ӛзіндік танымын, адамгершілік
ілімін жасаған ойшыл, ӛлеңдері
мен қарасӛздерінде оқырманына «адам бол» деп қана қоймай, сол адам болудың,
адамгершіліктің қалыбын, ілімін жасаған ойшыл ақын. Толық адам, жәуәнмәртлік, иманигүл
танымдарын жарыққа шығарған Абай танымы. Қайырымдылық сӛзін
араб ұғымынан
қазақшаласақ, жақсылық дегенді білдіреді. Арғы тегіміз түркілер қайырымдылықты
жәуәнмәртлік деп атаған. Қайырымдылықтың ең үлкені, бастауы мен негізі – жомарттық,
мырзалық. Адамгершілік ілімін
еуропалықтар этика деп атаса, түркілердегі кісілік қалыбы
жәуәнмәртлік делінген. Осы жәуәнмәртлік атауы Абайдың 38-сӛзінде ұшырасады, ал ол
ұғымды ғылыми айналымға енгізген – абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Абай мектебі,
Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын
арқауы. Абай шығармашалығы
арқылы қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн
мен халықтық мұрат жағынан жедел ӛсіп ӛркендеуі. Абайдың кӛркемдік,
әлеуметтік
гуманистік және дінге кӛзқарастары терең білінген еңбегі - қара сӛздері. Абайдың қара
сӛздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сӛз ӛнеріндегі кӛркемдік қуатын, философиядағы даналық
дүниетанымын даралап кӛрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.
Жалпы саны қырық бес бӛлек шығармадан тұратын Абайдың қара сӛздері
тақырыбы
жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
Бекіту сұрақтары:
1.
«Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
2.
«Абайды – классик ақын» деп тұңғыш рет баға берген зерттеуші-ғалым кім?
3.
Абайдың қара сӛздерді жазудағы мақсаты не және бұл жолға қалай келді?
4.
Абайдың дінге кӛзқарасы туралы ӛз пікіріңіз қандай?
5.
Абай түрік, шығыс ойшылдарынан кімдерді білді?
Әдебиет
1.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 5-том. Он томдық.
Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2006. 438 б.
3.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы. 1960
4.
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы, 2000
5.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы, 1967
6.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1997
Тақырыбы
:
Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі
Достарыңызбен бөлісу: