ақын-жазушыларының, зиялы қауым ӛкілдерінің елдік құрылымды,
мемлекеттік
тәуелсіздікті, елдік әдебиетті кӛксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық
саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық
азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласуы.
ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр
басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ
зиялыларының басты кӛзқарасына айналуы. Ұлттық ояну ұраны. Алаш ұранды әдебиеттің
кӛркемдік-эстетикалық жүйесі. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби
даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы.
Қазақ тіл білімі мен әдебиеті теорясының
негізін қалаушы ғалым, ұлттың «рухани
кӛсемі» атанған Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын зертеудің маңызы.
Ә.Бӛкейханов – ұлтымыздың ӛткен-кеткенін терең білімпаздықпен саралап барып, ӛз
заманына, әсіресе ХХ ғасырдың басындағы ұлт тағдырына ерекше алаңдаушылық білдірген
тарихи тұлға
Бекіту сұрақтары:
1.
А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ графикасы қай жылы қабылдады?
2.
Ә.Бӛкейхановтың сыншылдық кӛзқарасын танытатын антикеңестік үндеулер қандай
еді?
3.
Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған ең танымал ақын кім?
Әдебиет
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Ұлттық рухтың ұлы тіні / - Ғылыми мақалалар
жинағы. Алматы: Ана тілі; 1992 –448 б.
2.
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы. 1992
3.
Сеңкібаев С. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында. – А. 1997.
4.
http://lib.tarsu.kz/rus/all.doc/Elektron_res/PPS/Ybyraiym_hazah_jazui.pdf
Тақырыбы
:
Қ.Жұбановтың қоғамдық-ағартушылық қызметі мен ғибратты ғұмыры.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Қ.Жұбановтың ӛмірі мен қызметі.
2.
Профессор Қ.Жұбанов – сан қырлы талант иесі.
3.
Жұбановтану мұрасының зерттелуі мен зерделенуі.
4.
Жұбановтар әулеті.
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов қазақ ӛркениетінде
Абай Құнанбаев, Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы
тұлғалардың есімдерінің сақталуына да күш салуы. 1930-жылдары таптық әдебиет
тұрғысынан Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасына үстем тап ӛкілінің шығармашылығы
ретінде қараған кейбір теріс ықпалды кӛзқарас туған уақытта
алғашқылардың бірі болып,
«Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеуін жазды, сӛйтіп, классик ақынның қазақ
әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы орнын тұғырлы түрде танытып берді. Қожа Ахмет
Яссауи сопылық
идеясының жоғары рухтық, патриоттық негізін «95-толғау туралы»
еңбегінде жан-жақты талдап кӛрсетті.
Европалық мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, ғалымдарының зерттеулерін де
талдап отырады. Қ.Жұбанов – халықтың білімін кӛтеріп, сауаттандырумен байланысты
жүзеге асырылатын жаңа алфавитке (латындандыру) кӛшуге қатысты Бүкілодақтық
орталық
комитеттің белсенді мүшесі болды. Әсіресе, тап осы тұста да Қ.Жұбановтың еңбегі ӛте
ерекше болды. Ол қазақ алфавитін латынға кӛшіру жобасына байланысты кӛптеген ғылыми
бағдарламаларды дайындайды, латындандыруға қатысты бұрын ұсынылған нұсқаларға
нақты сын-ескертелер береді және бұл жобада мақсатқа жету жолындағы ұсыныстарын
енгізді.
Осы орайда айта кету керек, бүгінгі таңда алға қойылып отырған қазақ елін
латындандыруға кӛшіруде оның идеялары әлі де құнды болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: